Жас ақындар

Айбазар Нұрталап Нұрбергенұлы 1994 жылы 17 мамырда Жаңатаң ауылында дүниеге келген. Бүгінде Жаңатаң орта мектебінің сегіз қырлы, бір сырлы оқушысы өнердің қай түрінен де құр алақан емес. Ол дзюдо күресінен өз салмағы бойынша 2012, 2013 жылдың облыс, чемпионы, қазақ және самбо күресінен облыс жүлдегері (II орын), «Балдәурен -2011», «Балдәурен-2012» аудандық балалар байқауында күй жанры бойынша I орын, Жеңістің 65 жылдығына арналған Қазақстандағы IV ұлттық Дельфийлік ойындарының облыстық іріктеу кезеңі «ұлттық аспаптар» домбыра номинациясы II орын, аудандық «Жас суретшілер көзімен» атты байқауда II орын, «Оралхан Бөкей- тіл шебері» атты көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауынан I орын, толығырақ...

Алдабергенова Ақторғын Тұрақбайқызы 22.03.1992   жылы туған. Оқушы кезінен өлең жазғанды ұнатады. Мектеп табалдырығында жүргенінен-ақ әр түрлі сайыстарға қатысты.  Ақтөбе гуменитарлық колледжінде «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім  алған. Қазіргі  таңда  Байғанин Аудандық оқушылар үйінде үйірме жетекшісі болып жұмыс істейді. «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» фестивалі жазба ақындар мүшайрасы Мадақтама I орын 2016 жыл, «Тілім менің байлығым» көркемсөз оқудан Мадақтама II орын 2016 жыл.Республикалық «Патриоттық тәрбие беру» такырыбында шығармалар байқауында I орын. «Туған жерім тамаша» аудандық көркемсөз окудан II орын. толығырақ...


Нұрбаева Арайлым Гайдарханқызы 1995 жылы қазан айының он  алтыншы жұлдызында Ақтөбе қаласында дүниеге келген.  Ата-анасының айтуынша сол жылдың алғашқы қары жауған күзде дүниеге келген Арайлым кішкентайынан табиғат тылсымның әдемі көріністеріне әуес, жаны нәзік  болып өседі. 1997 жылы Гайдарханның шаңырағы Матайқұм өңірінен Миялы селосына көшіп келеді. Осында  Арайлым 2002 жылы Дияр орта мектебінің балғын оқушысы аттанады. 3 класта оқып жүргенде жас шәкірт алғашқы өлеңдерін шығарады. Арайлымның айтуынша  жалпы өлең шығаруға деген құштарлығының оянуына айналадағы жағдайлардың бәрі әсер еткен.  Жасыл –желек  талдар қоршаған, Жем өзені өзеннің бойын жайлаған Миялының көрінісі, Отанға деген сүйіспеншілік жақындарына деген жақсы көру ішкі жан дүниесіндегі ерекше  сезімдерді оятып, жүрегінен жыр жолдарын тудыруға тікелей әсер етеді. толығырақ...

Нұрмағанбетов Мерген  ақпан айының 25 күні Ақтөбе облысы Байғанин ауданы, Ебейті ауылында туған. 11 сынып оқушысы. 2015 жылы Абай, Шәкәрім, Махамбет оқуларының  аудандық кезеңінде «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағыты бойынша I –орынмен, 2016 жылы  осы  байқаудың  бас жүлдесімен марапатталды. 2016 жылы Жалпы білім  беру ұйымдарының оқушылар арасында  XII республикалық Абай оқуларында көрсеткен белсенділігі  мен қол жеткен ерекше жетістіктері үшін марапатталды. 2017 жылы Республикалық «Ақберен» байқауының облыстық кезеңіне қатысып, қазақ халқының рухани мұраларына деген сүйіспеншілігін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін   II- орынмен  марапатталды. толығырақ...



Жұбаева Құндыз Естерекқызы 1992 жылдың 29 желтоқсанында Байғанин ауданы,Кемерши ауылында дүниеге келген. Ауылдағы Қожабай Жазықов атындағы орта мектептің түлегі. Бүгінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология және шет тілдері институтының 4 курс студенті. Жырға жаны жақын. Түрлі тақырыптарда қалам тербейтін Құндыздың өлеңдері оқыған жанды баурап алады. Өлеңді ұйқас қуып емес, бүгінгі жас толқынға тән бағытта өрбітетін ол, дегенмен мүшарайларға өзі айтпақшы, «беттеп көрмепті».Бірақ өлең- жырлары республикалық басылым беттерінен орын алып жүр. Ақын қыз болашақта әдебиет жолында шама-шарқынша тер төккісі келетінін айтады.  толығырақ...


Сейілханова Зарина 1988 жылы Ақтөбе  болысы, Байғанин  ауданы, Жарқамыс ауылында  туған. 2014 жылы «Сағидың сырлы саздары» көркемсөз оқу шебері, 2015 жылы «Абай өлеңдері – ұлттық қазына» аудандық байқауына қатысып ІІ орын, 2016 жылы «Мемлекеттік тіл – ұлт айнасы» шығармашылық байқауларына қатынасып, Алғыс хаттармен марапатталды. «Жем-Сағыз» газеті «Қайран жерім - Қалдайбек» мақаласы жарияланды. Қазіргі  таңда  Ақтөбе  облысы, Байғанин  ауданы, Жарқамыс  орта  мектебінде  лаборант  болып  жұмыс  жасайды. толығырақ...




Мәтбаева  Назекен  Маратқызы 06.12.1993  жылы Ақтөбе  облысы, Байғанин  ауданы, Қаражар  елді  мекенінде  туған. Оқушы кезінен өлең жазғанды ұнатады. Өлеңдері  мен  мақалалары  аудандық, облыстық, республикалық  басылым  беттерінде  жарияланып  жүр.  2015 жылы Алматы  қаласындағы  Қазақ  Мемлекеттік  Қыздар  педагогикалық  универсиетінің  «Кітапхана  ісі»  мамандығын  бітірген. Қазіргі  таңда  Байғанин  аудандық  орталықтандырылған  кітапхана  жүйесінде  әдіскер  болып  қызмет  жасайды. 2016  жылы   Ақтөбе  облысының  мәдениет, архивтер  және  құжаттама  басқармасымен  облыстық  «Оқитын  өлке»  акциясы  аясында  ұйымдастырылған  «Дала  сазының  дарабозы»    атты  Е.Дүйсенбайұлы  атындағы  жазба  ақындар  мүшәйрасының  3-орын  жүлдегері. толығырақ...



Шалқар Ұлықпан Теңізұлы 03.08. 1995 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қызыләскер елді мекенінде  туған.  2010 жылы   Байғанин орта мектебін бітірген. 2016 жылы Байғанин  техникалық  колледжінің «Ағаш шебері» мамандығын үздік бітірген. толығырақ...