1992 жылдың 29 желтоқсанында Байғанин
ауданы,Кемерши ауылында дүниеге келген.
Ауылдағы Қожабай Жазықов атындағы
орта мектептің түлегі. Бүгінде Абай
атындағы ҚазҰПУ-дың филология және шет
тілдері институтының 4 курс студенті.
Жырға жаны жақын. Түрлі тақырыптарда
қалам тербейтін Құндыздың өлеңдері
оқыған жанды баурап алады. Өлеңді ұйқас
қуып емес, бүгінгі жас толқынға тән
бағытта өрбітетін ол, дегенмен мүшарайларға
өзі айтпақшы, «беттеп көрмепті».Бірақ
өлең- жырлары республикалық басылым
беттерінен орын алып жүр. Ақын қыз
болашақта әдебиет жолында шама-шарқынша
тер төккісі келетінін айтады. Сонау
Алматыда білім алып жүрген студенттің
тауы жоқ иуған даласына жолдаған «сағыныш
хаттарында» кіндік қаны тамған жеріне
деген аңсары:
«Сен
де адалсың,сағынышым-сары мұң.
Сен
арқылы сонау құйттай даламды,
Шексіз
сүйдім.... Сағындым» ,-деп келеді. Осылайша
жүректен шыққан жырларын,
«Сенер
ме екен, бұл сағыныш сонда бір,
Сенде
алаңсыз тасып ал» деп өрбітсе,енді
бірде:
«Сағыныш
па? Басылар...
Сылдырыңа
мендік жүрек садаға,
Сағынта
түс,тасып ал.
Мен
шыдармын...» деп бір кезгі асау Жем
өзенінің тасымай жатқанына қынжылысының
барын да айтып қалады.
Бүгін
ақ қағаздың бетін әдемі жырлармен
көмкеріп жүрген Құндыздың шығармашылығынан
«сағыныш хаттары» топтамасын ұсынып
отырмыз. Аңсап , сағынудың сырлы сезім
пернесін дөп баса білгін оның жырларынан
Алатауы асқақ өлкеде жүрсе де ақсары
құмы жөңкіле көшетін туған жерін, ерке
Жемнің өңірін жайлай қонған атамекенін
жүрегінен бір сәт шығармайтыны аңғарылады.
Өз тарапымыздан сағыныш серенадасын
шерткен Құндызға шалқар шабыт,ұтымды
ұйқас, жарқын жыр, өрелі өлең тілейміз.
Сағыныш
хатары
Құлан
жорытқан құла түз мұң кешкендей ме?
Құм
көшкендей ме, құмдармен жыр көшкендей
ме?
Тау
кірмей –тұғын түсіне сары қыз осы,
Таулардан
биік арманмен қырда өскендей ме?
Қырда
өскен еді, әлі отыр құмда өскен елі,
Гүл
дестеленген көңілге жыр кестеленді.
Толқындарымен
теңіздің толқымас да,
Су
кешкен Жемнен сонда бір сыр кешкен еді.
Күн
тимес қара жері жоқ шұғыла жазық,
Жаңғырық
үні таулардың құлағына жат.
Бұлбұлдың
үнін ұғынбай жүр ғой демесең,
Сылдыр
да қаққан сыралғы бұлағы ғажап.
Көмейі
күмбір шешендей сөзге келелі,
Тасының
тілін түсінсең тезге көнеді.
Табаның
тірер тұрағы тағы жоқ деме,
Тауы
жоқ жердің бұлттары кезбе келеді.
Ойда
пырағым жүргендей, қырда құланым,
Құбылам
түгел, қайтейін қалғанның бәрін.
Көңіліме
көшсін... қалып ед құмда құмарым,
Құмдағы
әнім-таусылмас сырғалым –әнім.
Беу,Ерке
Жем...
Беу,Ерке
Жем,сағынышым ең ыстық,
Өз
кеудемді өзім қалай жеңейін?!
Топырағыңнан
, толқыныңнан уыстап,
Кеудеме
әкеп себейін.
Сенер
ме екен бұл сағыныш сонда бір
Сенде
алаңсыз тасып ал,
Көңілімнен
көшпей жүрген жорға-мұң,
Шақалар
да басылар.
Салмағыңды
сездірмесең қайтеді?
Әй ,
Сағыныш, қашықтамас Жем менен.
Толқынымен
жарысқан ем.. әйтеуір,
Озам
шауып әрге мен,
Мен
өтемін кермеден.
Сен
де Ұлысың менің туған анамдай,
Сен
де адалсың, сағынышым –сары мұң.
Сен
арқылы сонау құйттай даламды,
Шексіз
сүйдім... Сағындым.
Беу,Ерке
Жем,жетер ме екем бағаңа?
Сағыныш
па? Басылар ...
Сылдырыңа
мендік жүрек садаға,
Сағынта
түс,түсіп ал,
Мен
шыдармын....
Ағысыңнан
айныма,асылым
Ерке
Жемім...
Ертегі
өмір ұйыған көркем өңір.
Қашып
шығып құрсаулы пенделіктен.
Құшағыңа
келіп жүр еркелігім.
Төсіңде
арман...
Кешімде
алуан көзімнен көшіп жалған.
Тобығымнан
аймалар толқының ед(і)
Тар
қалады толқытып есімді алған.
Анам
ба едің?
Ақ
тілегін айтсын деп саған келдім.
Әкем
бе едің, арналы-
Жоқ
,бұлайша-
Маңдайымнан
сүйетін ағам менің.
Өзімдей
шын..
Құрбым
ең ұяң жүзді сен не дейсің?
Сырласуға
қалмап ем мен де өгейсіп.
Жем
не дейсің?
Мен
айтсам... балтырымды-
Шымшып
өтер ойнақты жеңгедейсің.
Құрағыңнан
көктемгі жас үнің кеп..
Ашуың
жоқ...сырым жоқ жасырын көп.
Оралам
мен жағаңда ойнап жүріп,
Орамалы
қап кеткен ғашығың боп.
Белгісіз....
- Белгісіз: көре ме, көрмей ме?
- Белгісізі келе ме, келмей ме?!
- Үзілген жолдардан жолығып,
- Жатырқап жүресің сен кейде,
- Жабырқап қаламын мен кейде
- Сынық жүз сырымды білгей де!
- Білгенің дертімді едей ме?!
- Самарқау көшеден жолығып,
- Сағым боп кетесің сенкейде
- Сағынып қаламынн мен кейде...
- Көп күттім... үмітім бар мұнда,
- Көп күттім... көшелер қалғуда,
- Жабықсам, келеді кеткім де
- Сағынсам, келеді, қалғым да...
- Сабырға шақырып төзімді,
- Көп күттім, көшелер көз ілді.
- Жатырқап жүретін жолдарда
- Жоғалтып адың ба өзіңді?...
- Белгісіз келе ме, келмей ме?!
- Белгісіз көре ме, көрмей ме?!
- Самарқау тартатын көшемен,
- Жабырқап қайтамын мен кейде...
Күз
келсе
Ғажабы
бар екен нендей?
Жаныма
жолдас –мұң еніп.
Күз
келсе жүремін ылғи,
Біреумен
қоштасқым келіп.
Жанарда
–жастың дерегі
Жаңа
көшкендей жаз-қайғы.
Күз
келсе жазғым келеді,
Бір
өлең қоштасу жайлы.
Құмармын
неге жүдеуге?
(Жүдеуден
жек көрерім жоқ)
Күз
келсе, бірақ,біреуге
Кетеді
өкпелегім кеп.
Жаңбырлы
күздің мінезін,
Құямын
жанымнан бөліп.
Күз
келе қалса біреуді,
Тұрады
сағынғым келіп.
Жапырақ
жасы –мәңгі мұң,
Саябақ
–саяқ мекенім.
Мен
жалғыздардың барлығын,
Күз
келсе аяп кетемін...
Құндыз
Жұбаева.
«Жем
Сағыз» газеті, 2013 жыл, 4 қазан- « Мөлдір әлемді, адамдар, кірлетпейікші»
- Құндыз Жұбаева -Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология және шет тілдері институтының 4 курс студенті. Байғанин ауданындағы Кемерши ауылында туып өскен Құндыздың өлеңдері республикалық БАҚ-та жиі жарияланып жүр. Құндызға ақ жол тілей отырып, біз де оқырмандарымызға оның әдемі өлеңдерінің бір тобын ұсынамыз.
- Жалғыздық жүр жиырманың жанарында...
- Бұл күнде көңілге артқан көшім бөлек,
- Жыр болып жүрегімнен көшірген от,
- Жиырманың жанарында жалғыздық жүр,
- Ал алғашқы көктемім есімде жоқ.
- Есімде жоқ, сол көктем нені білдім?!
- Кімді танып, ал кімді... үлгермедім.
- Сағым – көктем жеткенде қала берді
- Сәбиліктен ажырап іргем менің.
- Сонда күннің шекеме тигенде ерні,
- Кім көтеріп шықты екен үйден мені?
- Әкем шығар даладай құшағымен,
- Қуаныштан баладай күй кернеулі.
- Бәйшешегін көктемнің танымадым,
- Қызғалдағын көк белдің танымадым.
- Аясынан қылтиған кең құшақтың,
- Елестетіп... өзімді сағынамын.
- Сағынышпен араны алшақ еткен,
- Иек артты жылдарға қанша көктем.
- Жалғыздық жүр жиырманың жанарында,
- Жанарында сырғиды моншақ еппен...
- Сағынышпен танысу.
- Асаулау арман алып ұш мені,
- Қол создым тағы да жалына Айдың.
- Базғы сағыныш Сағыныш па еді,
- Мен оны бүгін танымай қалдым.
- Тіпті өзге жырды сыңсып тұр әні,
- Қуанышыммен кереғар басым,
- Жүрегім, пәлі, шертіп тұр әлі,
- Сағынышымның серенадасын.
- Сарғыш бояуды сағыныш еткем,
- Кеудемде қалған күздегі реңнен.
- Бір кезде мені елемей кеткен,
- Мен де оны кейін іздемеген ем.
- Кездейсоқ келдім бетіне бүгін,
- Шарпыды сезім оттары, лебі.
- Босата көрме тек өтінерім,
- Сағынышымның қақпаны мені.
- Шоғыңа көсеп, отыңа таста,
- Алдияр, басым, көнбеймін неге?
- Сырына қанық сырқатым еді,
- Сағынышым барда сенбеймін, білем.
- ***
- Мен саған сыр ашпаймын,Гүл,
- Қайғыңа қосар мұңым жоқ.
- Мені ұнатпаймын,Гүл!
- Осалдығың көп.
- Бәлкім ұқсас та шығармыз...
- Жыламайды кім?!
- Мен де Әлдінің нысанасындағы –
- Құралай-Ғұмыр.
- Маусымың жетсе, мақтанға
- Сен де құмарсың.
- Менменсіп кеткен жазалы –
- Пенде шығарсың?
- Ару шығарсың сүйікті,
- Көктемі алдаған.
- Наз қылып нәзіктігіңді –
- Көтере алмаған?
- Мен сені қызғанбаймын,Гүл,
- Бағым көп, бағаңнан есе.
- Мысқылдап жүз қайғым күлер,
- Басымды саған теңесе.
- Ерке ете білген жаныңды,
- Күн-Иең,Күнге сай сүреңің.
- Мен құрбы бола алмаймын, Гүл,
- Ай-құрбым, Айды сүйемін.
- ***
- Өгей түнім-ау, осылай туылған едім,
- Жылап алайын...
- Жасыммен жуынбақ едім.
- Жұлдыздардың ба, жоқ, әлде ... өзің-ақ айтшы,
- Жұлдыз құлатқан жанарым сұлу ма менің?!
- Қою түндердің мен шығар ұнайтын Әні.
- Жылап алайын.. онсыз да жылайды Бәрі.
- Мөлдірлігі ғой жақұт-жас сезімнің, жанның,
- Оны тұмшалап несіне ел құдайсынады?!
- Құлатып алған жандар бар жардан мұратын,
- Қиранды мұңнан жан үшін арман құратын.
- «Жеңіліс емес ,- дейді ойым,-
- Жылаудың заты»,
- Жылап алайын жамылып жалғанның атын.
- Көз жас болған құлмыз ғой –
- Жердегі асы;
- Құрғатар көзін топырақ пендеміз, расы.
- Мөлдір әлемді, адамдар, кірлетпейікші,
- Мен де жылаймын, қаталдық, Сен де жылашы...
- ***
- Мен Сен күтіп жүрмін бір келер деп,
- Жаныма салатындай гүлдеп өрнек.
- Гүл –көңілді саолдырып алмайын деп,
- Біреулерден қашамын үндемей көп.
- Дабырасын тірліктің пендеге ермек,
- Елемей-ақ, иештеңе көрмеген боп.
- Сөзі өтіп жатса да дүрдараздың,
- Жеңді бәрі,... жеңілдім, жеңбеген жоқ.
- Қарсы тұрсам өкпек жел кеудеге үрлеп,
- Кеудемдегі көп гүлім Желден өлмек.
- Мен жымидым, жанған сәт кезімде Үміт
- Көзімде Үміт жымиды Сен келер деп.
- ***
- Біреулердің көз ұшы аларғаны,
- Біреулердің тым сөзшіл боп алғаны.
- Әсерінен арылған...
- Қалада бұл –
- Қызық емес, Ұрының тоналғаны.
- Тоналғаны Тасқа да , Маған да бір
- Менің тіпті ол емес алаңдауым.
- Сен келер деп, келер деп тым жақында,
- Жұбанады жалғыз-ақ соған жаным.
- Сағыныштың сарсаңы, сынағаны,
- Түгесілген тағаттың құр амалы.
- Үмітімнің әлсіздеу шырағымен,
- Есім кете кезгенім Түн алабын.
- Қақпанға алды Қара түн қадамымды.
- Құлап жаттым...
- Кешірім сұрамады?!
- Өзіңде кел де, мендегі тірлікті көр,
- Бәрін-бәрін есімнен шығарамын.
- ***
- Белгісіз: көре ме, көрмей ме?
- Белгісізі келе ме, келмей ме?!
- Үзілген жолдардан жолығып,
- Жатырқап жүресің сен кейде,
- Жабырқап қаламын мен кейде
- Сынық жүз сырымды білгей де!
- Білгенің дертімді едей ме?!
- Самарқау көшеден жолығып,
- Сағым боп кетесің сенкейде
- Сағынып қаламынн мен кейде...
- Көп күттім... үмітім бар мұнда,
- Көп күттім... көшелер қалғуда,
- Жабықсам, келеді кеткім де
- Сағынсам, келеді, қалғым да...
- Сабырға шақырып төзімді,
- Көп күттім, көшелер көз ілді.
- Жатырқап жүретін жолдарда
- Жоғалтып адың ба өзіңді?...
- Белгісіз келе ме, келмей ме?!
- Белгісіз көре ме, көрмей ме?!
- Самарқау тартатын көшемен,
- Жабырқап қайтамын мен кейде...
- ***
- Сұлбаңды арай көрсетер деп келер күн.,
- Жастығыма бас қойған сәт елірдім.
- Аспанда емес...
- Жердесің ғой –
- Көрермін...
- Көре қалсам, не дермін?!
- Бермей қойды өзің жайлы түн дерек,
- (Бұл жайды да білген ек...)
- Сенің жолың тым бөлек,
- Менің жолым тым бөлек.
- Ал, Жер ме?
- ...Жер- дөңгелек.
- Қайта айналып жолығысып қалармыз...
- Үмітім-ай...
- Үйден сосын шығамын,
- Кірпігімді сүрмелеп.
- Ай бақпаған еті тірі етерге еп,
- Бұл қалада табан тірер мекен көп.
- Мен адасып жүрем ылғи көшеңде,
- (...көшеңе осы жетер жоқ)
- Жүріп келем... осы жолмен өтер деп,
- «Мен жынданған екем» - деп.
- Кім сенеді?
- Кімсенсе де бұл күйге...
- Күлер болсаң сүйген кебін сен киме.
- Өкпелесіп,тарқар ма едік шіркін-ай!!!
- «Сағынсаң да келме!» -деумен,
- «Келме Үйге!»
- Қалт-қалт етіп қайтам жалғыз...
- Аз ғана,
- Ақылымды айдап кетіп Жел кейде.
- Кездеспесең , кездеспегін, көркем жар,
- Көкірегімде өртеңім бар, сертім бар.
- Бүгін сені көре алдым...
- Таңы атсын –
- Бұл қаланы бас қоймас ертең қар.
- Өтпей кеткен күні сенің көшеңнен,
- Іздерімді өшіргенде есер жел.
- Сертімді бар жылай-жылай Жер тыңдар.
- ***
- Қызғаныштың көз жасы мұз секілді,
- Жарақаттап жүреді жанымды көп,
- Жүрегімді аязы қариды көп.
- Қорғасын –мұң жаншыса,Күдік –бейне,
- Үп етеді Қауырсын-дариға үміт.
- Мөлдір моншақ тізуші ем ол да қалды,
- Шашып кеттім сен келмес жолға бәрін.
- Қызғаныштың көз жасы кермек неге?
- Айғыз-айғыз жүзімде сор қалады.
- Жанарымды бұрғанмен жел өтіне,
- Жасым кеппей айналдым келекеге.
- Қызғаныш бар жерде ылғи Сағыныш бар,
- Сағынбасаң қызғанып керегі не?
- Сағынып ем,бір жанды ән боп келді,
- Қызғанып ем, кеудем - -өрт...
- Қалды Өкпеде.
- Сағыныштың көз жасы неге тәтті?
- Қызғаныштың көз жасы кермек неге?
- Құндыз Жұбаева.
- «Ақтөбе» газеті, 2014 жыл, 30 қаңтар