
1983
жылы "Молодая гвардия" баспасынан орыс тілінде "Жарық
дүние" атты кітабы, "Жазушы" баспасынан "Ақ боз үй"
(1989), "Мінәжат" атты кітаптары жарық көрді. Елубаев Смағұл – қазақ
халқының 1930 жылдардағы ауыр тұрмысы, басынан кешірген қайғылы оқиғалары
жайында алғаш қалам тербеген жазушылардың бірі. Оның туындыларында өмір шындығы
өзінің барлық бейне – болмысымен, тарихымен көркем бейнеленеді. Елубаев Смағұл
әдебиетке өз үнімен, өзіндік өрнегімен келген талантты жазушы. Жазушының ата –
аналарының шыққан тегі Доңызтау өңірінен.