1988 жылы Ақтөбе болысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылында туған.
2014 жылы «Сағидың сырлы саздары»
көркемсөз оқу шебері, 2015 жылы «Абай
өлеңдері – ұлттық қазына» аудандық байқауына қатысып ІІ орын, 2016 жылы «Мемлекеттік тіл – ұлт айнасы»
шығармашылық байқауларына қатынасып, Алғыс хаттармен марапатталды. «Жем-Сағыз»
газеті «Қайран жерім - Қалдайбек» мақаласы
жарияланды. Қазіргі таңда Ақтөбе
облысы, Байғанин ауданы,
Жарқамыс орта мектебінде
лаборант болып жұмыс
жасайды.
Өмірім мынау – жүректен шыққан
өлеңім,
Бүгінге дейін сол жырмен жасап келемін!
Қай заман болсын, бір Аллам құлын қолдаса,
Қара өлеңмен де қазаққа
тиер көмегім!
Менің анкетам
Аты-жөнің?
Мен Отан деп отқа түскен Зарина,
Биік қойғам адамдықты, ар, иман.
Туған жылың?
Мың тоғыз жүз сексен сегіз жазында,
Бір жан толды әулетімнің санына.
Қай елденсің?
Айбыны асқақ Адай деген қауымнан.
Қай жерденсің?
Жарқамыс деп аталатын ауылдан.
Қандай ауыл?
Жем өзені өресінде жол тапқан,
Сиырсалған құмдарында мал баққан.
Халқы қандай?
Қазақшылық салтты берік ұстанған,
Жаны таза, жайсаң жанмен дос болған!
Түлегі кім?
Өтежан мен Есенбай бар біз білген,
Тобық атты дара талант түлеген.
Тарих жолы...
Тарих жолы керуен болып жалғасқан,
Бақтыбай, Дәуімшар, Ақботалар үлгі асқан.
Ал бүгінде ...
Мұнайы бар сансыз бұйым шығарған,
Газы тегін, кем емес ол шаһардан.
Тілегің не?
Тілегім бар: ел бірлігі, тыныштық,
Бір ел болып бір өлкеде ұйыстық.
Туған жерім – алтын бесік,
тұғырым,
Жарқамысым – жайлы мекен, тым
ыстық!
Боздаламның біртуар бозжорғасы
Бозала таңнан бір тынбай,
Боздаламенен мол толғай.
Елім деп еркін ертеңге,
Бозторғай жүрек ұмтылды-ай!
Бозжорға шабыс мұндалап,
Бұрқасын шабыт қол бұлғап.
Бейкүнә сәби секілді,
Бейкүнә жыр туды іңгәлап.
Әкеге деген сезімі,
Кіршіксіз еді өзінің.
Аласа бойлы асыл ер –
Алпауыт жырдың үзігі.
Жарқамыс деген ауылдан,
Жырқұмар жандар табылған.
Талантты тұлға ізімен,
Елімді жаһан таныған.
Есекең соның бірі
еді,
Өлеңде жолы ірі еді.
Әдебиет деген кең әлем,
Есенбайлармен түледі.
Есенбай – елдің мақтаны,
Үмітін көптің ақтады.
Өмірден өзі өтсе де,
Артында өшпес хат қалды.
Қадірлеп алтын уақытты,
Жинаған жыр мен жаһұтты.
Есенбай сынды жандармен,
Жарқамыс елі бақытты!
Жетелеп елді ақ таңға,
Асыл
сөзбенен жол салған,
Боздалам мың жасасын,
Бозжорғаларды босанған!
Бәкірге арнау
Жарқамыстың топырағынан
түлеген,
Елді бақыттың бесігінде
тербеген.
Таланттарды төсінде
тоғыстырған,
Байтақ өлкем болған еді кем
кімнен.
Соның бірі - сүйікті Бәкір
аға,
Өзіңмен өнерлі өлкем
жарқыраған.
90 жылдық торқалы бұл
тойыңды,
Ойға алып тойламақ боп
жатыр далаң.
25 жыл - тәуелсіз ту
тербелгелі,
Ұмытпайды еркін жас сөз
зергерін!
Жеңіс күні болғалы - 71
жыл,
«Әлиямен» әз халқым
көгерген-ді
Әніне арқау болған
«Ақбұлағым,»
Әлемге елді танытып, шат
қуандық
Жайнайды
қазағымның жасыл бағы,
Бәкірдей
барда асыл арғымағы!
Азғындаудың амалын ойламағын ...
Басыңа бар байлықты жинағаның,
Ақшасымен адамды сыйлағаның.
Осындай ойсыздықты ойға алсам,
Орнымда байыз таппай қиналамын.
Өзіңдей адамзатты ойламадың,
Ішкі
әлем тереңіне бойламадың.
Қанша жан қайғы кешіп, қан жұтса да,
Таппадың
көмек деген бір амалын.
Дүние жолдас болмас саған бала,
Қалады самай шашың ағарғанда.
Қолыңнан енді шара келмес кезде,
Жақынның қамын ойлап алаңдама.
***
Ақшаға жастайыңнан құныққаның –
Артында жауап барын ұмытқаның.
«Өзімнің өз үлесім өмірден» деп,
Байлықты бағыңдай бір ұлықтадың.
Кетеді соны ойласам суып қаным,
Маңыңа енді сенің жуықтар кім?!
Жанашыр жақсыларды суытқаның,
Бұл емес шуақ шашып жылытқаның.
Қаперге кіре бермес қылықтарың,
Өзіңді өзің ластап былықтадың.
Онан
да жақсы емес пе болашаққа,
Күреспен табан тіреп шыныққаның?!
Ау, жұртым, азғындарға емің бар ма?!
Әлде бір түзететін жөнің бар ма?!
Ажалдың ақ құтаны келмей тұрып,
Ақ жол тап алқынатын демің барда!
Қу
тірлік қамы үшін қанша адам,
Аянбай еңбек етіп шаршамаған.
Көкейін қайғы бұлты торласа да,
Күш
жиып тауқыметті тұмшалаған.
Қанжығаң майланса да мастанбағын,
Байлықты басқа орап жастанбағын.
Өмірде күрес деген үлесің бар,
Алға ұмтыл азғындықтың тастап бәрін!
Ұмытпа
алда әлі бағың барын,
Бақыттың жолын күтіп адымдағын.
Аз
күнді ақшаменен бағаламай,
Жасыңда жылу беріп жалындағын!
Бес парызға асық бол
Ислам жайлы
толғанам,
Мұсылманмын
туғаннан!
Екі дүниеде
бақытты,
Күнәсін лезде жуған жан.
Бес
парызға асық бол,
Бес
күнәдан қашық бол.
Діни
сауат аштырып,
Досыңды
дінге ғашық қыл!
Бас парызың
иманға,
Жөн болады
иланған.
Алланың барын
ұмытпай,
Періште жайлы
ойланғам.
Алладан
келген төрт кітап,
Тура
жол кілтін нақ нұсқап.
Пайғамбар
келді ұстаз боп,
Аманат
дінді табыстап.
Ахирет күні
бары рас,
Шайтани шырақ
жағылмас.
Жаратушы
жазған тағдырды,
Өзгертер өзге
табылмас.
Бес
парыздың біреуі,
Намаз – діннің тірегі.
Шын
сәжде ғып бас исең
Нұрланар
ғазиз жүрегің.
Парыз ғып тұт
та ораза,
29 күннен жоқ
қаза.
Мың айдан да
бір түн қайырлы,
Жадырар жаның
боп таза.
Біреуің
парыз садақа,
Ертеңді
ойлап, салмақта.
Ахирет
бағы ұшырап,
Амалың
тарар жан жаққа.
Иманың, қаржың
болса егер,
Меккеге аттан, көппен ер.
Қабыл болып
қажылық,
Жәннат сыйына
сен кенел.
Бес
парызға асықсаң,
Күнәні
бойдан қашырсаң.
Рухың
асқақ болады,
Исламға
іңкәр ғашық жан.
Болмасын ешбір
қасірет,
Біле білсең,
дінің – қасиет.
Ниеті түзу
халқыма,
Аллам тек
жәннат нәсіп ет!
Аумин!
Тәуелсіздігіме мың тәубе
Тар жол мен
тайғақ кешкен де,
Мәуелі ағаш
боп өскенде.
Қиын-қыстаумен
таңы атқан,
Тәуелсіздігіме
мың тәубе!
Оққа
да ұшты жас кеуде,
Жерді
де құшып көп пенде.
Мың
өліп, мың тірілген,
Тәуелсіздігіме
мың тәубе!
Ақ қар мен көк
мұз боп жерде,
Қарамай
ызғарлы сол жер желге.
Қаһарлы желмен
кеп жеткен,
Тәуелсіздігіме
мың тәубе!
Тарихы
жатқан тереңде,
Өткенім
үлгі өренге!
Жол
ашқан даңғыл еліме,
Тәуелсіздігіме
мың тәубе!
Бодандық тағы
күрмеуде,
Бостандық бағы
өрлеуде.
Ұрпағы алаңсыз
ержеткен,
Тәуелсіздігіме
мың тәубе!
Егемен
ел боп еңселі,
Мерейім
бүгін өскен-ді.
Тәуелсіздігіме
тәубе етем
Ғұмырымда
мынау өлшеулі
ЭКСПО-2017
Азат елімде
кеңес өтті әлемдік,
Елу алты елге
жиын жасау – бір ерлік.
Азиадада
спортшыны бір байқап,
Жетістігіңді
жіпке тізсем жоқ кемдік.
Лондонда
да ел жастары өрледі,
Әнұраным
ағылшын елін төрледі.
Астанада
ұйымдастырып ЭКСПО,
Бұйырса,
елім өткізеді көрмені!
Бұл жарыста
жеңіске жеткен жастарым,
Кейінгіге
үлкен өнеге тастадың.
Қазақтардың
арасында өзге ұлт,
Өкілдері де
жеңіс жолына бастады.
Астанада,
Алматыда, Ақтөбеде,
Тұрып
жатыр орыс, қытай бір жерде.
Ағаш
үйім таңқалдырған талайды,
Үйлестірген
бір шаңырақ, кереге.
Аллаға шүкір, тату-тәтті болып біз,
Алалық жоқ,
жаны таза, тұнықпыз!
Орысы бар,
ұйғыры бар – бәріміз,
Қазақстанда
ұлы отау құрыппыз.
Осымен
тамам сөзім де,
Өнерім,
өрге жүз, үзілме.
Айтысқа
шығып тұрайық,
Мүмкіндік
болған кезінде.
Шарықтасын шабытың,
Мұңын жырлап халықтың.
Бірге осылай сан жерде,
Шырқайық өнерге байып тым.
Болсын
бейбіт күн, жақсылық,
Етпесін
ұрпағым жат қылық.
Мен
тілеймін сізге бір,
Өмір,
өнерде сәттілік!