Асылханов Жайлаубай (2.07.1964, Оймауыт ауылы) – күйші, домбырашы. А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка училищесін (1987), Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1997) бітірген. Ақтөбе облыстық филармониясында орындаушы (1987 – 1992), «Домбыра - дастан» ансамблінің жетекшісі (1992 – 1995) болды. 1994 жылдан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе саз колледжінде дәріс береді. Асылханов Жайлаубайдың орындаушылық шеберлігі жоғары, оның репертуарында Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Абыл, Еспай, Сүгір, Құлшар, Есір сияқты халық композиторларымен қазіргі заманғы қазақ сазгерлерінің 100 ден астам күйлері бар. Ол Қашаған жыраудың, Қазанғаптың шығармашылығына арналған республикалық өнер сайыстарында жеңімпаз болды, «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2000) марапатталған.
Айтжанова Ақбілек (1911-1992) –Доңызтау өңірінде туып- өскен, әйелдер арасынан шыққан ақын, сазгерлердің бірі. Ұлы Қазан революциясына дейінгі кезеңді көзімен көрген, көшпелі ауыл тұрмысын бастан кешірген, қазақтың ескілікті салт-дәстүрлерін жақсы білетін шежіреші, көрген- білгенін жүйелі түрде, майын тамыза баяндайтын көркем сөз шебері. Ақбілектің суырып салма ақындығы, әншілік өнері болды. Өзінің жүріп өткен өмір жолын, ондағы тарихи жәйттерді, қиыншылық кезеңді (колхоздастыру, байлардың мал-мүлкін тәркілеу, бай-молданы қудалау, аштық, соғыс) өлең жолдарымен өрнектеп, келістіре жырлайды. Ұлы Отан соғысы жылдарында жетім мен жесірдің көз жасын құрғатып, шерлі көңілдерін өз жырларымен жұбатты. Өз жанынан шығарған өлеңдерін әсем сазымен қоса айтқанда жабыққан жүректерге жол тауып, қамыққан көңілді жадыратты. Оймауыт, Дияр ауылдарында тұрды.
Айтжанова Ақбілек (1911-1992) –Доңызтау өңірінде туып- өскен, әйелдер арасынан шыққан ақын, сазгерлердің бірі. Ұлы Қазан революциясына дейінгі кезеңді көзімен көрген, көшпелі ауыл тұрмысын бастан кешірген, қазақтың ескілікті салт-дәстүрлерін жақсы білетін шежіреші, көрген- білгенін жүйелі түрде, майын тамыза баяндайтын көркем сөз шебері. Ақбілектің суырып салма ақындығы, әншілік өнері болды. Өзінің жүріп өткен өмір жолын, ондағы тарихи жәйттерді, қиыншылық кезеңді (колхоздастыру, байлардың мал-мүлкін тәркілеу, бай-молданы қудалау, аштық, соғыс) өлең жолдарымен өрнектеп, келістіре жырлайды. Ұлы Отан соғысы жылдарында жетім мен жесірдің көз жасын құрғатып, шерлі көңілдерін өз жырларымен жұбатты. Өз жанынан шығарған өлеңдерін әсем сазымен қоса айтқанда жабыққан жүректерге жол тауып, қамыққан көңілді жадыратты. Оймауыт, Дияр ауылдарында тұрды.
Байсеңгіров Орал Ноғайбайұлы 1973 жылы 7 сәуірде Ақтөбе облысы Байғанин ауданы «Оймауыт» совхозының Дияр елді мекенінде дүниеге келді.1980-1988 жж Дияр ауылындағы Матайқұм орта мектебінде, 1988-1990 жылдары Атырау облысы, Жылой ауданы (Гурьев облысы,Ембі) Құлсары қаласындағы №1 орта мектепті бітірді. 1990-1991 жылдары Ақтөбе республикалық мәдени ағарту училищесінің режиссерлік бөлімінде оқып жүріп, әскерге шақырылып, РСФСР- де борышын өтеді. 1993 - 1995 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институт жанынан ашылған театр студиясынан актерлық мамандығы, 1995 – 2000 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттәк универститетінің музыка факультетін, 2009 - 2011 жылдары С.Бәйішев атындағы Ақтөбе универститетінің филология факультетін бітірді. жалғасы...
Байғанин Момын Нұрпейісұлы
(5.10.1937, Ақсай ауылы, Темір ауданы) –
белгілі күйші, домбырашы, Қазақстан
Республикалық еңбек сіңірген мәдениет
қызметкері (1998). Нұрпейіс Байғаниннің
баласы. Құрманғазы атындағы Алматы
мемлекеттік консерваториясын (1958)
бітіріп, еңбек жолын Ақтөбе облыстық
мәдениет үйінің халық аспаптары
оркестрінің жетекшісі болып бастады.
1960 –
1995 жылдары Ақтөбе мәдени – ағарту,
педагогика училищелерінде, 1995 жылдан
Ақтөбедегі Ахмет Жұбанов атындағы
музыка колледжінде оқытушы. «Қазақстан
Республикасы халық ағарту ісінің үздігі»
(1992) белгісімен марапатталды, Республикалық
музыка сайыстарының бірнеше дүркін
лауреаты, дипломанты болды.
Сарыбай Сүндет
(7.06.1935, Жарқамыс ауылы – 23.04.2004) – партия, комсомол, мәдениет
қызметкері, педагог. Жарқамыс орта мектебін (1951), Қызылорда
педагогика институтын (1955) бітірді. Жарқамыс орта мектебінде оқытушы,
Қазақстан ЛКСМ Байғанин аудандық комитетінің бөлім меңгерушісі, бірінші
хатшысы, Ақтөбе облыстық комсомол комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі
болды (1955-1963). 1963-1965 жылдары «Жұрын» совхозы партия комитетінің хатшысы
қызметін атқарды. 1965-1993 жылдары С.Сарыбаев Байғанин аудандық мәдениет
бөлімін басқарды, кейін аудан әкімінің кеңесшісі қызметінен зейнеткерлік
демалысқа шықты. Сарыбаев С. – ауданның мәдени-қоғамдық өміріне белсене
араласып, мәдениет мекемелерінің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты,
ауылдардағы еңбек ұжымдарындағы көркем өнер
ұжымдары жүйесінің кеңеюіне ықпал жасады, түрлі мәдени шараларды
ұйымдастырды, аудан тұрғындарының мәдени қызмет түрлерімен қамтылуын жақсарту
жөніндегі бірқатар шараларды жүзеге асырды. «Құрмет Белгісі» орденімен, Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, медальдармен марапатталды.
С.Сарыбаев өлең жазды, ислам дінін
жастар тәрбиесін жақсарту мақсатында уағыздады. жалғасы...
Мәуешов Қаби Дүйсенбайұлы
(27.04.1947, Доңызтау) – мәдениет қызметкері, актер, режиссер. Жаңажол орта мектебін (1964), Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің театр бөлімін (1973) бітірген. Еңбек жолын автоклуб меңгерушісі болып бастады, 1968-1970 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 1973 жылдан Оймауыт халық театрында режиссер болып істейді. Көптеген драмалық шығармаларды сахнаға шығарды. Олардың арасында Қалтай Мұхамеджановтың «Жат елде», «Құдағи келіпті», Тахауи Ахтановтың «Сәуле», «Күтпеген кездесу», Садықбек Адамбековтың «Аюбайдың ажалы», Сафуан Шаймерденовтың «Дөкей келе жатыр», Бексұлтан Жакиевтың (қырғыз драматургі) «Әке тағдыры» т.б. пьесалары бар. Мәуешов Қ.Д. өзі қойған әр спектакльдің көрермен көңілінен шығуы үшін ізденіп, қажетті әдебиеттермен танысып, образдарды зерттеп, олардың ішкі жан дүниесіне терең ұңіліп, ерекшеліктерін пайымдап отырады, әр рольдің сахнада толыққанды ашылуына, көрерменге әсеріне мән береді, бүкіл қойылымдағы әрбір эпизод, әрбір детальдың өз орнымен көрініп, қолданылуын жіті қадағалайды. Режиссер Қ.Д.Мәуешов қойған спектакльдер облыс сахналарында жоғары бағаға ие болды. Ол Жаңажол орта мектебінде драма үйірмесін құрып, жас актерларды дайындаумен де айналысады. Қ.Д.Мәуешовке «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» атағы берілген. жалғасы...Ружева Алтын Ибрагимқызы(28.02.1928, Оймауыт ауылы, Байғанин ауданы – 30.09.1990 Талдықорған) - өнер қайраткері, актриса, Қазақ КСР Халық артисі (1976). 1946 – жылы Алматыдағы киноактерлер дайындайтын мектепті бітірді. Еңбек жолын Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласындағы Абай атындағы облыстық қазақ драма театрында актрисалықтан бастады. 1978 – 1982 жылдары Атыраудағы Махамбет атындағы облыстық драма театрында директор қызметін атқарды. 1982 жылдан Талдықорған облыстық драма театрында жұмыс істеді. Ружева А.И. – сахнада 180 нен астам образ жасады, әрбір жаңа рольді орындаған сайын ол жаңа қырынан көрініп, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. А.И.Ружева Ақтоқты, Баян (Ғ.Мүсірепов «Ақан – Сері - Ақтоты», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»), Еңлік, «Еңлек - Кебек», Айман (М.Әуезов «Айман - Шолпан»), Беатриче) К.Гольдони «Екі мырзаға бір қызметкер»), Кручинина (А.Островский «Жазықсыздан жапа», Таңқабике (М.Карим «Ай тұтылған түн»), Толғанай (Ш.Айтматов «Ана – Жер - ана») сияқты күрделі образдарды орындады, драмалық шығармалардың сахнадағы шырайын аша түсті. Кручинина бейнесін қазақ театры сахнасына алғаш шығарғандардың бірі болып саналатын Алтын Ружева сомдаған Толғанай образы да оның өнердегі үлкен табысы болып саналды. Ружева А.И. бұлардан басқа Айша («Көктөбедегі кездесу» Ш.Айтматов, Қ.Мұхамеджанов, Любовь Яровая («Любовь Яровая» К.А.Тренев), Агафья Тихоновна («Үйлену» Н.В.Гоголь) басқа да көптеген бейнелерді сахнаға шығарды.
Төлегенов Әлден (1924 – 1998) – күйші, виртуоз. Доңызтау, Оймауыт өңірінде туып өскен. Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда оқыған, Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрінің құрамында өнерін шыңдаған. Төлегенов Әлден Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап т.б. халық композиторының күйлерін өзіне ғана тән шеберлікпен, нәшіне келтіре орындаған. Ол Ақтұмсық ауылындағы, кейін Оймауыттағы мәдениет үйінің жанындағы көркемөнерпаздар үйірмесінің жұмысына белсене араласып, ауыл мәдениетін көтеруге үлес қосқан, өзінің күйші шәкірттерін тәрбиелеген.
Төреш Күйші - (туған, өлген жылдары белгісіз) – Доңызтау - Аққолқа болысында туып өскен, есімі Үстірт, Жем, Сағыз өңіріне кеңінен танымал болған домбырашы, сазгер. Шебер орындаушылығымен қатар өзі де күй шығарған. Төрештен атақты Қазанғап күйші бата алған. Төреш ел аралап, өнер көрсете жүріп, домбыраға икемі бар жастарды, балаларды күй өнеріне баулумен де шұғылданған.
Ілиясова Жібек (18.09.1947, Жаңатаң ауылы, Байғанин ауданы) – ұстаз, сазгер, музыка маманы, шебер орындаушы. Әкесі Ілияс әнші, домбырашы, шебер адам болған, домбыра жасаумен айналысқан. Жібек Ілиясова домбыра тартуды алғаш рет әкесінен үйренген. 1965 – жылы Жарқамыс орта мектебін, 1969 жылы Ақтөбе мәдени – ағарту училищесін бітірді. 1971 жылдан Байғанин ауылындағы балалар музыка мектебінде домбыра класы бойынша оқытушы. Ілиясова Жібек 1970 жылдан бастап Байғанин ауданындағы Қазанғап атындағы халық аспаптары оркестрінің мүшесі және көркемдік жетекшілерінің бірі болды. Алғашқы «Соғыс, соғыс болмасын!» атты күйін 1975 жылы шығарды, кейін «Байғанин саздары», «Мереке», «Тың толғауы», «Ұлы жеңіс», «Ұлан», «Қош бол, енді, Жауғашты», «Қайта оралшы Аралым», «Қайран жаным», «Басшылар бізге не дейді» күйлерін дүниеге келтірді. Жібек Ілиясова шығармалары халық дәстүрі негізінде жазылған, домбыра үніндегі қасиеттерді бойына сіңірген. Сазгер халық өнерін жетік біледі, оның өнерде өзіндік қолтаңбасы бар. Ілиясова Жібек музыка мектебінің домбыра класынан көптеген шәкірттер тәрбиелеп шығарды, олардың арасынан Құлжанов Әуез, Мергенбаева Жанат, Хамзин Талап консерватория бітірді, тағы да бір шәкірті Мұрынова Айжан музыка училищесін бітіріп, Жібектің өзімен бір ұжымда жұмыс істейді. Ілиясова Жібек ҚР Білім министрлігінгің құрмет грамотасымен марапатталды. Алматыдағы «Өнер» баспасынан «Мереке» атты күйлер кітабы (1993), Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясының республикалық баспа кабинетінен «Байғанин саздары» атты топтамасы жарық көрді.
ҰЛҚЫШ
(1904,
Сарықобда ауылы, Алға ауданы – 1925, Сағыз
өңірі, қазіргі Байғанин ауданы) –
қазақтың өнерлі қыздарының бірі, ақын,
сазгер, әнші. Ата туысы Табын руының
Кедейғұл бөлімінен. Жас шағында молдадан
оқып, сауат ашады. Ән өнеріне, шығармашылыққа
бейім болып, сұлулығымен, ақындығымен
Кіші жүз өңіріне аты жайылады. Ел аралап
жүргенде Ағыс қажының інісі Қара Ұлпанды
көріп, оның өнеріне қызығады да інісіне
келіндікке айттырады, сөйтіп, 1922 жылы
Ұлқыш ұзатылып келіп, Адайдың Шегем
руының Меңдіғұл деп аталатын ауылына
келін болып түседі. Ауыл ақсақалы Ағыс
Қажы дәулетті де, инабатты адам болған.
Ұлқыштың күйеуі осы кісінің Тәмин атты
кенже баласы екен. Келін болып түскен
Ұлқыштың ендігі жерде бұрынғыдай
еркіндігі болмайды, ән салуы да сирексиді.
Өнерді, ақындықты, әншілікті тек әуейілік
деп ұғатын, жүйрік ат пен дойыр қамшыны
көбірек ұнатқан тентегі көп бес Меңдіғұл
атанған ауылда Ұлқыш өнерін бағалаушылар
табыла қоймайды. Дегенмен ақын қыздың
әні мен зарын көптеген есті адамдар
тыңдап, аяушылық білдіреді, олар Ұлқыштың
қадірін білмей келгеніне өкініш те
білдіреді. Қайғы мен құсаға бой алдырған
ақын жастай дүниеден өтеді. Ұлқыштың
ел аузында қалған өлеңдері мазмұн
жағынан әр түрлі, қыз кезінде шығарған
өлеңдерінде әзіл, шымшыма тұстар көбірек
байқалады, ал келін болып түскен қысқа
ғұмырындағы жырларында мұң, алыста
қалған еліне деген сағыныш, талантын,
өнерін буып қойған ескі дәстүрге деген
нала, реніш мол аңғарылады. Ал, оның
өлеңдері («Адайдың аю аңдай Қарасы бар»,
«Қалдымырза болысқа айтқаны», «Сарықобда»,
«Толғансам тулап ағар сөз дегенің»,
«Сайраған сандуғаштай Ұлқыш едім» т.б.)
көркемдік жағынан ауыз әдебиетінің
інжу – маржандарының қатарынан орын
алады деуге әбден болады.
Кенжебаева Батима 1956 жылы туған. Білімі жоғары. 1992 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының кітапхана факультетін бітірген. 1999 жылдан - 2015 жылдың соңына дейін Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры қызметін атқарды.
Кенжебаева Бәтима қызмет атқарған уақыттарда үнемі ізденіспен, кітапхана қызметінің жаңа әдістерін қолдана білді, оқырмандарға қызмет көрсетуде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.
Аудан кітапханаларын ақпараттық технологиялармен қамту, оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранысын қанағаттандыру жолдарын меңгеру мақсатында 2001 жылы Республикалық Ұлттық кітапханасының «Жаңа технологияларды енгізу» мектебінің сертификатына ие болды. жалғасы...