Ақындар


        Айбергенов Төлеген                                                                            (1937 – 1967) – қазақтың көрнекті ақыны. Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туған. Ата – бабасы Доңызтау өңірінен. Айбергенов Т. Ташкенттің Науаи атындағы педагогика институтын бітірген соң Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы мектептерінде мұғалім болып істейді. Алғашқы «Арман сапары» 1963 жылы жарық көрді. Содан кейін «Өмірге саяхат», «Құмдағы мұнаралар», «Мен саған ғашық едім» жинақтары шықты.   толығырақ...                                                  

                                      Айжанов  Жақсылық
    (1950, Байғанин) – ақын, журналист. Қазақ мемлекеттік университетінің филология    факультетін (1975) бітірген. Ақтөбе облыстық телерадиокомпаниясында редактор, бас редактор, төраға орынбасары қызметтерін атқарды. «Жалын», «Оралу», «Табиғат пен жүрек» атты жинақтары жарық көрді. Ақынның өлеңдерінде табиғат суреттері, қоғамдық құбылыстар, адам тіршілігінің кейбір кезеңдері жыр жолдарымен шебер өрнектеледі, оның шығармалары өзіндік үнімен, ерекшеліктерімен оқырмандарын тәнті етеді.
                                    
                                 Әзи Есентүгел Аманкелдіұлы
    1973 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Сартоғай округінде дүниеге келген.
  Ақтөбе облысындағы айтыс өнерінің дамуына үлкен үлес қосқан айтыскер ақын ретінде танымал жан деп білеміз. 1994 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты жанынан ашылған «Жыршы-термешілер» студиясында оқыған. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының «филология» факультетін, «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009-2010 жж.. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында «Аймақтық әдебиеттану» зертханасының ғылыми қызметкері болып жұмыс жасаған. толығырақ... 
                          
          Баймолдин Сәбит 
   Сәбит Баймолдин 1942 жылы 5 наурызда  Байғанин ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге  келген. Қазақтың белгілі ақыны, Қазақстан  Жазушылар Одағының мүшесі. 1964 жылы Қазақ Мемлекеттік  Университетінің филология факультетін, кейін Қазақ КСР Ғылым Академиясы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аспирантурасын  бітірген.
    Жоғарғы оқу орнын бітірген соң Байғанин ауданының Байғанин орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің  меңгерушісі, директорлық қызметте болды.   толығырақ...      
   Дүйсенбайұлы Есенбай
   Есенбай Дүйсенбайұлы 1940 жылы 16 мамырда Байғанин ауданының Қалдайбек ауылында дүниеге келген. Көрнекті қазақ ақыны. 1958 жылы Жарқамыс орта мектебін, 1963 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын  бастауыш сынып мұғалімінен бастап, көп ұзамай журналистік қызметке ауысты. Байғанин аудандық «Ленин туы» газеті редакторының орынбасары, Ақтөбе  облыстық «Коммунизм жолы» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.
1978-84 жылдары Алматыдағы «жазушы» баспасында аға редакторлық  қызмет атқарды. толығырақ... 

                                    
                                            Нұрғалиев Өтежан
      Өтежан Нұрғалиев 1938 жылы 15 тамызда Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылында туған. Көрнекті қазақ ақыны. 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң Жарқамыс орта мектебінде мұғалім болып істеді. Кейін «Жалын» баспасында, Қазақ телевизиясында қызмет атқарды. Өтежан Нұрғалиев университетте оқып жүрген кезден-ақ жыр сүйер қауымға танымал ақын болып қалыптаса бастады. Оның  газет журнал беттерінде жарияланған қызуы мол, қуатты, батыл ойларға толы өлеңдері оқырман назарын еріксіз аударып, баурап әкетті.  толығырақ... 

                                       Жиенбаев Сағи
 1934 жылы 15 мамырда Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылында туған. Қазақтың көрнекті ақыны, лирик. Жарқамыс орта  мектебін, Қызылорда педагогтік институтын бітірген.
1955 жылдан Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын ітіргеннен кейін Жезқазған  қаласының №10 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді.
      1956 жылдан әдеби қызметке ауысып «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан пионері» газеттерінде, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, 1965-84 жылдары «Жазушы»  баспасында редактор,
аға редактор, бөлім меңгерушісі болып істеді.  толығырақ... 

             
Сәуірбаев Бекес
1935 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы, Қызылбұлақ ауылдық кеңесіне қарасты Көктүбек ауылында дүниеге келді. 1954 жылы Ақтөбе педагогика училещесін, 1962 жылы Орал педагогика инстутынының филология факультетін бітірген. 1954-1957 жылы КСРО Қарулы Күштері қатарында қызымет етті. 1962 жылдан Байғанин ауданындағы Көкбұлақ орта мектебінде мұғалім, 1978 – 1985 жылдары осы мектепте директор қызметін атқарды.  толығырақ...

                                
       Тәжібаев   Бәкір 
       1926 жылы 15 мамырда Байғанин ауданы, Ақбұлақ    ауылында туған.
         Қазақтың көрнекті ақыны, сазгер, драматург, өнер қайраткері. 1941 жылы Темір педагогикалық  училищесін бітірген соң Жұрын аудандық газетінде жауапты хатшы болып қызмет істеді. 1950-52 жылдары Алматы театр училищесі жанындағы киноактерлік мектепте оқыды, оны бітірген соң Жамбыл, Шымкент облыстық драма театрларында актер болды, осы кезеңде ол ақын ретінде де таныла бастады. толығырақ... 
                             
                                                
                                            Құрмашев Ілияс
 (15.03.1940 жыл Қопа ауылы, Сарытоғай селолық округі) – ақын, ұстаз, филолог. Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектебін (1957), Оралдағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институттың тарих – филология факультетін бітірген (1962). Еңбек жолын 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы №11 мектеп – интернатта мұғалім және тәрбиеші болудан бастады. 1962 – 1964 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етіп, офицерлік шенмен елге оралды. 1966 жылдан Қарауылкелді №1 және №2 орта мектептерде мұғалім, аудандық «Ленин туы» (қазіргі «Жем - Сағыз») газетінде бөлім меңгерушісі, аудандық білім бөлімінің әдіскері қызметтерін атқарды. 

                              
Есенғали Раушанов 
1957  жылы  Қарақалпақстан  Республикасы, Хожелі  қаласында  дүниеге  келген  көрнекті қазақ ақыны. Ата – баба қонысы Жем, Сағыз, Маңғыстау аймағы. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді, ұзақ жыл бойы бұқаралық ақпарат тарату салаларында еңбек етті. «Жалын», «Арай - Заря» журналдарында жауапты хатшы, «Зерде» журналында (1988 – 1996) бас редактор болды. 1996 жылдан бері Алматыдағы «Жазушы» баспасының директоры. толығырақ...