22.03.1992 жылы туған. Оқушы кезінен өлең жазғанды ұнатады. Мектеп табалдырығында жүргенінен-ақ әр түрлі сайыстарға қатысты. Ақтөбе гуменитарлық колледжінде «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алған. Қазіргі таңда Байғанин Аудандық оқушылар үйінде үйірме жетекшісі болып жұмыс істейді. «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» фестивалі жазба ақындар мүшайрасы Мадақтама I орын 2016 жыл, «Тілім менің байлығым» көркемсөз оқудан Мадақтама II орын 2016 жыл.Республикалық «Патриоттық тәрбие беру» такырыбында шығармалар байқауында I орын. «Туған жерім тамаша» аудандық көркемсөз окудан II орын.
Есенбай Дүйсенбайұлына.
Жырға толған жүрегі, алтын құрсақты анадан,
Қырында киік ойнаған,
жазира жазық даладан.
Сағасынан сыр аққан, жырға толы саладан.
Арқалы ақын ардақтым, жаратылған Есағам.
Топырағыннан айналдым, құнары неткен мол еді,
Ақын жырлары
болған ау жер анамыздың қорегі.
Біртуарларын тудыртып, сусындамақ болған ау,
Топырағыңнан жаралған ақындарың көп себебі.
Ғажап мекен, тудырған ұлыларын ұлықтап,
Барлығыда кеткен ау шабыт алып жыр ұштап.
Қалдайбекті де қарық қып несібесіне бөлеген,
Есенбайдай ақының жырларымен жылытпақ.
Ақындардың мекені,ізгілердің жолы көп,
Ұрпақтарға көрсетер ізетімен оңы көп.
Ат тұяғын тай басар, ұрпағын өсіп келеді,
Ел болайық
өлшеусіз өлеңнен жиған қоры көп.
Бұл Есағаң еркесі. Туған жердің тарланы,
Қазақ
тілімен әдебиет, мамандығы арманы.
Қанат қағып өңірден қарлығаш болып ұшқан ед,
Алматының төрінде қыран болып самғады.
Кең даланың ұлы едіңіз еркін өскен құлыны,
Желпілдеген желмен бірге тұлымы.
Тілші, ақын, редактор әйтеуір,
Қағаз қалам газетпен өткен ғұмыры.
Ұлықтайды ұрпағың аманатты сіз жазған,
Орындалар ойындағы ізгі арман.
Ер қыраным ерек туған ақыным,
Мерейіңді тасытайық келгеніше біз қолдан.
Қара жер сыз болсада жатқан жерің,
Рухың тек биікте қалықтайды.
Көтерер еңсеңізді еліңіз бар,
Жырларыңды оқудан жалықпайтын.
Сондықтан да сіз дәиім жүректесіз,
Тұрасыз мәнгі биік төрімізде.
Өлеңің дәру болып өміріме,
Әндерің қалықтайды көгімізде.
Тіл.
Тіл киелі
Киелігін жоғалмасын төрімде,
Тілсіз елім ел болмайды тегінде.
Тілім менің аманаты атамның,
Беріп кеткен бұзылмас нық сенімге.
Тіл аманатым
Шықпасын деп шырқырар жаман атың,
Өшпес мәңгі елімде адал атың.
Тілім менің қазаққа бола туған,
Ақ сүтімен ананың таралатын.
Тіл қаруым
Ақ
алмас семсерімде,
Шектеуі жоқ қиырсыз өлшемінде.
Тілім менің қалқаным, қорғанышым,
Болашағым бақытты, ертеңімде.
Тіл тірегім
Қазығы қалың елдің,
Биік шыңнан көрінген сені көрдім.
Ана тілім өзің деп еміренер,
Жүректері теңізде ,дала шөлдің.
Тіл тынысым
Тіршілікте тынысың тарықпасын,
Бұл тыныстан еш қазақ жалықпасын.
Сені осылай теңесем қажетіме,
Бар
мәртебең биікте қалықтасын.
Тіл ақ сүтің
Уызымен берілген анашыңның,
Жүздерінен көрінген жанашырдың.
Құрсақта жатқаныңнан қанға біткен,
Білейік ана тілдің бағасын мың.
Тіл Отаным
Еңсесі биік еліңнің шаңырағы,
Болмасын шаңырақтың қаңырауы.
Тірек қылып төбеге көтерейік,
Шаңырақпен тұтас ел танылады.
Тіл қасиет, қадірін біліп жүрің,
Тіл
өсиет, өнеге ұғып жүрің.
Тіл қыраның аспанға
самғатыңдар,
Тілді
мәнгі мереке қылып жүрің.
Анашым.
Анашым, ақылшымсың ардақ тұтар,
Үмітімді мейіріммен жалғап тұрар.
Анашым арайланған ақ танымсын
Біздер үшін әрқашан күліп тұрар.
Жан анам, жанашырым өмірімде,
Қуаныштар тасысын көңіліңде.
Күннің де шуағынан өткір білем,
Шуағыныз шашатын өміріме.
Жарығын сыйлап бізге бұл әлемнің,
Таусылмас мың алғысым сірә менің.
Жұмақтың әз төріндей жүрген жерің,
Жұмақтың ауасындай шыққан лебің.
Аман боп жүрші дәиім арамызда,
Тек сіздің ұлы есімің санамызда.
Қажет болса «Ақ анам» деп жазып өтем,
Кең байтақ ұланғайыр даламызға.
Ана. Қасиетіңді білемін қадіріңді,
Аппақ анам ардақтар жаның үлгі.
Отбасыңа тер төгіп енбек еттің,
Білмейсің ау шаршауды жабығуды.
Анашым, қымбаттымсың,
Жасырулы сіздегі жұмбақ күшің.
Еш нәрсеге қамықпай алға бастың,
Ақ адал, ащы теің біздер үшін.
Хат.
Сырлас Апа!
Қалайсыз?
Аманбысыз?
Жаза алардай көрінді жарамды сіз,
Сізді өзіме соншама жақын тартам
Маған доста болып сіз қалармысыз.
Апа!
Мен бүгін тағдырыма өкпеледім.
Сене алмай жүрмін барына көкте күннің,
Өміріме қара бұлт үйірілді,
Жүргізеді жаныма өктемдігін.
Апа!
Мен жылап біраз жеңілдеймін,
Бірақ.
Текке олай еңіреп егілмеймін.
Кей-кейде маған қысым көрсетседе,
Жеңілмеймін.
Апа!
Сіз сенсеңіз
Көңілім өзімдікі,
Өмірім өзімдікі, бірақта.
Айтамын жылап та,
Оларды бейлейтін басқа жандар
Ойларында менікінен бөлек басқа ән бар.
Мен бір нәзік гүл едім.
Бау-бақша еді түнегім
Құлпырып гүл жайнап
Нұрланушы едіи үнемі,
Қазір солғандаймын
Құлпырып болғандаймын.
Кейде жаурап тоңғандаймын.
Апа! Жанып жатыр ішімде отты шерім
Байкалама қараныз отты лебім,
Оның өшіп сөнері белгісіз,
Кімге төнері бедгісіз.
Бәкір аға.
Бәкір аға Байғаниннің топырағынан жаралған,
Тау мен тасы,
Белдерімен қыратынан нәр алған.
Туған жерің киелі мекен жусаның
Ән жырыңа еш армансыз қаныққан.
Бәкір аға сырға толы өлеңің
Бір бойыңда көп еді ау өнерің
Туған дала ақбұлақта сағынды
Біртуарын сіздей биік өренін.
Әнге бөлеп әз халқынды куанттың
Демеу болып қам көнілді жұбаттың
Сіз арқылы тауып жатты өлеңнен
Өмірдегі кейбір түрлі сұрақтың.
Даланың да жүрегіне жол тапқан
Ананың да жүрегіне жол тапқан
Тәлім берген болашаққа біздерге
Сый құрметті күткін енді ұрпақтан.
Мерей тойын құтты болсын бүгінгі
Еңбек еткен бағаладық әр күніңді
Бізге еткен еңбегіңді ұмытпай
Сізге арнаймыз құрметпен бар ғұмырды.
Махаббатқа теңеу.
Көңілдің тапқан қалауын
Бір сезім бар – күн дер ем.
Дәл сол сезім жүрегімде гүлдеген.
Күннің ыстық шұғыласынан нәр алып
Жайнап кетті өмірімде бұл денем.
Көңілдің тапқан қалауын
Бір сезім бар – түн дер ем
Жұлдыздармен сыр бөлісіп, көңілңді бірлеген
Айды өзіне серік қылып түн бойы
Көздерімді ілмегем.
Көңілдің тапқан қалауын.
Бір сезім бар –жыр дер ем.
Өлеңменен өрнектеліп сезімім,
Қиялыммен көкке самғап өрлеген.
Асау сезім арнасынан асқканда ,
Қаламыма бір тыныштық бермеген.
Ой.
Жаным тағат таппайды.
Көңілді кімдер баптайды
Ашуды атқа мінгізбей
Сабырды кімдер сақтайды?
Әділді кімдер жақтайды?
Қатігезді кімдер қақтайды?
Таршылық көрген жандардың
Тістері кімге батпайды?
Көлікті кімдер мінеді?
Білекті кімдер түреді?
Сен құла мен жүр заманда
Кімдерге кімдер күледі?
Жетімдер қашан күледі?
Мүгедек қашан жүреді?
Сүйеніші жоқ сынықтың
Қабыл болар қашан тілегі?
Аллаға кімдер сенеді?
Иманға кімдер келеді?
Бет -аузын түгел жабыну
Әлде, осы ма керегі?
Ақылды кімдер айтады
Шегініп кімдер қайтады?
Сөйлемес тілден қалғанның
Болады іште айтары?
Кімдердің жұмсақ жүрегі?
Кімдердің адал тілегі?
Кімдердің өмір заңынан
Жолдары болар үнемі?
Жарлыны кімдер қорғайды?
Кімдерге ақыл қонбайды?
Миына ақыл құйсаңда
Дүниеде кімдер оңбайды?
Кімдерге кімдер жылайды?
Бастыққа кімдер ұнайды?
Шыңына күшпен жеткенде.
Төменнен кімдер құлайды?
Әділдік қашан орнайды?
Қайғының орны толмайды?
Ақшасы аздап шашылса
Кімдерге болар сол қайғы?
Осының бәрі ойымда?
Сұрақ болып тұрады.