(1960
жыл, Ноғайты) – журналист, баспагер,
мұғалім, публицист. Сағыз орта мектебін
(1977), Гурьев педагогика институтын (1983)
бітірген. Еңбек жолын Байғанин ауданындағы
"Сағыз" совхозында "Жас ұлан -
77" комсомол жастардың қой өсірушілер
бригадасында шопан болып бастады. Жоғары
оқу орнын тәмамдаған соң Комсомолдың
30 жылдығы атындағы орта мектебінде
мұғалім, мектеп директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары болып істеді.
Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.
1988 жылдан журналистер қатарында. Ақтөбе
облыстық "Коммунизм жолы" ("Ақтөбе")
газетінде корректор, жауапты шығарушы,
тілші, жауапты хатшының орынбасары,
жауапты хатшы, 1997 – 2001 жылдары Халықаралық
"Түркістан" газетінің Батыс
Қазақстан бойынша аймақтық тілшісі,
ақпараттық – сараптамалық "Экономика
- Бизнес" газетінің, "Жаңа ғасыр –
Новый век" апталығының бас редакторы
қызметтерін атқарды. 2001 – жылдан бастап
"Отандастар - Полиграфия" баспасында
тапсырыс бөлімінің бастығы, кейін осы
кәсіпорын директорының орынбасары.
Отыншин.Р – Қазақстан Журналистер
Одағының мүшесі, ол облыстық және
республикалық деңгейдегі газеттер мен
журналдарда қоғамның әлеуметтік –
саяси ахуалы, оның көкейтесті мәселелері
хақында мазмұнды мақалалар жариялады.
Қазір «Қазақстан – Ақтөбе» телекомпаниясының
директоры.