Ақын - жырау

Ақтан Керейұлы(1850-1912) 1850 жылы  Ақтөбе өңіріндегі   Байғанин ауданы Сағыз өзенінің бойында дүниеге келді. Ақын, жыршы. Қазақтың Абыл, Махамбет, Шернияз, Нұрым, Марабай ақындарды  өнеге тұтқан.
 Жем мен Сағыз, Ойыл  мен Жайық  бойындағы жұртқа атақ-даңқы кезінде кең жайылған Ақтан Керейұлы әрі арынды ақын, әрі ағынды  жыршы болған. Айтқыштығымен аты шығып, халық арасында белгілі «бес жорға» атанған саңлақтардың бірі. толығырақ...     

       
              
    Нұрпейіс Байғанин   (1860, Орал, губерниясы, Темір ауданы – 9.04.1945) Халық ақыны, жырау. 1939 – жылдан Қазақ КСР Жазушылар Одағының мүшесі, еңбек сіңірген өнер қайраткері. Кедей отбасынан шыққан, әкесі Байғана жалшы болған. Байғанин Н. бала шағында анасынан домбыра, ән өнерін үйренген, жастайынан батырлар жырларын, эпикалық шығармаларды жаттап өскен. Орал, Атырау, Темір өңіріндегі ақындармен айтысқа түскен, олардан тәлім алған. 1938 жылы мамыр айында Жамбылдың шығармашылық тойына, Алматыға шақырылды, 1939 жылы Қазақстан жазушыларының 1 – съезіне қатысты.  толығырақ... 


  Закария Сағындықұлы (1890 – 1930) ХХ  ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген қазақ ақыны, жыршы әрі жырау. Адайдың Құдайкесінің Қосайынан тарайтын Тіней руынан. Қазіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданы территориясында дүниеге келген. Шаруа жағдайын жақсы білетін, іскер, замана ағымын түсінетін адам болған. Ол ауылдастарын отырықшылыққа уағыздап, аласапыран заманда Қоғалыкөл, Сулыкөл, Наршөккен атты шұрайлы мекендерді игеруге мүмкіндік жасайды. Алайда ел қамын ойлаған азамат бір арызқойдың көрсетуімен жалаға ұшырап, қамауға алынады, сөйтіп Закария Жұбанұлы 1930 жылы Көкжар (Ойыл) түрмесінде дүниеден озады. толығырақ...  

 Ыбырайым Ахуан Құлбайұлы(1886 – 1982) – ишан, ахун, мұсылман дінін ұстаған ғұлама, ұстаз. Туған жері Жыңғылтоғай, Атырау облысының Жылой ауданы мен Ақтөбе облысы Байғанин ауданының шектескен жері. Әкесінен төрт жасында жетім қалып, анасы Күней ханымның тәрбиесінде болды. 1893 жылы Байқұл қажы мешітінде оқыды, кейін Хиуа, Бұхара медреселерінде білім алды. Ыбырайым ахун діни сауаттылығымен ел арасында белгілі болды, 25 жасында ахун атағын алды. Ыбырайым ахун 1936 жылға дейін Байғанин ауданының қазіргі Жыңғылдытоғай (бұрынғы Қызыләскер) ауылында тұрып, қудаланудан қашып Түркменстан, Өзбекстан жерін мекендеді. озады.толығырақ...  


 Қалнияз Шопықұлы(1816 – 1902) – ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ жырауы. Маңғыстаудағы Сам құмы аймағында дүниеге келген. Қалнияз өз дәуіріндегі Хиуа хандары басқыншылығына қарсы күрескен Балуанияз бен Қармыс, Төлеп пен Амантұрлы, Қожалақ, Қарақұл, Сүгір мен Тұрмамбет, Балта мен Дәуіт сияқты батырлар бастаған жорықтардың көбіне қатысып, жауынгерлерді өлең, толғауларымен ерлікке үндеген. Патша үкіметінің 1868 жылғы «Уақытша ережесіне» наразылық білдірген Маңғыстау қазақтарының бірқатар ауылдарымен бірге Хорезм асып, одан әрі Тәжік жеріне өтеді, одан көшіп Ауғанстанның Төрібағлан деген жеріне тоқтайды. толығырақ...


Қашаған Күржіманұлы (1841, Ташауз, Түркменстан, - 1929, Маңғыстау) – қазақтың көрнекті суырып салма ақыны.әкесі Күржіманнан жастай жетім қалып, 15 – 16 жасында ағасы Сәрсенбай үйімен бірге Каспий теңізінің бойындағы Қараөзекке  келеді. Жасынан ноғай жырларын «Қырымның қырық батыры» жаттап жырлап өскен ,16 жасында  ақын атанады.  Ол бұрынғы өнерпаздардың дәстүрімен біраз елдерді аралайды. Маңғыстау, Хорезм аймағында Еділ, Жайық бойындағы елдерде, Жем, Сағыз өңірінде болып, Құрманғазы мен Нұрым, Ақтан мен Мұрат, Бала Ораз бен Қоспақ, Құлманбет пен Жаскілең, Қашқынбай мен Ізім шайыр, Өмір мен Ығылман сияқты өнер саңлақтарымен кездеседі. толығырақ...
                                            

  Ақбілек Айтжанова (1911 - 1992) Доңызтау өңірінде туып өскен, әйелдер арасынан шыққан ақын, сазгерлердің бірі. Ұлы Қазан революциясына дейінгі кезеңді көзімен көрген, көшпелі ауыл тұрмысын бастан кешірген, қазақтың ескілікті салт – дәстүрлерін жақсы білетін шежіреші, көрген – білгенін жүйелі түрде, майын тамыза баяндайтын көркем сөз шебері. Ақбілектің суырып салма ақындығы, әншілік өнері болды. Өзінің жүріп өткен өмір жолын, ондағы тарихи жәйттерді, қиыншылық кезеңді (колхоздастыру, байлардың мал – мүлкін тәркілеу, бай – молданы қудалау, аштық, соғыс) өлең жолдарымен өрнектеп, келістіре жырлайды.  толығырақ...


 Бүркітбай Жыршы Дүйсенұлы(1913 ж. Байғанин ауданы) – Адай руының Мұңал бөлімі, Шоғы тайпасынан. 1930 – жылдары ата жұрттан аласапыран кезеңнің әлегімен кеткен Бүркітбай жиырма жылдан астам Түркмен КСР – і, Ташауыз облысының Көне – Үргеніш қаласын мекен етіп, 1959 жылы Оңтүстік Қазақстандағы Жетісайға қоныс аударады. Кейінгі тұрағы Иіржар (қазіргі Өзбекстанның Гагарин қаласы). Жас кезінде Мұса жыраумен, 1946 жылы Сүгір жыраумен, Ұзақбай, Шамғұл сияқты өнерпаздармен кездеседі. Бозбала шағынан ән, жыр айтып, домбыра тартатын, жыр, толғауларды қызуқанды, әсерлі орындайтын Бүркітбай Сүгірден «Мұштарих» аталатын шежіре – жырын үйренеді. Ол Қашаған, Мұрат, Нұрым, Ақтан, Муса, Әбубәкір Кердері, Құдайберген сияқты ақын, жыраулар мұрасын елге таратады.  



Алдаберген Жырау Тасқынбайұлы Қазақ халық ауыз әдебиеті туындыларының білгірі, жыршы. Ақтөбе облысының Шалқар ауданында туған, Қарақалпақстанға қоныс аударды. Қазақ халқының көптеген эпикалық шығармаларын жатқа біледі, өзі де жанынан өлең шығаратын, суырып салма, төкпе ақын. Қазақстанда өткен ақындар айтысына бірнеше рет қатысты. «Асау - Барақ» жырын жырлап, оны күйтабаққа жаздырған да осы Алдаберген жырау. Өзі «Асау - Барақ» жырындағы Түгел батырдың бесінші буынындағы ұрпағы. (Әлім руының Баубек тайпасынан). «Асау - Барақ» жырын 1943 жылы белгілі Сапарбай жыраудан естіп, жаттап алған. 

 Қарасай Жыршы(1866 – 1924 Сағыз өңірі) – белгілі қазақ жыршысы. Ескі дәуірдегі Қазтуған, Доспанбет, Сыпыра жыраулардың тамаша туындыларын халыққа жеткізген, солардың салған дәстүрімен «Қырымның қырық батыры» дастанын отыз күн бойы жырлап, әрең тауысады екен. «Қарасай болмақ қайда бар» деген сөз содан қалған. Қарасай белгілі Қалықос қырғынында кездейсоқ тірі қалған, сол кезде ол 6 жаста екен. Қарасай жыршының өнер жолы туралы нақты деректер жинақталмаған. 

 Ұлқыш(1904, Сарықобда ауылы, Алға ауданы – 1925, Сағыз өңірі, қазіргі Байғанин ауданы) – қазақтың өнерлі қыздарының бірі, ақын, сазгер, әнші. Ата туысы Табын руының Кедейғұл бөлімінен. Жас шағында молдадан оқып, сауат ашады. Ән өнеріне, шығармашылыққа бейім болып, сұлулығымен, ақындығымен Кіші жүз өңіріне аты жайылады. Ел аралап жүргенде Ағыс қажының інісі  Қара Ұлпанды көріп, оның өнеріне қызығады да інісіне келіндікке айттырады, сөйтіп, 1922 жылы Ұлқыш ұзатылып келіп, Адайдың Шегем руының Меңдіғұл деп аталатын ауылына келін болып түседі. Ауыл ақсақалы Ағыс Қажы дәулетті де, инабатты адам болған. толығырақ...

Жанкелді Алпысбайұлы (1904 – 1986)    Доңызтау, Оймауыт өңірінде туып өскен ақын. Ұзақ  жылдар бойы шопан болған. Оқымаған адам болса да, көкірегі ояу,  өлеңді суырып салып айтатын өнерлі кісі болды. Өлеңдерінің бірқатары хатқа түскен, біразы ел аузында сақталған. Өзі туралы айтқан жыр жолдарына үңілгендер оның ертеректе айтысқа да түскендігін аңғарады. Елуінші жылдардың аяғында, алпысыншы жылдардың басында Доңызтау өңірі әскери ведомствоның қарамағына беріледі де, ондағы байырғы халық Оймауытқа еріксіз көшіріледі. Көшкен елдің кәрі-жасы, кіндік кескен жерімен қимай қоштасады. Осы бір жан толқытар жағдайға Жанкелді ақын да бей-жай қарай алмады. Оның «Доңызтау» атты жыры осы оқиғаны баяндайды. Бұл жырда Жанкелді ақын туған жерінің бедерін көз алдына келтіріп, бейнелейді.  толығырақ...

 Байсеңгір  Жырау Тарих беттерін парақтасақ, сайын сахара төрінде талай мәдени, әдеби мұраларымыздың дәріптелмей жатқанына көз жеткіземіз. Бағалы жәдігерлер мен қызыл тілге келгенде қамшы салдырмай саулаған талай сөз зергелерінің біразының аттары атаусыз қалып,шығармаарын шаң басуда.Уақыт көшін кері бұрар қандай әулие. Кешегімізге көз сала бастасақ кемшілікті кеңес үкіметіне артып, күрсінеміз. Ия, ол жылдарды еске алудың өзі қасірет. Дегенмен келмеске кеткен кер заман кезінде жіберген олқылықтарымыздың орынын толтырар уақыт жетті. толығырақ...