Әзи Есентүгел

  1973 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Сартоғай округінде дүниеге келген.
 Ақтөбе облысындағы айтыс өнерінің дамуына үлкен үлес қосқан айтыскер ақын ретінде танымал жан деп білеміз.
 1994 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты жанынан ашылған «Жыршы-термешілер» студиясында оқыған.
 Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының «филология» факультетін, «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.
 2009-2010 жж.. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында «Аймақтық әдебиеттану» зертханасының ғылыми қызметкері болып жұмыс жасаған.
 2010-2012 жылдары С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің магистратурасында оқып, бітірген.   
 2012 жылы «Ойыл, Жем, Сағыз өңірінің ақын-жыршылары: дүниетанымы, әлеуметтік ғибраттары» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғап, «Философия магистрі» атағын алған.
  2010 жылдан Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
«Түрік фольклорының философиясы» ғылыми – зерттеу орталығы директоры қызметін атқарған.
  2015 жылы «ҚР Бейбітшілік және келісім кеңесі» Ақтөбе филиалында аға ғылыми қызметкері болып жұмыс жасаған.
  2009 жылдан бері ақындықпен қатар ғылыммен де айналысып келеді.
 Әзи Есентүгел есімі көмескі тартып, назардан тыс қалған жыр жамбозы Ақтан Керейұлы шығармаларының танымдық мәніне саралау жүргізіп, сол дүниелерін газеттерге үздіксіз жариялауы нәтижесінде 2010 жылдық 29 мамырында «Ақтан Керейұлы және аймақтық әдебиеттану мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның өтуіне тікелей себепкер болды.
 Ақтөбе өңірінің белгісіз қалған ақын-жырауларын дәріптеуді қолға алып, ақын Ақтан Керейұлының шығармашылығын жинақтап, ғылыми зерделеп «Қалағандарың сөз болса...» (2013, Ақтөбе), ақтаңдақ ақын Зәкәрия Сағындықұлының толғауларын түгендеп «Түрмеден талып жеткен тарпаң жырлар» (2013, Ақтөбе), «Жалаңтөс Баһадүр» (2014, Ақтөбе), «Жайық деген жанды су!»  (2015, Алматы), атты ғылыми еңбектерін кітап қылып шығарған.
  «Сартоғай, саған мың сәлем!» (2010, Ақтөбе), ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Есенғали Раушановтың алғы сөзімен «Көкбөрі» (2012, «Жазушы», Алматы) жыр жинақтары жарық көрді.
  1992 жылдан айтысқа қатысып, халықаралық, республикалық, аймақтық, облыстық ақындар айтыстарынан бірнеше жоғары жүлделерге ие болды.
 Атап айтсақ: Сарышолақтың асында Бас жүлдеге; Қ.Жұбановтың 100 жылдығында Бас жүлдеге, «Тілім менің байлығым» атты айтыста Бас жүлдеге (2005); Қабақ Айтұлының 400 жылдығында Бас жүлдеген (2010);
 «Ұлы Жібек жолындағы жаңғырған Көкжар жәрмеңкесі» айтысында Бас жүлдеге (2013), Б.Тәжібаевтың 90 жылдығында І орынға (2016), ие болған. Әйтеке би асында ІІ орын (1995); Ақтау қаласында өткен Қашаған тойында ІІ орын (Ақтау-2005); Байқоңыр қаласында өткен Республикалық айтыста екі жылы қатарынан ІІІ орын; Бала Ораздың тойында ІІ орын (Атырау); Шалқар ауданының 80 жылдығында ІІ орын (Шалқар-2012), Қайдауыл асында ІІ орын, т.б. жүлделер иегері.
2015 жылы «Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған айтыста облыс әкімі  «мақтау
қағазымен» марапатталды.
    2008 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасында өткен Аламан айтысқа қатысушы. 
    2010 жылы Тәуелсіздік күніне орай Астанада өткен Жүрсіннің айтысында бақ сынады.
  2013 жылғы «Облыстың мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін» облыс әкімі сыйлығының лауреаты.
    Діни көзқарасы –дәстүрлі мұсылмандық.
    Мақсаты: Батыс аймақтағы ұмыт қалып бара жатқан ақын-жыраулардың әдеби мұраларын жинақтап, ұрпаққа үлгі ету.
    Аймақтағы дәстүрлі айтыс өнерін, ән –термелерді жаңғыртуға «Қырымның қырық батыры» қаһармандық дастандарды насихаттауға күш салып, жоспарлы түрде жұмыстар атқаруда.
    Отбасылы. Зайыбы 4 баласы бар.
    Қазір «Облыстық халық шығармашылығы Үйі» жанынан ашылған «Асыл Мұра» жыршы-термешілер» мектебінің жетекшісі.



    Шығармашылық жетістіктері:
Жыр жинақ: «Сартоғай, саған мың сәлем!», Ақтөбе. «Ақжар-АБК», 2009ж.
Жыр жинақ: «Көкбөрі», Алматы. «Жазушы», 2012ж.
Ғылыми еңбек: «Түрмеден талап жеткен тарпаң жырлар». Ақтөбе, 2013ж.
Ғылыми шығарма: «Жалаңтөс Баһадүр». Ақтөбе, 2014 ж.
Ғылыми еңбек: «Ақтан Керейұлы. Қалағандарың сөз болса». Ақтөбе, 2014 ж.
Ғылыми еңбек: «Жайық деген жанды су». Алматы, «Полиграфкомбинат», 2015 ж.

Ғылыми мақалалары Республикалық, аймақтық, облыстық газеттерде бірнеше рет жарық көрген.