Байғанин
дарабоздары»
блогына хош келдіңіз!
Байғанин - Ақтөбе облысы аймағындағы іргелі аудан. Еліміздің ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер салаларын дамытуда мақтан тұтарлық тұлғалардың қатарынан көрінген өңірдің дарабоздары көптеп саналады.
Олардың өнегелі өмірі, еңбегі, шығармашылықтары мен жетістіктерін танып, танымыңызды
кеңейту бағытындағы ақпараттық қызметте
Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі қоры негізде
жинақталған құжаттар мен басылымдарды ұсынады.
Армысыздар кітапхана
оқырмандары және қонақтар! Әріптестер!
Байғанин - Ақтөбе облысы аймағындағы іргелі аудан. Кітапханада өлке тарихына
және өңірдің танымал тұлғалары туралы толық мәтінді мәліметтер жинақталуда.
Бүгін кітапхананың кітап қоры негізінде дайындалған «Байғанин дарабоздары» өңіріміздің ғылым, мәдениет,әдебиет, өнер
саласының майталмандары туралы виртуалды
көрмені таныстыруға рұқсат етіңіздер!
Виртуалды кітап көрмесі
- бұл кітапхана қызметін пайдаланушыларға ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетудің жаңа түрі. Мақсаты
- интернет арқылы әртүрлі
құжаттарды жұртшылыққа таныстыру.
Аудандық кітапхана ақпараттық
технологияларды қолдана отырып, Baiganinkitap.blogspot.com
блогы «Байғанин дарабоздары» атты тақырыппен ашылып, осы тақырып аясында
өңіріміздің ғылым, мәдениет, әдебиет, өнер саласы майталмандары
туралы толық мағлұматтарды алуына
мүмкіндігі мол.
Көрменің тақырып аясындағы мақсаты – ғылым, әдебиет пен өнер, мәдениет саласының
майталмандары өнегелі мен еңбегі, шығармашылықтары мен жетістіктерін жас ұрпаққа таныту.
Виртуалды көрменің алғашқы
бөлімін «Жем-Сағыз өңірі –ғалым академиктер ұясы»деп атап, еліміздің өркендеуіне, білім мен ғылымның дамуына өз үлесін қосқан академик Сақтаған Бәйішев
бастаған ғалымдар туралы , олардың еңбектерінен қысқаша мәліметтер берілген.
Көрнекті экономист, тарихшы,
экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА академигі, КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткері, ғылыми және қоғамдық қызметте
300-ден астам зерделі зерттеулер мен 7 монографияның авторы, Қазақстанның әлеуметтік –экономикалық өркендеуіне зор
үлес қосқан жерлесіміз Сақтаған
Бәйішұлы Бәйішевтың кітап қоры негізінде бар әдебиеттерімен ұсынылған.
Қоғам қайраткері, ғалым
экономист,экономика ғылымдарының докторы Нұрдаулет Күзембаев “Размещение производительных сил и
народно-хозяйственные пропорции в Казахстане.(1974) 30- дан астам ғылыми-зерттеу мақалаларының авторы және өңіріміздің тарихындағы тұлға Барақ батыр туралы «Тағдыр. Жасыл тулы ер
Барақ» дәйекті мақала жазған.(«Ақтөбе»
газеті, 1992 ж,22 желтоқсан)
Ғалым, геолог, ҚР
Ұлттық Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті (1983), ҚР Минералды Ресустар
Академиясының академигі (1996),
геология-минерология ғылымдарының докторы Әбдірахман
Нұрлыбаев,
Әрі қарай
Педогог-ғалымдар көшін бастап тұрған , педогогика ғылымдарының
кандидаты, профессор, өңірімізден түлеп ұшқан таланттардың ұстазы Ниетжан
Берікұлы,
ғалым – педагог, физика-математика ғылымдарының
докторы,профессор, ҚР Ұлттық
жаратылыстану ғылымдары Академиясының
академигі, қазақ халқының тарихында
Әбілхайыр ханның оң қолы, өңірімізде
тәуелсіздік туын желбіреткен Табын
Бөкенбай батырға қатысты Ресей архивтерінен
құжаттар тауып, оның негізінде
жазылған алғашқы кітабын жарыққа шығарған К.К.Кенжебаев,
Ғалым, педагог, физика
–математика ғылымдарының докторы, профессор Тәжімұратов Ілияс,
Ғалым,
педагог, физика –математика ғылымдарының докторы, профессорНазарбай Былиев,
Ғалым, тарих ғылымдарының
кандидаты, педагог , Қазақстан,
облыс ,өлке, тарихына байланысты 15 монографиялар мен 200 ғылыми жинақтар мен мақалалар авторы Беркін Құрманбеков,
Ғалым,
философия ғылымдарының докторы Асаров Әзімбай, Ғалым,математик,физика-математика
ғылымдарының кандидаты, мектеп оқулықтарының авторы Қайдасов Жеткербай,
Ұстаз,әдіскер,
ғылыми қызметкер,білім беру ісінің үздігі Тайжанов Сүгірәлі
сынды
академик-ғалымдардың еңбектері енген.
Виртуалды көрменің екінші бөлімін «Мәдениеті,
өнері өрісті өңір» деп атадық .
Мәдениет мәнді, өнері өрісті өлкенің халқы
ежелгі замандардан қалыптасқан мәдениеті, өнері, өзіндік ерекшеліктерге
толы сән – салтанаты, салт – дәстүрлері болды, заман ағымына орай бұлар да
тоқтаусыз өсіп, өркендеп, жаңарып, жаңғырып отырды, мәдениет те, өнер де,
әдебиет те жылдар өте түр жағынан да, мазмұн жағынан да үлкен белестерге
көтерді.
Мәдениет пен өнер
саласындағы талантты тұлғаларды, ақын-сазгер, драматург, жазушы Бәкір
Тәжібаевтың шығармашылығын таныстырудан басталады,
Қазақ театры сахнасында “Ақан сері
–Ақтоқты”,“Қозы-Көрпеш – Баянсұлу”“Еңлік-Кебек”“Айман-Шолпан” “Жер-Ана” т.б.
драмалық шығармаларда басты ролдерді,180-астам образдарды сомдаған,
өңіріміздің талантты қызы, Қазақ
КСРО халық артисі,өнер қайраткеріАлтын Ружева туралы,
Ұстаз, сазгер, музыка маманы,
шебер күй орындаушы, өз
шығармашылығында 11 күйдің авторы
Жібек Ілиясова,
Күйші, домбырашы,
қазанғаптанушы, республикалық сайыстардың лауреаты, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Жайлау Асылханов,
Ақын, сазгер, ҚР мәдениет
саласының үздігі , бірнеше әндердің және ел, жер, өнер тарихына байланысты мақалалардың авторы Орал Байсеңгіровтың шығармашылығы
туралы қысқаша деректер берілген.
Халықтың қолданбалы өнері: Ағаш пен темірден
түйін түйіп, жез қақтап, күміс құйған зергерлер де бұл өңірде көптеп ұшырасқан.
Қолөнер шеберлерінің көшін ағаштан түйін түйген Басшин Қарамұқан, ХХ – ғасырда кілем тоқу өнерін Айымбетова Т., зергер, күйші, орындаушы Қали
Оразов ұста,ағаш шебері Оңғалиев Тәжіғалидың, темірден түйін түйген , зергер
Әбдешов Абылай зергерлік сән бұйымдарын жасаумен аты
шыққан шеберлердің қолынан шыққан
бұйымдар Көкжар, Қарақамыс
жәрмеңкелерінде үлкен сұраныста болған екен.
Өңірімізде сурет пен бейнелеу өнері ХХ ғасырдың 60 – 70 жылдары кеңінен дамыды, республикаға танымал қазақ суретшісі, Суретшілер одағының мүшесі
Нұрқасымов Сағынбай Жалғасбайұлы Ол пейзаж, натюрморт, портрет жанрлары
бойынша жемісті еңбек етіп келе жатқан шеберлердің бірі, өнер тарланы. Сонымен
бірге кітап безендіру ісімен айналысады, туындылары республикалық көркемсурет
галереясынан орын алды.
Ал,
гобеленші Рысты Әбшекенова өнердің осы жанры бойынша республикаға танымал
суретшілердің бірі, Оның «Әлия»,
«Ойсылқара», «Жарастық» атты гобелендері бұрынғы одақтық және халықаралық
көрмелерде арнаулы сыйлықтарға ие болды.
Сонымен бірге қоржын, аяқ қап
сияқты бұйымдар тоқыды. Рысты Қазақ Совет Энциклопедиясының барлық томдарын
баспаға әзірлеуші суретшілер қатарында болды.
Витруалды көрменің келесі бөлімін біз «Жем бойының жұлдыздары» деп аталады.
Ақтөбе өңірінің жыр дүлділі, Қазақстанның өнер қайраткері , ақын
Нұрпейіс Байғанин, сырлы сазды жырларымен танымал ақын Сағи Жиенбаев,нәзік
сезімді суреткер Тобық Жармағамбетов, ата-бабасы сонау Доңызтау өңірінде
кіндігін кескен бар қазақтың жүрегінен орын алған ақын Төлеген Айбергенов, өжет
ойлы ақын Сәбит Баймолдин, көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиев, боздаланың бозжорға ақыны Есенбай Дүйсенбай,
белгілі жазушы ,қаламы қарымды қаламгер Қажығали Мұханбетқалиұлы, журналист,
қаламгер, жазушы Мәди Айымбетов пен
Смағұл Елубаевтың шығармашылығымен танысуға болады.
Бүгінде өңірімізде ел, жер тарихын өскелең ұрпаққа жеткізуде , өңірдің
әлеуметтік мәселелері мен тілі, діні, ділін өз шығармашылығында өрнектеп
жүрген , әдебиет арнасында қаламгерлік танылып жүрген ұстаз, өлкетанушы, жазушы ағалар Бисен
Жақанұлы, Ибрагим Ермекбаев, Ақтөбе өңіріне танымал ақын-журналист,
өңіріміздің талантымен танылған перзенті, ақын Жақсылық Айжанов, Және Байғанин өңірінде ұстаздық қызмет атқарып, ақындық , суретшілікпен қабілетімен
танымал Серікбай Қайдасов және сөз
саптауы мен өлең ұйқасымы ерекше
ақын Ілияс Құрмаштың
шығармашылығымен танысуға мүмкіндік
береді.
Байғанин ауданының мәдениеті мен өнерінің өрістеуіне, қалыптасуына ұзақ жылдар бойы
еңбек сіңірген азаматтар туралы
дайындалған көрмеден КСРО Батыры
Қ.Жазықов , Сүндет Сарыбай, және
ауданымыздың үлкен өнер ұжымының қалыптасуына еңбек сіңірген Қазанғап
ұлт-аспаптар оркестрінің негізін қалаушы
Мырзағали Төлеуов, «Қазанғап
ұлт-аспаптар оркестрі мен Оймауыт халық
театрының , Оймауыт халық театрында еңбек
етіп, оркестр солисі мемлекеттік
наградаларды иемендеген КСРО Мәдениет
Министрлігі “Үздік еңбегі үшін” төсбелгісінің иегері Тәжібаева Айсан , “Оймауыт
халық театрының режиссері, ҚР Мәдениет қайраткері Қаби Мәуешов, ҚР Мәдениет
министрлігі «Мәдениет қайраткері» Б.Кенжебаеваларды көруге болады. Сөз соңында бүгінгі
таңда Виртуалды көрме арқылы пайдаланушылар
Байғанин өңірінің дарабоздары өмірі мен шығармашылығы туралы толық
мағлұмат алу мүмкіндігіне ие бола алады., яғни кез келген уақытта өз үйіңіздегі жайлы
орныңызда немесе қызмет орнында отырып-ақ біздің кітап көрмесін тамашалап, онда
қойылған түрлі тақырыптардағы
кітаптармен таныса аласыздар. Және
алдағы уақытта бұл виртуалды көрменің толықтырылу жалғастырылады.