1994 жылы 17 мамырда
Жаңатаң ауылында дүниеге келген. Бүгінде
Жаңатаң орта мектебінің сегіз қырлы,
бір сырлы оқушысы өнердің қай түрінен
де құр алақан емес. Ол дзюдо күресінен
өз салмағы бойынша 2012, 2013 жылдың облыс,
чемпионы, қазақ және самбо күресінен
облыс жүлдегері (II орын), «Балдәурен
-2011», «Балдәурен-2012» аудандық балалар
байқауында күй жанры бойынша I орын,
Жеңістің 65 жылдығына арналған
Қазақстандағы IV ұлттық Дельфийлік
ойындарының облыстық іріктеу кезеңі
«ұлттық аспаптар» домбыра номинациясы
II орын, аудандық «Жас суретшілер көзімен»
атты байқауда II орын, «Оралхан Бөкей-
тіл шебері» атты көркемсөз оқу шеберлерінің
аудандық байқауынан I орын, КСРО халық
ағарту ісінің үздігі, КСРО-ның озық
қызметкері Төлеш Сәли Тәжіғалиұлын
еске алу турнирінде I орындардан көрініп
жүрген талантты жастардың бірі, «Жігітке
жеті өнер де аз» дейді қазақ бабамыз.
Осылай демекші талантын әрбір қырынан
шыңдап жүрген өреннің өзі
«Өлең
жазам арман атқа мініп алып,
Сыбанып,қос
білекті түріп алып» -деп өлең жазуға да
қырының барын аңғартады. Ендеше өрелі
өлең өруге бейімі бар жасты ағаларымыздың
сөзімен айтсақ, «болам деген баланың
бетін қақпай, белін бумақты» жөн деп
санадық. Ендеше, Нұрталаптың шығармашылық
шабытынан сіз де сусындап көріңіз...
Бұл
әлем қандай тамаша!
Шуағын
шашқан күндердей,
Өтеді
уақыт үлгермей.
Жайнаған
шіркін бұл әлем,
Қауашақ
ашқан гүлдердей!
Жымисын
жарқын күнің кеп,
Өмірдің
көркі білім деп.
Жайнаған
шіркін бұл әлем
Қырмызы
қыздай күлімдеп!
Уақытпен
жарыс зырлағын,
Орныңда
қарап тұрмағын.
Жайнаған
шіркін бұл әлем
Ұсынар
тылсым сырларын.
Қара
мен ағы таласа,
Шаттық
пен бақыт жараса.
Өзгеріп
жатқан күнбе күн
Бұл
әлем қандай тамаша!!!
Өлең
жазам....
Сөзден
гөрі жаныма көрем жуық,
Айтар
болсам астарлап терең қылып.
Ұйқас
құрап жазамын өз ойымды,
Ақ
қағазға түсірем өлең қылып.
Өлең
жазам арман атқа мініп алып,
Сыбанып
қос білекті түріп алып.
Шығады
күлімсіреп шуақ шашып,
Туады
жарқыраған күнім анық!!!
Тереңде
көңілімде жатқан мың ән,
Түбінде
қалың ойдың қатпарынан.
Сыналы
сырымды айтып, мұңымды айтып,
Мен
бүгін өлеңменен ақтарылам!
Ойлаймын
өлең маған не береді,
Құдайдан
бір қасиет келген еді.
Жанға
шипа іздеймін тілге дерек,
Мұқағали
осылай деген еді.
Өлең
желі маңдайдан сипап еді,
Өлең
мұра мәңгілік шипа берді.
Поэзия
құдірет қой сенсің егер,
Жаныңның
емдеушісі шипагері!!!
Ойлар,
ойлар...
Не
боп жатыр, бүкіл мына ғаламда,
Бар
ойымды бір жинақтап алам да.
Естігенде
неше түрлі жаңалық,
Алуан
,алуан ой келеді адамға.
Қазақстанның
қай шетіне барсақ та,
Қай
жерінен қандай хабар алсақ та,
Толып
жатқан көліктердің апаты,
Ойың
тағы жүгіреді сансаққа.
Бір
ақ рет келеді адам өмірге,
Ойлар,ойлар
маза бермей көңілге.
Сәтсіз
ота, көлік қағу, сиуцид,
Кім
кінәлі қателікті өлімге?
Әр
нәрсенің бар өзінің сұрауы,
Түрлі
апаттан талай жанның жылауы.
Күйзелтеді,
мұңайтады,ойлантып
Әуедегі
ұшақтардың құлауы.
Айтар
болсам жүрегімде датым көп,
Ойланбайтын,
толғанбайтын ақын жоқ.
Өз
сөзімнен өлең өріп сыр шертем,
Сірә
менің ойланбауға хақым жоқ!!!
Ақын
ұл деп ағайын іздесеңдер,Табасыңдар
өрелі өлеңімнен!
Ақындар
патшалығында жүректер ғана сөйлейді
деседі. Біз өлеңін ұсынып отырған қос
өреннің жас жүректері де өлең деген
ғайып дүниенің сырын ұққандай. Әсіресе
,туған жерге деген балаң махаббаттары
жүректен жыр боп шыққандай әдемі үйлесім
тауып шабытпен өрілген. Сайын даланың
дауылы мен жауыны бала ақындардың
өлеңдерінде өзінше көрініс табады.
Кәдуілгі туған өңірден түлеген
таланттардың нәзік бұлты мен ақ жауыны,
боз ала таңның бозторғайы мен боз
жусанынан нәр алғандай. Мейлі, «жас
жүрек жайып саусағын,талпынған шығар
айға алыс». Алда қос құлынның поэзия
патшалығына барар сара жолдары
қалыптассын.
Өлеңімде
Пешенеме
жазғанын көремін мен,
Шыңырау
шыңға ұмтылам өнеріммен.
Ақын
ұл деп ағайын іздесеңдер,
Табасыңдар
өрелі өлеңімнен!
Ешкімге
айтылмаған сырларым да,
Мен
құбылып,маздаған мұңдарым да.
Жарқыраған
жігерлі жастығымның,
Куәсі
мен белгісі жырларымда!
Тіршіліктің
бүгіне өткені де,
Көңілімнің
жап-жасыл көктемі де.
Өлеңімде
өкініш өрнектері,
Өмірімнің
айшықты сәттері де.
Шабытымның
маздайды шамшырағы,
Өлеңменен
өседі жан шынары
Өлеңімде
жүректің жалыны мен,
Жанарымның
ып-ыстық тамшылары.
Керегі
бар,ойлаймын кімге, кімге мұңың,
Өміріме
оралсам жүлделімін.
Өтіп
жатқан күн мен түн, айларымның,
Өлшеулісі
өлеңім-күнделігім!!!
Парыз
Дұрыс
десем адамдықтан аспағанды,
Адалдықпен
жырласам асқақ әнді.
Азаматтық
арқауы-парыз жайлы,
Жадыммен,
жазам толғап жас қаламды!
Кең
болу азаматтық,көңілдегі,
Орыны
бар жүректің төріндегі.
Адамдық
шеңберінен аттап өтпеу,
Ең
басты парыз болар өмірдегі.
Жиіркеніш
жалмап алар мені күнде,
Қасиетсіз
жандарды көргенімде.
Ар-намыс,ұждан,ұят,сыпайылық,
Орын
алсын адамдық шеңберінде.
Ақылыңмен
аларсың бақ қамалды.
Ақ
пейілді жөн көрсең сақтағанды.
Екінші
парызым деп ұғын досым,
Ата-анаңың
үмітін ақтағанды.
Жаныңды
жалғастырма жамандыққа,
Арыңды
алмастырма арамдыққа.
Ал
үшінші парызың өзің сүйген,
Адалдығың
таңдаған мамандыққа!
Көтеріңкі
өмірдің жас шынары,
Жас
шынарым көңілді пәс қылады.
Үш
парызды сеніммен орындасам,
Мен
үшін маңыздысы бастылары!
ҰБТ
Емтихандарды
ойға алмай енді ескілеу,
Санасы
барлар түсінер жастар естілеу.
Әрі
күрделі, қиындығы да жетерлік,
Сынақ
бар алда Ұлттық Бірыңғай Тестілеу!
Айыра
білгін оңыңды және солыңды,
Оқысаң
дұрыс жауап берерсің орынды.
Келешегің
де тікелей бұған қарасты,
Бес
түрлі әріп шешіп береді жолыңды.
Ұғынсаң
досым, кітапта екен бар ғылым,
Оқулықпенен
білімнің ашсаң сан қырын.
Жадыңда
ұста өмірдің көркі білімде,
Бүгінгі
білім ертеңгі сенің тағдырың.
Санасы
менен ақыл-ойына кім сенбес,
Өмірің
алда сұрақ жауабын білсең кеш.
Білімді
бала түбінде шығар топ жарып,
Барлық
білімің ҰБТ менен өлшенбес.
Адасып
кетпе аралап жүріп сан ізді,
Адам
боп әсте сыпайы,шыншыл жан ізгі.
ҰБТ
шыңы кез келген адам шыға алар.
Бұдан
да гөрі өмірдің шыңы маңызды!
Уақытта
шапшаң, сөзімнің бұған қатысы,
Өтетін
лезде атысы күннің батысы.
Уақытпен
жарыс, биікке ұмтыл ҰБТ:
Қиындықтардың
алғашқы ең бір сатысы!!!
Қайтып
келе жатырмын ауылға
Қызығушы
ем сайраны сауығына,
Төсімді
қарсы қойып дауылына.
Жұдырықтай
жүрегім құрақ ұшып,
Қайтып
келе жатырмын ауылыма.
Ентіктіріп
жанымды ынтықтырған,
Сайын
далаң, жусаның аңқып тұрған.
Жырақтасам
сәл ғана ауылыма,
Сағыныштың
лебі ғой тартып тұрған.
Жаңатаңым
құт береке ырыстайың,
Құшағыңды
аш денемді жылы ұстайын.
Қуат
алған өзіңнен ұланыңмын.
Құмарланып
ауаңмен тыныстайын.
Ауылымды
қосамын сөзге нұрлы,
Сағынамын
жайсаң ел өздеріңді.
Есейіп
кеткеніме налып кейде,
Еске
аламын құмға аунаған кездерімді...
Үйренгем
ұйытқып соққан дауылына,
Селдетіп
құйып өткен жауынына.
Ал
қазір, осыларды еске алып.
Қайтып
келе жатырмын ауылыма...!
Бала
едік кеше...
Бала
едік кеше, қалыпты енді ес кіріп,
Ой
сана өсті ойласам бүгін ескеріп.
Періште
көңіл елеңдеп әркез жүретін,
Балғын
күнімнен көп қалда қызық естелік.
Күлемін
қазір көп жылдар салып араға,
Қол
бұлғап маған, сол күндер алыс бара ма?
Құлаққа
ілмей айтқанын ата-ананың,
Отыратын
ек ойымыз ауып далаға!
Жігіт
боп келеді кешегі шала өскінің,
Есейдік
біздер, жұрнағы едік ескінің
Асықпен
ойнап, қол менен аяқ күс болып,
Әрең
дегенде оралатынбыз кешқұрым!
Тал
түске дейін шіреніп жатып алатын,
Бала
едік кеше, өзенге жазда баратын.
Доп
деуіп жатса көшеде жолдас балалар,
Ішетін
тамақ, ішусіз кейде қалатын.
Балдаурен
кезім, өткен күндерге енетін,
Азамат
болдық ардақты алаш сенетін.
Оралмас
қайта,ешекке мініп есіріп,
Күндерім
қайда қапшыққа тезек теретін?...
Келер
күніміз ертегі еді бұрында,
Бала
едік кеше, қамалған ойын торында.
Әттең
ай шіркін, келмеске кеткен бал уақыт,
Қайтаратұғын
құдіретім жоқ қолымда!...
ТАҒЫДА
ДА ТҮН
Тағы
да түн, елітіп сағым қайғы,
Неге
маған ерекше таңырқайды?..
Қара
түнде ұйқыны керек етпей,
Қара
көзім неліктен жабырқайды?..
Жабығудың
жауабы тым көп еді,
Ойлайды
ма бір ару түнде мені?!
Бәлкім
сол жан ұрлаған тыныштықты,
Сұрап
едім, сараң түн үндемеді...
Қарауылға
түсіріп тұнық қалың,
Сық
едің жанымды жылытпадың...
Мінезіңмен
сен менің мазамды алып,
Қалай
ғана ұйқымды құлыптадың?...
Тағы
да түн. Тым ұзақ сезілер ме ен?
Мен
жатырмын ой терең,көзім елең!
Бір
үнсіздік тартып ап тынысымды,
Алып
барады жетектеп өзіменен...
Торы
түске боянып тұрса әлемі
Тұнжырап
тұйық түннің тынса лебі.
Не
үшін мұңдарыңды қосып беріп,
Сергелдеңге
түсірдің мұнша мені?!...
Әлі
алыс сияқты бірақта таң,
Тағы
да түн. Тымырсық тұрақталған.
Не
болса да жанарды жұмып жатып,
Арылайын
жағымсыз сұрақтардан...
Нұрталап
Айбазар
Анашым
Қайда
жүрсе де ойлайтын әркез баласын,
Өзіңді
бүгін жырыма қостым анашым.
Мен
үшін ана, өзгеден ерек,дарасың,
Мәңгілік
маған мейірімін төгер панамсың.
Мерекеңмен
құттықтап бүгін өзіңді,
Аңсаймын
әркез «көкешім» деген сөзіңді.
Бір
сенен көрдім мұқалмас мықты төзімді,
Білдірдім
бүгін перзенттік ыстық сезімді.
Анашым,
сенің аппақ сүтіңе қарызбын,
Мен
бала ақынмын жаңадан жарған қауызын.
Меккеге
сені үш рет арқалап барсам да,
Өтелмес
,сірә, алдыңыздағы парызым.
Жүректен
шыққан жырыма анам ырза бол,
Өзің
сап бердің өміріме арнап даңғыл жол.
Өзіңе
берген тәрбиең менен тағылымың,
Ендігі
өмірде нәр алар маған азық сол.
Қазақтың
ақын жанды баласымын!
Ассалаумағалейкум
атырабым,
Мені
өрлетіп ләззатқа батыратын.
Мен
ақын баласымын Алашымның,
Елді
әрдайым бірлікке шақыратын.
Мен
Махамбет батырдың ұрпағымын,
Мен
қазақтың ерлігін шырқар ұлмын.
Мен,
мен едім,мен едім ел қамын жер,
Бәйгеде
дес бермейтін тұлпарымын.
Мен
–Шернияз ақынмын айтыс құмар,
Елдің
жоғын жоқтайтын тартыс құмар.
Мен
Шоқанмын артынан із қалдырар
Мен
Қорқытпын,қобыздан күй құстырар.
Мен
Абаймын,елі үшін алаңдаған,
Ел
қиналса күш бермей тұра алмаған.
Мен
Абаймын,ұстазбын ақыл берер,
Жанына
шәкірт жимай жүре алмаған.
Мен
Ахметпін, «Алаш»деп ұрандаған,
Мен
–Міржақып,оятар қыран балаң.
Мен
–Әлихан, елі үшін еңбек қылар,
Мен
–Жүсіпбек, елі үшін құрбан болған.
Мен
–Бауыржан патриот жігері мол,
Мен
–Рақымжан сый қылып берері мол.
Мен
–Қасыммын өткенді барлап алып,
Алға
қарай нық басып жүретін ұл.
Мен
Қайратпын,қайратты,қайсар тұлға,
Ел
жастарын бірлікке бастайтын да.
Мен
Қайратпын,ел үшін,Отан үшін,
Өз
өмірін құрбан қып тастайтын да.
Мен
Мұхтармын тәуелсіз ел ақыны,
Ұлт
жігерін көтерер тіл арқылы.
Мен
–Бекболат,халқының азат ұлы,
Ел
есінде сақталар әні арқылы.
Мен
Тоқтармын,тәуекел ел серігі,
Қалайтын
ғарышты да еңсеруді,
Мен
Талғатпын,жалғайтын ұлы жолды,
Мен
халықпын, мақтайтын еңселі ұлды.
Мен
Ғабитпін ұлт үшін талмай жазар,
Қандай
құйын болса да сынбай жазар.
Мен
Қасыммын, қалғыған жанартаумын,
Әділдікті,шындықты
тынбай жазар.
Мен
Оразбын, от ауыз,орақ тілді,
Ел
үшін таңда алаңдап,жылап тұрды.
Мен
өзім Оразалының ізін қуам,
Айтысуды
көрмейтін сынақ құрлы.
Мен
Бекзатпын, ел үшін ғұмыр кешкен,
Сол
ағамның ерлігі өшпейді естен.
Мен
осындай жандарды үлгі қылам,
Барған
сайын қадамын нықтай түскен.
Мен
осындай жандардың сарқытымын,
Қатты
сүйер ерлерін, халқы,тілін.
Мен
ақынмын,жүзіңде иманы бар,
Қазағымның
сақтайтын салты,дінін.
Осы
ғана сенерім бар асылым,
Қара
халық тек менің жанашырым.
Жырыменен
еліме шаттық сыйлар,
Қазақтың
ақын жанды баласымын!!!
Мұқағалиға
арнау
Жырыңа
еліктіріп бозбаланы,
Жатырсың
жүрегімді қозғап әлі.
Жалғанда
ұлт жадынан ұмытылмас
Алаштың
ақиығы,мұзбалағы.
Жырыңмен
бөленеді дала сазға,
Қазақтың
өлең жазар баласы аз ба?
Өлең
үшін туылған өжет ақын
31 де
туып ең Қарасазда.
Қарасаз
–қара сөзге ғашық еткен,
Сен
болдың қара өлеңді машық еткен
Тіріде
өз ортаңа сыйың болмай,
Өмірің
өтті-ау әттең қасіретпен.
Өмірдің
қайыспаған салмағына,
Тарихтың
із қалдырған тармағына.
Қолыма
қалам алып жыр арнадым,
Мұқағали
бабамның әруағына.
Үлгі
алған өңкей ұлы тұлғалардан,
Мұң
,сыры ақтарылған қыл қаламнан.
Ешкімге
ұқсамайтын жырлары бар,
Мұқағали
мен үшін жұмбақ адам.
Байғанин
Құшағы
кең, қонақжай, жайдарлы елі,
Талай
сұңқар өзіңнен самғап еді.
Өзім
де Байғаниндік бола тұра
Қалайша
жырламаймын Байғанинді!
Жаңатаң,
Жарлы, Абай мен Жарқамысың,
Қаражар,
Алтай, Қопа зор ғой күшің.
Көзінде
оты бар,талапты жігіттері
Қыздары
сақтай білген ар-намысын.
Бұл
өлке Сәрсенғали туған мекен.
Мен
сіздің атыңызды шыңға өрлетем!
Еліктеп
Сағи менен Өтежанға,
Жыр
жазып тек өзіңді жырлап өтем!
Жырыма
қоса жүріп Жаңатаңды
Үлгі
етем Нұрпейістей нар атамды
Басқа
өлкеден ерекше дәстірің бар
Қаймағы
бұзылмаған сана-салты.
Байғанин
–байтақ елім,алға басқан,
Бүгін
босап жыр жаздым қарбаластан.
Қалайша
ақын болып қалыптасам,
Алдымен
өзіңе жыр арнамасам
Жем-Сағызың
жарысып, толқып аққан,
Толқындары
жағаға соғып жатқан.
Табиғатың
сыймайды бір өлеңге,
Қайсыбірін
айтайын толып жатқан.
Тыс
кетсем сағынамын таңыңды атқан,
Тылсым
күш шақырады ауыл жақтан.
Облыста
бірінші орындасың
Жерің-дархан,кең
байтақ алып жатқан.
Көктем
келіп,қар суы сайға құйды,
Үлкен
той боп, әнші-ақындар сайрап еді.
Ақынмын
арманы асқан мақсаты айқын
Әлемге
әйгілі етем Байғанинді!
Қалсыншы
осы сертім ел жадында,
Байғанин
–мақтанышсың ұрпағыңа
Талай
ақын,жыршылар шыққан жерден
Ізін
қудым,шаттанып шабыттана.
Байғанин
атың сондай ыстық маған,
Сағынсам
қиялыммен ұштым саған.
Жырлап
өтем, өзіңді өле-өлгенше
Шалқар
шабыт, бойыма күш берсе Аллам!
Рахметулла
Жұбаналин
3
сәуір,2014 жыл. Жем-сағыз.