Жақанов Бисен

                                         

 (30.05.1933 ж. Қаражар ауылы, Байғанин ауданы) – педагог, білім беру ісінің шебері. Қаражар, Жарқамыс орта мектептерінде оқыған, Ақтөбе педагогика училищесін (1952), Орал педагогика институтын (1960) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. 1952 жылдан Жарқамыс, Жаңажол, Қаражар орта және орталау мектептерінде мұғалім, 1964 – 1977 жылдары Қаражар орталау мектебінде директор болып қызмет атқарды. Жақанов Б. мектеп оқушыларына еңбек тәрбиесі мен кәсіптік бағдар беруді қамтамасыз етуге үлкен үлес қосты. Ол 1963 жылы «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздік қызметкері» белгісімен, 1987 жылы Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталды. Жақанов Б. 1958 жылдан бері республикалық  және облыстық баспасөз беттерінде пәндерді оқытудың тиімділігін арттыру, тәрбие жұмысын жақсарту жайында мақалалар жариялады. Сонымен қатар, ол 90-жылдары Байғанин ауданының экологиялық тазалығын сақтау, ядролық жарылыс зардаптарын жоюдың шараларын алу, апат аймағына жақын орналасқан елді мекендер тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жаќсарту қажеттігі жайында бұқаралық ақпарат құралдарында көкейтесті мәселелер көтерді.