(16.10.1946, Ебейті ауылы.Байғанин ауданы) – тарихшы, педагог, партия, комсомол, шаруашылық қызметкері, жазушы, этнограф.
Гурьев педагогикалық институтын және Темір ауылшаруашылығы техникумын бітірген. 1967 – 68 жылдары Совет Армиясы қатарында болды. Байғанин ауданының Сағыз орта мектебінде мұғалім, директордың орынбасары, директоры, Байғанин аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, хатшысы, бірінші хатшысы, "Байғанин" совхозы партия комитетінің хатшысы, осы совхоздың директоры болды. 1997 жылдан Байғанин орта мектебінің директоры. И.Ермекбаев әдебиет, тарих салалары бойынша ғылыми – зерттеу жұмыстарымен шұғылданады, ол Сырым батыр Датов туралы құнды деректерге толы мақалалар жазып, оларды Батыс Қазақстан облыстық "Орал өңірі" газетінде жариялады. "Ақтөбе" газетінде оның осы қазіргі Байғанин ауданы территориясында өмір сүрген Көшербай ахун туралы көлемді мақаласы жарық көрді. И.Ермекбаев көптеген орыс және шетел жазушылары шығармаларын тәржімалады. Оның өз туындысы - "Шәріп торы" хикаясы "Ақтөбе" газетінің 2002 жылғы қыркүйек – қараша айларындағы сандарында басылды. И.Ермекбаев ескі аңыз, шежірелерді, тарихи оқиғаларды, деректі оқиғаларды жинастырып жүреді, солардың негізінде көркем шығармалар жазды (Тажымұрат повесі, 2003 жыл).
Шығармалары:"Имандылық шуағын шашқан адам""Ақтөбе". 7.02.2002. № 15. "Алыста қалған асыл ер", "Орал өңірі" 11.07.2002. № 83 (18169); Шәріп торы "Ақтөбе" қыркүйек – қараша 2002.