Жазушылар


 Айымбетов Мәди Айтбенбетұлы 14.11.1946 жылы туған, Қостанай облысының Аманкелді ауданы) – жазушы. Балалық, жасөспірім шағы Байғанин ауданының Жем – Сағыз өңірінде өтті. Комсомолдың 30 жылдығы атындағы (қазіргі №1 Қарауылкелді), Жарқамыс орта мектептерінде оқыды, «Алтай» кеңшарында жұмысшы болды.  жалғасы...
  

Елеусізова Жанна Дәулетжанқызы (1970 ж) Жарқамыс, Шалқар орта мектептерінде, Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде оқыды. Мамандығы журналист. Баспасөз саласында қызмет істеді. Елеусізова Ж.Д. – республикаға танымал ақындардың бірі, оның өлеңдері «Жалын» («Таң - Шолпан»), «Жұлдыз» журналдарында, «Қазақ әдебиеті», «Ақтөбе», «Алтын орда» газеттерінде жарияланды. Республикалық студенттер арасындағы жыр дүлдүлдері жарысында және Абайдың туғанына 150 жыл толуына арналған мүшәйрада жүлделі орындарға ие болды.



Елубаев Смағұл  (1947 жылы туған) – жазушы, 1921 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1975 жылы Мәскеудегі режиссерлер мен сценаристер дайындайтын жоғарғы курсты бітірген. Бірнеше прозалық шығармалардың авторы. С.Елубаевтың сценарий бойынша 1982 жылы "Қызыл отау" телефильмі, 1983 жылы "Ай астындағы үй", "Өтелмеген парыз" көркем фильмдері, 1985 жылы "Көлеңкесін қуған шал" видеотелефильмі түсірілді. Облыстық театрлардың сахнасында "Жаңа туған ай" пьесасы қойылды. жылғасы...
          
Ермекбаев Ибрагим Ермекбайұлы (16.10.1946, Ебейті   ауылы.  Байғанин ауданы) –  тарихшы,  педагог, партия, комсомол, шаруашылық   қызметкері, жазушы,  этнограф.
Гурьев педагогикалық институтын және Темір ауылшаруашылығы техникумын бітірген. 1967 – 68 жылдары Совет Армиясы қатарында болды.   жалғасы...
                                                
       

Жармағамбетов Тобық Мырзағұлұлы 1934 жылы Жарқамыс ауылында туған. Жазушы. 1957 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1957-59 жылдары  Жарқамыс орта мектебінде мұғалім, 1959-73 жылдары Байғанин аудандық «Жаңа өмір» газетіне жауапты хатшы, редактордың орынбасары, Ақтөбе телевидениесінде аға редактор, бас редактор болды, облыстық «Коммунизм жолы» газетінде, облыстық мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында қызмет атқарды. жалғасы...
                    
                          
Жақанов Бисен (30.05.1933 ж. Қаражар ауылы, Байғанин ауданы) –  педагог, білім беру ісінің шебері. Қаражар, Жарқамыс орта мектептерінде оқыған, Ақтөбе педагогика училищесін (1952), Орал педагогика институтын (1960) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. 1952 жылдан Жарқамыс, Жаңажол, Қаражар орта және орталау мектептерінде мұғалім, 1964 – 1977 жылдары Қаражар орталау мектебінде директор болып қызмет атқарды. жалғасы...
                           

Қажығали Мұхамбетқалиев 1942 жылы 8 желтоқсанда Байғанин ауданы, Қызылбұлақ  ауылында туған.  Қазақ жазушысы. 1965 жылы Қазақ 
Мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірді. Ақтөбе облыстық телевизия және радио комитетінде редактор, облыстық «Коммунизм жолы» газетінде  әдеби қызметкер болды.  жалғасы...
                        
Cұлтанов Ибадулла Сұлтанұлы (1940, Қызылбұлақ ауылдық кеңесі, Байғанин ауданы – 20.12.1993 ж. Байғанин) – жазушы, журналист. 1958 жылы Жарқамыс орта мектебін, 1976 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. Байғанин ауданының Абай атындағы кеңшарында механизатор, автомобиль жүргізушісі, спорт жұмыстарын ұйымдастырушы нұсқаушы, комсомол комитетінің хатшысы, шопан, Темір аудандық «Жаршы», Байғанин аудандық «Ленин туы» газеттерінде әдеби қызметкер, Қазақстан ЛКЖО Байғанин аудандық комитетінің нұсқаушысы болып істеді.   жалғасы..

                                  
Oтыншин Раукен Сағызбайұлы (1960 жыл, Ноғайты) – журналист, баспагер, мұғалім, публицист. Сағыз орта мектебін (1977), Гурьев педагогика институтын (1983) бітірген. Еңбек жолын Байғанин ауданындағы "Сағыз" совхозында "Жас ұлан - 77" комсомол жастардың қой өсірушілер бригадасында шопан болып бастады. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектебінде мұғалім, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып істеді. Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 1988 жылдан журналистер қатарында.  жалғасы..



Тәшенов Жұмабай (20.09.1925, Құтанкөл  ауылдық  кеңесі, Нөкіс  қаласы ҚҚАССР-1994 ж) - көрнекті қазақ жазушысы, драматург, киносценарист.
     Жұмабай  Тәшенов  1925  жылы  Ақтөбе  облысының  қазіргі  Байғанин  ауданы  аумағында  дүниеге  келгенімен,  сол  тұстағы  аласапырандар  салдарынан,  үш  жылдан  соң  әкесі  Қарақалпақстанға  қоныс  аударуға  мәжбүр  болған  да, кейін  құжатына  сол  жақта  дүниеге  келген  деп  жазылып  кеткен. Соғыс  басталғанда  өз  еркімен, сұранып  жүріп  17  жасында  майданға  аттанған. Жұмабай  Тәшеновтың  тұңғыш  өлеңдер  жинағы   19  жасында  1944  жылы  «Жеңімпаздар»  деген  атпен  шыққан. жалғасы..