1995
жылы қазан айының он алтыншы жұлдызында
Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Ата-анасының айтуынша сол жылдың алғашқы қары жауған күзде дүниеге
келген Арайлым кішкентайынан табиғат тылсымның әдемі көріністеріне әуес, жаны нәзік болып өседі. 1997 жылы Гайдарханның шаңырағы
Матайқұм өңірінен Миялы селосына көшіп келеді. Осында Арайлым 2002 жылы Дияр орта мектебінің балғын
оқушысы аттанады. 3 класта оқып жүргенде жас шәкірт алғашқы өлеңдерін шығарады.
Арайлымның айтуынша жалпы өлең шығаруға
деген құштарлығының оянуына айналадағы жағдайлардың бәрі әсер еткен. Жасыл –желек
талдар қоршаған, Жем өзені өзеннің бойын жайлаған Миялының көрінісі,
Отанға деген сүйіспеншілік жақындарына деген жақсы көру ішкі жан дүниесіндегі
ерекше сезімдерді оятып, жүрегінен жыр
жолдарын тудыруға тікелей әсер етеді. Сол кезден бастап-ақ ол әдебиет әлеміне қиялмен
сапар шегіп, ақын-жазушылардың туындыларының сырына қаныға бастайды.Ә.Нұрпейісовтың
«Қан мен тер» және С.Мұратбековтың
«Жабайы алма» әңгімесі оның алғашқы оқыған кітаптарының арасындағы ерекше әсерге
бөлеп,есінде қалғандары.
Дияр
орта мектебінің II класында оқитын Арайлым аудандық пәндік олимпиаданың 2 жыл қатарынан жүлдегері атанған. 2011 жылы «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның
гүлденуі» жастар марафон эстафетасында облыс әкімі тағайындаған жүлде ноутбук
иеленді. Ал жақында ғана Алматыдағы Қайнар университеті мен Knacctime газеті ұйымдастырған
«Менің ауылым» шығармашылық байқауына қатысып, Ақтөбе және Жем-Сағыз газеттерінде жарық көрген «Көркейе
бер,Миялым, дамылдамай» атты шығармасы үшін жүлделі II- орын алып,Қайнар
университетінде 50 пайыз жеңілдікпен оқуға мүмкіндік және сандық фотоаппарат жеңіп
алды. Отбасындағы ақылгөй әжесі Ақсырғаға
сүйікті немере, әке-анасының тұла бойы тұңғышы мен екі бауырының апасы мектепте де белсенді оқушылардың бірі. Болашақта журналистика мамандығын меңгеріп халық үшін қызмет
етуді ойлайтын жас
Сенбе
жұртқа тұрса да, қанша мақтап,
Әуре
етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе
сен өзіңді алып шығар,
Ақылың
мен білімің екі жақтап,-деген
данышпан Абайдың қанатты сөзін өз өміріне
үлгі етеді.
«Жас
жүрек жайып, саусағын, талпынған шығар
айға алыс»,демекші Арайлымның жауқазын жырларында әдебиет әлеміне деген балаң
талпыныс,тылсымнан келер шабыт бар. Өңіріміздің
Сағи,Есенбай, Тобық сынды ақын-жазушылары құмды ауылда асыр салған бала
боп, кітап оқып,Астана асып дана болған ғой. Кітапқұмар әрі тума талантты бар
жас та асқақ арманы жетелеп, әйтеуір бір қалам ұстаған тұлға боларына біз кәміл
сенеміз. Бүгінгі өлеңдері сол соқпақты жолдың
алғышарты ғана. Біздің мақсат «болам деген баланың қолын қақпай,белін
буу» талпынғаның қанатынан демеу. Оқып көріңіз.....
Жан дүниеммен сырласу
Неге
жаздым? Білмеймін бұл өлеңді...
Жүрегімнен
жаралған сырым бе еді?
Ақтарып
көңілімнің ақ сандығын,
Көкейімде
жүрген бір мұңым ба еді?
Шабыт
деген тұлпармен шауып келем,
Бірте-бірте
өмірді танып келем.
Батып
кетіп қараңғы тұңғиыққа,
Шыға
алмай қалам-ау деп қауіптенем.
Ойыма
неге келді бұл шумақтар?
Мазалайды
санамды сол сұрақтар.
Әлде
жай сезімнің дауылы ма?
Шабытпенен
көтеріліп,тына қалар.
Жазғанмын
бұл өлеңді өмір үшін,
Толқыныс
пен теңіздей көңіл үшін.
Отан
үшін ұлт үшін ұрпақ үшін..
Елге
деген балалық сезім үшін.
Туған тілім
Қазақ
болып келдім мынау өмірге,
Бейбіт
өмір менің байтақ елімде.
Қазақтықтың түп-тамыры тұтқасы-
Қасиетті
дінім менен тілімде.
Тілім
үшін жанымды да берер ем,
Тілім
үшін жамандықтан безер ем.
Тілім
үшін қажысам да әл құрып,
Сақтар
оның құдіретін сезер ем.
Тілім
менің мөлдір судан тазасың,
Шамшырақтай
жарқырайсың,жанасың,
Мәпелейсің
қамқор ана үніңмен,
Аналардай
әлдиген баласын.
Қасиетті
қазақ тілім –айбыным!
Сенсің
менің аспандағы ай-күнім,
Ана
тілдің құдіретті күшімен,
Толы
болар асыл сөзді байлығым.
Өзім туралы
Өткен
күннен шешіре сыр шертемін,
Өткелдерді
қиялыммен елтемін.
Ар-намысты
қайсар қазақ қызымын,
Кейде
момын,кейде өзім еркемін.
Тегім
Нұрбай, ал есімім Арайлым,
Көкжиектен
сан жұлдызды санаймын.
Руым
–Адай, әкем аты-Гайдархан,
Әкемді
мен асқар тауға балаймын.
Мейірімді
ақ әжем бар ардақты,
Мінезі
–күн,жайлы әрі салмақты.
Әжімбет,
Құрман руларының төл қызы,
Күміс-көмей
әнші әрі жан-жақты.
Жан
анашым-мөлдір,кәусар бұлағым,
Көктемімдей
көрікті бал құрағым.
Руы
Өрезек, аты Әпиза асылым,
Жан
сырларым бір өзіңсің шынарым.
Жан
дегенде жалғыз інім –Темірхан,
Артық
көремін ең қымбатты асылдан.
Зейін
қойып, жақсылыққа ұмтылар,
Арманы
көп тау суындай тасынған.
Сіңілім
бар ай нұрынан жаралған,
Аты
Ақтоты, тоты құстай таранған.
Ешқашанда
айырбасқа салмас ем,
Бар
асылды жинаса да он сегіз
мың ғаламнан.
Мұсылманмын оған көңіл бөлемін,
Адамшылдық қасиетке сенемін.
Қырықмылтық ,Мұңал рулары
бабамның,
Қазақ болып бұл өмірге
келгенмін.
Армандарым көп аспанмен таласқан,
Сан сезімім жырларыммен
жарасқан.
Елім үшін адал қызмет
етемін,
Оған куә жер-ана мен көк
аспан.
Тәубе қылам,тәңіріме
әрдайым,
Ар мен даңтың аражігін
ажыратып
барлайын.
Қиялыма қанат бітіп
әрқашан,
Ғажайыптар әлеміне
самғаймын.
Мен қазақтың қызымын дара
туған,
Шабыт алған қыранның
қанатынан.
Жүрегімнің тұңғиық
сырларынан,
Мөлдіреген
жауһар-жыр жаратылған.
Мұқағалиға
арнау
Мен бір уақыт беймаза күй кешемін,
Жүрегімнің мұңымен тілдесемін.
Жырларымның бастау алған бұлағы,
Мұқағали жырымен үндесемін.
Мұқағали ақиық ақын еді,
Жырлары
толқындардай тасқын еді.
Жырлау үшін келіп
еді өмірге,
Жерұйықтай қастерлі туған елді.
Бала қиял оны алға жетеледі,
Өмірінің көшімен кете берді.
Қан майданда ерлікпен ұрыс кешкен.
Әкесін сағынышпен күте берді
Көп көрді бұл пәнидің қатал сынын,
Күн де оған төкпей ыстық нұрын.
Қас қарая қолына қалам алып,
Жырларымен
толтыратын көңіл мұңын.
Бағаланбай тірісіңде мол еңбегі.
Қайғыменен жалғасты өлеңдері.
Туған халқын жырына
қосқаны үшін,
Қысым көрді халқымның кемел ері.
Фаризадай
қарындаспен сырлас болды,
Қайғы көріп халқы үшін мұңдас болды.
Сонда да бар күшімен сақтап қалды,
Махамбет пен Абай салған дара жолды.
Мұқағали атаны іздемейміз архивтен,
Атамыздың соңында жырлары бар әйгі
еткен.
Ел есінде әрдайым сақталады есімі,
Жалындаған жырлары қиып түсер
наркескен.
Ұрпағыңмын жырларыңды жалғайтын,
Көк жүзінде қыран болып самғайтын.
Мол мұраңды келешекке жеткізіп,
Өр қанатым самғап жүріп талмайтын.
Ұстаз-ұлы
тұлға
Ұстаз деген ұлы тұлға аяулы,
Бұл өмірге кең құшағын жаяды.
Бар білгенін басқаларға үйретіп,
Біліммен сусындатып қояды.
Әр адамның ұстазы
бар үлгілі,
Үйрететін өнер менен білімді.
Әрқашанда жақсылыққа жол нұсқап,
Жарық қылар су қараңғы күніңді.
Ұстаз деген ұғым жайлы тербеп жыр,
Қиялымды шарықтатым бүгін бір.
Осы жырды ұстаздарға арнаймын.
Сөздері алтын,жүректері толған нұр.
Рухани ұстаз,ана ұстаз,ұлы ұстаз
Бұл атаулар бір-бірімен туыстас.
Шәкіртіне түсіндіріп барлығын,
Білмегенін үйретуден жалықпас.
Ұстаз деген ол-екінші анамыз,
Қиналғанда тіреу болар панамыз.
Өнегемен өрнектеген өмірді,
Біздер үшін ақыл-дария данамыз.
Дүниенің барлық сырын білетін,
Бар ғылымды, бар білімді сүйетін,
Әр шәкіртін азамат қып жеткізер,
Ұстаздарға мен басымды иемін.
Ауылым -асыл
қазынам
Туған жерім
–биік тұрған тұғырым,
Қырларыңда кісінеген тай-құлының.
Балалықтың бал
көктемі құлпырып,
Басталады әсем нұрлы өмірім.
Сен дегенде шырқалады шаттық әнім,
Көкжиектен көтерілген алтын таңым,
Жемөзені жағалауын араласам,
Қуанады асқақтап нәзік жаным.
Тоғалай –күнбатыста орын тапқан,
Қырында мал басының саны артқан.
Өнерлі ұл-қызы бар Миялының
Ғажайып ән мен жырдың шамын жаққан.
Асқақтай бер Миялым
дамылдамай,
Шапағыңды шаша бер жазғы таңдай.
Ырысың
мен берекең арта берсін.
Ақ көңіл қасиетті адал жандай!
Астана –елімнің жүрегі
Азаттықтың
бойтұмары,
Арайланған Астанам.
Қазағымның мақтанышы,
Әсем биік бас қалам.
Жүрегімнің сезімдерін,
Шабытыма жалғаймын.
Ақ пейілді ақ жырымды,
Астанама арнаймын.
Ақыл-ойым сені ғана,
Әсем қала санайды.
Сенің ғажап келбетіңді,
Жұмаққа да балайды.
Еркіндіктің ақ ордасы,
Әлем халқы көз тіккен.
Бейбіт елдің бақ ордасы,
Жаралған нұр үміттен.
Зәулім биік ғимараттар,
Әсемдікпен көз тартқан.
Жасыл-желек ғажап бақтар,
Бар қазақты тамсатқан.
Ару Есіл жағасында,
Сенің мекен тұрағың.
Азаттықты жырлай берші,
Үзілмесін жыр-әнің.
Астанамның ақ төрінен,
Орын тепкен Бәйтерек.
Асқақ биік
келбетімен,
Отаныма сән беред.
Зәулім қайсар Бәйтерегім,
Самұрық құстың ұясы.
Самұрық та қырағы құс,
Еркін қазақ сияқты.
Арай төккен ақ таңдарың,
Ертегідей ғажайып.
Хан шатырың жарқыраған,
Тамсандырған талайды.
Кереметтің кереметі,
Қайсарлықтың өр келбеті,
Азаттықтың нышаны ғой,
«Қазақ елі» монументі.
Елбасының ақ сарайы,
Асқақтаған Ақ орда.
Ел тағдырын,халық қамын,
Жақсартатын бақ орда.
Сарыарқаның сары төсінде,
Асқақ болып тұрасың.
Міне қазір армандаған,
Орындалды мұратың.
Қазағымның үміт шамын,
Жарық күндей жағасың.
Көркейтеді сенің бейнең,
Ұлы қазақ даласын.
Құлпырасың күннен –күнге,
Ақ Астанам арайлы.
Сенің нұрлы ақ шуағың,
Бар әлемге тарайды.
Еліміздің жүрегісің,
Қазақ үшін соғатын.
Бар қазақтың тілегісің,
Пейілдерін ұғатын.
Қиялымды жетелейді,
Менің арман тілегім.
Өз көзіммен көрсем
деймін,
Еліміздің жүрегін.
Ұлы қазақ даласының,
Мен бір ерке қызымын.
Жырларымен сән беретін,
Кең даланың гүлімін.
Жүрегімнің ақ тілегін,
Қабыл алшы жас қалам,
Жайнай берші,жасай берші
Ақ тілеулі-астанм!
Асау шабыт
қайдасың?
Көптен шабыт келмей қойды,жаныма,
Шықпай отыр жырым өнер тағына.
Ұстатпайтын асау шабыт қайдасың?
Сені әлі де күтіп жүрмін сарыла,
Өзің барда ғажайыптар болатын,
Жырларыммен кеудем нұрға толатын
Сен жоқ кезде асау шабыт бұлқынған,
Болғандаймын шілдеде де тоңатын.
Жүрегімде кептеліп тұр жырларым,
Сонда жатыр қуаныш пен мұңдарым
Арғымақтай асау
шабыт келсеңші,
Ақ қағазға ақтарылсын сырларым.
Жем-Сағыз газеті.
2013 жыл. 31 қаңтар.
Ақиық ақынға
Қазағымның ақиығы көз
жеткізбес шыңдығы,
Тағдырынан тудырды ол жүрегінің жырларын.
Дүниенің мынау ыстық-суығына төтеп берд,
Шыңдала түсіп сексеуілдей
боп құмдағы.
Тұлпар өлеңді тұмардай
бойына тағынды,
Сәби көзінен іздеді мөлдір
сағымды.
Табиғатынан жаралған еді
жыр үшін,
Тау суы еді гүрілдеп аққан
ағынды.
Өрт шалып өмірін өлеңнен
сая іздеді,
Қанша жабықса да ертеңнен
күдер үзбеді.
Қараңғыны тастап, жарыққа
қарай ұмтылды,
Қазағы үшін қалжырауды да
білмеді.
Топырағында Қарасаздың
өткізді сәби жылдарын,
Көзімен көріп көк тіреген
Шалкөденің шыңдарын.
Өмір оны ерте есейтіп-соқа салып,арба айдад
Қаршадайынан бөлісіп өсті
анасының мұң-зарын.
Сол өмірінен өжет өлеңдер
өріліп,
Қайсар жүрегінен мөлдір
сезімдер төгіліп.
Жырымен басты сағынышын да
мұңын да,
Шолпандай болды жоғалған
бір сәт көрініп.
Өткендерге тәліммен
қарайлады,
Ұстаз тұтып Махамбет,Абайларды.
Қазақтың қара өлеңі өлмесін
деп,
Жырымен сусындатып талай
жанды.
Өлең гүлмен сәндерді өмір
бағын,
Әрбір жыры өшпестей болған
жалын.
Сыр-мұңымен бөлісті
қарындас қып,
Фаризадай жыр елінің
ақсұңқарын.
Мұқағали –дара тұлға мен
үшін,
Мұзарт таудың мұзбалағы елі
үшін.
Тірісінде көре алмады
күншілдер,
Халқы үшін сарп етсе де бар
күшін.
Өмірі мен жыры тапқан
үйлесім,
Бұл жалғанға мол еңбегі
сіңгесін.
Тау қыраны тылсымымен
өрнектеп,
Табиғат та жасап шықты
бейнесін.
Ал пенделер....
Пенде деген қызық –ақ
Пендешілік қасиеттерді тізіп ап,
Тірісінде елемейді жақсыны
Ал өлген соң жоқтайды оны
шын жылап.
Мамыражай бейбіт өмір шақ бүгін,
Аспанынан сәуле төккен ақ күні
Жыр жолдары сан жылдарға
жалғасқан,
Мұқағали бұл ғасырдың
ақыны.
Аманат қып өмірінің жыр-әнін,
Табыс еткен өлең деген
мұраны.
Жыр ошақтың отын жаққан
ақын боп,
Есімі әркез санамызда
тұрады.
Арайлым Нүрбаева Гайдарханқызы,
Байғанин ауданы, Миялы селосы
Дияр отра мектебінің 11 класс оқушысы
«Жем сағыз» газеті 2013
жыл,14 ақпан.