Сәбит Баймолдин шығармалары:
1942 жылы 5 наурызда Байғанин ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Қазақтың белгілі ақыны, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. 1964 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетін, кейін Қазақ КСР Ғылым Академиясы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітірген.
Жоғарғы оқу орнын бітірген соң Байғанин ауданының Байғанин орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директорлық қызметте болды. Бұдан соң Республикалық «Қазақстан Мұғалімі» газетінің батыс облыстар бойынша меншікті тілшісі, Батыс Қазақстан темір жол басқармасының органы «Стальная магистраль Болат жол» газеті редакторының орынбасары, Ақтөбе облыстық кітапқұмарлар қоғамы басқармасының жауапты хатшысы, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде бөлім редакторы болды. Алғашқы өлеңдер жинағы «Жер-мекен» деген атпен 1966 жылы «Жазушы» баспасында жарық көрді. Одан кейін «Қырда туған» (1967), «Монолог» (1969), «Қызыл іңір» (1971), «Сағыныш» (1976), «Алтын гүл» (1978), «Сенемін саған» (1980), «Іңкәр күндер» (1982), «Армия семьясы» (1982), «Бесік жыры» (1985), «Тал кеме» (1988) тағы да басқа өлең кітаптары жарық көрді. Тақырыбы жағынан сан алуан болып келетін Сәбит Баймолдин өлеңдері авторлық өзіндік қолтаңбасына тән ырғақ, ұйқастармен ерекшеленеді. Ақын өз туындыларына замандастардың болмыс-бейнесі, тыныс-тіршілігі, моральдық және азаматтық бағыт-бағдары турасындағы ой-толғауларын арқау етті. Сәбит Баймолдин 2000 жылы 9 желтоқсанда дүниеден озды.
ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан! Өз байтағым, байтағым,
Байтағымды өлең ғып мен айтамын.
Болатұғын бабамызда қонақжай,-
Қонақжайлық үлкейді ғой, байқағын.
Ен далада ер боп өскен еліміз,
Жаннан, бастан, қымбат дейміз, сені, Біз!
Бабамыз да қадірлеген достықты,-
Достық деген молайды ғой, көріңіз.
Ауа деймін ауасын тек қырымның,
Сол қырымда бәрі өтеді күнімнің.
Қазақ жері деуші едік қой бұл жерді-
Бұл сөз және үлкейді ғой, ұғынғын.
Айтса айтсын, көбік ауыз жоқ кепті,
Біз аудардық болашақтан көп бетті.
«Адамдар-ай, жақынырақ болсақ?»-деп,
Қазақстан зор планета боп кетті.
Болашақтан біз ғажайып алдық ой,
Алуан ұлт дос болды да, жазды бой.
Осы тұста достаспаған материк -
Артта қалған материк боп қалды ғой.
Бірлік деген – халықтардың ертеңі,
Бірлік деген – алтын арқау, бұл тегі.
Еңіреген алуан ұлттар біріксе,
Ерлік тумай, елдік тумай, қайтеді?
Баяғыда жылт-жылт еткен елесі,
Дүниеге қолын созған Ел осы.
Қазақстан тауы емес, дөңінен,-
Көрінеді дүниенің төбесі.
Қазақстан! Бақыт – далам, бақ – далам,
Сенсіз өлең, сенсіз бақыт жоқ маған.
Сен «осындай Елмін»деп кеп шалқайсаң –
Мен осындай қазақпын деп мақтанам.
ТУҒАН
ЕЛДІ СҮЙІҢДЕР
Атамекен. Көз алдымда барлығы,
Өзен-тауы, әні-жыры, тағдыры.
Кім болсақ та, перзентіміз бұл елдің,
Біздің туған ел дейді ғой, ал, мұны.
Атамекен. Кеудемдегі жырым бұл,
Айтылатын әнім де бұл, сырым бұл.
Қаным да бұл шулап-аққан бой қуып,-
Атамекен, таңдайдағы тілім бұл.
Атамекен. Ой ғып ойлап күнін әр,
Жыр ғып тербеп, тебіренеді тұрып Ар.
Бізде кім бар, туған елден басқа осы,
Туған елдің бізден басқа кімі бар?
Жылдар келер жыл артынан тиеліп,
Үй тігілер үй артынан үй еріп.
Үйретейік сүюді де балаға,
Өзіміз де келістіріп сүйелік!
Жүрегіңнің жалынын бер, күйін бер,
Алшы!-деші азырқанбай сыйымды Ел.
Келеді ғой менен бұрын да айтылып,-
Мен де айтайын! Туған елді сүйіңдер.
Сүю, сүю! – емес бірақ, оңай да,
Тар жерлерде тап қылады талайға.
Сүю деген бейнет болып басталып,-
Бақыт болып аяқталады, алайда.
Әсемірек боп шығатын өлеңмен,
Үкідейін бұлғақтайтын төбемде.
«Туған елді сүйем»деген үш сөзге,-
Құдіреттей сыйынам да. Сенем мен.
Өз елімді - «әкем» деп те, «анам»-деп,
Басқа елді жақтырмау да маған жат.
Әрбір халық бақытты болмай, меңінше,
Еш бақытты бола алмайды Адамзат!
Дөңгеленіп өте берер толған Ай,
Отыра алман абызы боп толғамай.
Меніңше де, қорғалмайды Адамзат,
Әрбір халық өзін-өзі қорғамай.
Жүрегіңнің жалынын бер, күйің бер,
Алшы-деші азырқанбай сыйымды ел.
Келеді ғой менен бұрын да айтылып,
Мен де айтайын: туған елді сүйіңдер!
***
БОЗТОРҒАЙ КҮН ТУРАЛЫ
ЖЫРЛАЙДЫ
Балапан торғай бозшалау,
Тұрады ерте ағарып.
Ел ұйқыда, ол ояу,
Тұрады көкте қадалып,
Көреді ол аппақ таңменен,
Ағарып жатқан өзенді.
Көк тіреген тауларды,
Жалғасып жатқан кезеңді.
Қаңқылдап қазы, қулары,
Айна көл жаңа бусанды,
Ұя сап жүрген жылдағы
Көрді ол бозғыл жусанды.
Таң шықты шығыс түріліп,
Қарсы алып жатыр нұрын бақ.
Келері күннің білініп,
Бозторғай тұр шырылдап.
Тынбайды ол, сол дыбыстан,
Көмейден құйттай күй ақты.
Шықпаса күн, анау шығыстан,
Түспей ол тұрар сияқты.
Не дейді құстың шырылы,
Ұғынсаң не деп білер ең.
Ол- құйттай жанның дірілі,
Әлемге жарық тілеген.
II
Бозторғай жерді, суды, әлемді тыңдайды,
Сосын күн туралы жырлайды.
Қызыл гүл қанданған күнменен,
Адам да жанданған күнменен,
Шөп те тұрады күнменен.
Жыршымен соларға мен деген,
Талап көп бір менен,
Дейді де бозторғай жоғары шығады,
Сияғы- адамның көзінің шынары,
Бармақтай боп ауада ілініп тұрады,
Адамның
ұранын, тілегін айтады,
Күннің
кіреуке тартпасын тілейді,
Ол
көктен қайтады,
Сейілтіп
үрейді.
Жақсылық
болғай деп әлемнің құшағы,
Жамандыққа
құстар да қарсы ұшады.
III
Бозторғай
туған өлкеңде,
Әніңді
нұрдай шаша бер
Саған
да айтар: өркен де,
Саған
да халық жаса дер.
Қорғайды
адам сенің де
Кішкентай
шыбын жаныңды.
Қорғайды
әр кез елің де
Қызыл
шақа балапаныңды.
Қорғайды
сенің үніңді,
Жерде
адам мәңгі жүреді.
Жырлайтын
сенің Күніңді
Қорғайды
олар үнемі.
Менің Байлығым
Туған
жер, саған келіп үн қаттым мен,
Әулием
ең, күштім ең, қымбаттым ең.
Топырағың
бозарып, суың тынып,
Тумақ
боп мына мені толғаттың сен.
Тіледі
әлде пендең не қиылып,
Берші
деп бір жақсылық сен бұйырып.
Сен
менің анам болып күтпесең де,
Басыңа
түскен болар со қиындық.
Дөңімен,
бұлағымен, жылғасымен,
Туған
жер- кең табиғат сырласым ең.
Сен
де бір, қажып қалған анадайсың.
Ержетіп
дәп-дәу жігіт болғасын мен.
Ол
менің көңілім болар, ардақты анам,
Жылдардың
санын ғана салмақтаған.
Сен-
жерсің, туған ана, мәңгіліксің,
Қайда
сендей мәңгілік болмақ маған.
Қарабұлаққа
келгенде
Оранған аспаны күз, даласы күз,
Жаз өткен, көк пен жердің арасы сыз.
Құс кетсе, бұған қайта мен келіппін,
Біз мына Қарабұлақтың баласымыз.
Дөңдерде сағым сүйреп аяғынан,
Шабатын почта тасып бала құнан.
Анау бір белдерінде қырман басып,
Ішкенбіз көк местердің шалабынан.
Біз салған айран тасып жол осындай,
Жұмыртқа «Жыландының» қорасында.
Мынау жер көрген соны және көрген,
Мұрынның бәйгі бермес сорасын да.
Қарап кеп айналаға бала достай,
Танисың көне үйлерді жаза баспай.
Алдында Қарабұлақ кәрі әкеңдей,
Немесе мәңгі тұрған қара ағаштай.
Ол – тамыр, жанмен бірге жанаса ағар,
Биік үй, кезі жоқ еш аласарар.
Немесе жылап, тынған ақ анамдай,
Туған жер – сұрақ іспет қара шалдар.
Жүрсек те алмалы бақ ұнап қалып,
Сарғайып, кейде сергіп, том ақтарып.
Қасиетіңе шек таппай келіп тұрмын,
Өзімше бала қыран сияқтанып.
САҒЫЗ БОЙЫНДА
Сағыз әлі арындайды көпіріп,
Көктем желі тұрса-дағы от үріп,
...Қырдағы анау бұйырғанға қол жайған,
Шопан жігіт тыныстапты отырып.
Қалай соққан Ақмоланың күмбезін,
Бір өзіне қадалтқандай күн көзін.
Нар маядан шөгіп жатыр төбелер,
Теңіздердің қайраны ма Құмкезім.
Тасқын судың шуылы да таңырақ.
Дәу толқындар көтереді шаңырақ,
Іздейді ме сол кешіккен қозысын,
Жас саулықтар үн қатады маңырап.
Қызғалдақтар белде тұнған ырғалып,
Ерке самал желпиді бір қалып.
Түртіп-түртіп еміп жатса сұр қозы,
Бір сыңары таңырқайды құр қалып!
Шопан жігіт атқа мініп қарайды...
Ақ төс төбет шолып жүрме маңайды,
...іші әлгі жер сызатын ақ саулық.
Үш қозысын алма-кезек жалайды.