Оймауыттың Қабиі
Жаңажол
орта мектебін табысты
аяқтаған балаң жігіт
алғашқы еңбек жолын автоклуб
меңгеруші болып бастайды. Әп
дегеннен мәдениет қызметкері болып кетуіне
мектеп қабырғасында жүрген кездің өзінде-ақ оның
өнерге бейімдігі әсер етсе керек.
«Бұлақ көрсең- көзін аш» дегендей , аудандық мәдениет
бөлімінің басшылары бозбаланың
бойында таудай талап бар екенін
тани білген ғой шамасы. Әжіптәуір қызмет
атқарып , ауылдастарына өзінің
өнерден қаражаяу еместігін
таныта бастаған шағында , Қабиді армия
қатарына шақырды. Сөйтіп ол екі
жыл міндетті әскери борышын
өтеп қайтады. Бұл 1970 жыл болатын. «Алмас кездік қап
түбінде жатпайды» деп
халқымыз бекер айтқан ба? Өнердегі өз орнын
табуға талпынған жас азамат сол
жылы Ақтөбе қаласындағы мәдени –ағарту училищесіне
барып құжат тапсырады. Қабылдау
емтихандарын өте жақсы тапсырып, училищесін театр бөліміне түседі. Қызығы мол студенттік жылдар
да сырғып өте шығады. 1973
жылы Қаби училищенің театр бөлімін
бітірген кәсіби актер атанады.
Бір айта кететін жағдай: дәл осы жылы
Қазақстанның орта өнер оқуларын бітірген
жастардың Москваның Шепкин
атындағы театр училищесіне
қабылдау жасалды. Сондай талабы жанған жастардың бірі Қаби
болады. Өкініштісі сол –отбасы жағдайына байланысты Қаби бұл мүмкіндікті пайдалана алмады.
Қазақы дәстүрді бала
отбасымен ақылдасып іс қылады. Оның алда жасағалы
отырған қадамына ата-ана
қалай қарайды? Рұхсат ете ме, ете ме,
етпей ме? Міне бұл жағдай
Қабидың да басында
болды. Москвада оқысам қалай
болады деп, анасымен ақылдасуға
келгенде : «Қарағым –ау, екі жыл армияда болдың, үш жыл оқыдың, енді тағы қанша жыл оқитыңды құдай біледі. Мен болсам
біраз жасқа келдім. Енді қашан
қызығыңды көремін,-деген ананың бір ауыз сөзі Қабиға
тоқтам болды да, ол елге оралды.
Сонымен Қаби
дипломды қалтаға салып,
кәсіби маман болып елге келеді. Аудандық
мәдениет бөлімі оны өзінің туған
ауылына, Оймауыт мәдениет
үйі жанындағы драма
ұжымының режиссері етіп қызметке
тағайындайды. Мұндағы драма
ұжымының негізі 1965 жылы
қаланған еді. Оның құрамында армияға
алынғанға дейін Қабидың өзі де бір қатар спектакльдерде ойнаған. Міне, сол ұжымға енді өзі тікелей жетекшілік ететін болды.
Училищеде
оқып жүргенінде театр өнерінің әлденеше
саңлақтарының шығармаларымен жақсы танысып, драматург жазушылардың туындыларын сахнаға дайындағанда,
ұстаздары қасында болып, жетістіктерін одан әрі жетілдіру мен жіберген
кемшіліктерін қалай
түзету керектігін жалықпастан үйретіп отыратын . Ал
қазір сахналық қойылымдарға
әзірлену кезінде өзінің білігі мен біліміне сүйенуге
тура келді. Әр салада қызмет жасайтын ауыл жастарының басын біріктіріп, оларды өнерге баулу Қаби
үшін үлкен сын, жоғары жауапкершілік
еді. Қызметке кіріскеніне көп уақыт өтпей-ақ ол ауылдық
әуесқой артистерінің ұстазы дәрежесіне көтерілді. Бір жақсы жері
өнерпаз жастар оның қатаң талабына түсіністікпен
қарап, айтқандарын қалт жібермей
орындауға күш салды.
-Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығы мен Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 80 жылдығы
қарсаңында Әкім Таразидің «Қыз
махаббаты» спектаклін
дайындап, облыс сахнасында
көрсеткен едік,-деп әңгімелейді
Қаби. -Сол спектакльді облыстық
телевидение бір жыл бойы
телеарнадан беріп отырды. Біз
еңбегіміздің бір аудан, ауыл
ғана емес, бүкіл облыс көрермендеріне ұсынылғанын орынды мақтаныш етіп
жүрдік.
Иә,
театр ұжымының , оның режиссеры
Қабидың қалай мақтанамын десе
де артықтығы жоқ. Алдағы жылы
театрының халықтық атақ алғанына 30 жыл
толады екен. Бұл юбилей
театр ұжымының ғана емес,
бүкіл аудан жұртшылығы оның
басшылығы мен қоғамдық ұйымдары
айрықша атап өтетін оқиға болмақ.
Биыл Ақтөбе
облысының құрылғанына 75 жыл толып отыр. Бұл мерекеге
облыс жұртшылығы ерекше
дайындық жасауда. Оған біздің ауданның ұжымы
да өзінің лайықты
үлесін қоспақ. Қай мереке де ән мен жырсыз,
ойын- сауықсыз өтпейді. Демек ,
ауданымыздағы екі халықтық ұжым- Қазанғап атындағы халық
аспаптары оркестрі мен Оймауыт
халық театры да бұл тойды өз
өнерлерін паш етіп,
ауданымыздың абыройын асқақтата
түседі деген сенімдеміз. Айта кететін
жағдай сол- Қаби бастаған ұжым бұған әзірлікті
бастап та кетіпті. Оразбек
Бодықовтың «Қарақұм трагедиясы» шығармасын сахнаға шығару үстінде . Қоюшы –режиссер Қаби Мәуешов әр спектакльдің көрермен
көңілінен шығуы үшін тынымсыз ізденіп, ешқандай қапы жібермеу үшін еңбектенемін. Соның
арқасында талай сыннан шоқтығы биіктеп, беделі өсіп қайтатын. Мына қойылымды да ел сүйсінерлік дәрежеде көрсетуге күш
салуда. Қаби белгілі жағдайларға байланысты Мәскеудің оқуына
бара алмады. Солай десек те ол бақытын өзінің туып –өскен жерінен тапты.
Өзі сүйіп таңдаған өнерін өмір бойы
серік қып келеді. Құдайға шүкір, абыройы ешкімнен кем емес. Халқына
сіңірген еңбегі ескерусіз қалып жатқан жоқ. Шалғай шепте театр өнерін дамытуға сіңірген еңбегі үшін ол 2001 жылы Қазақстан
Республикасының Мәдениет
қайраткері атағына ие болды. Республикалық
байқауларда қол жеткізген жетістіктері үшін алған мақтау қағаздары, дипломдары, бағалы сыйлықтары да бір төбе.
Міне, енді оның немере сүйіп,
бақытқа кенеліп отыр.
Ресми құжаттары бойынша Қаби биылғы сәуір
айында 60 жасқа толғалы
отыр. Бұл – арттағы жеткіншектерге ақыл үйрететін жас.
Осы кемел шағына дейін де ол
жастардың әлденеше ұрпағын
тәрбиеледі, олардың рухани ұстазы болды. Оның әрбір күні сол жастардың
арасында өтеді. Бірде ол мәдеиет
үйіне әдеттегі жұмысына бара жатса, енді бірде орта мектепке
бағыт ұстап бара жатқанын көресің. Мұнда
оның өнерпаз оқушы
жастардан құрылған театр студиясы бар, соларға
театр өнері жөнінде сабақ
береді. Бұл жастар –өмірдің жалғасы ,ауыл сахнасының ертеңгі иелері.
Әңгімеміздің басында
Қабидың өнер жөнінде ой толғасақ деп айтқан едік. Сол
Қаби әлі де өз қызметін атқарып
жатыр. Елге жолың түсіп, Қабиді іздей қалсаң , оны не мәдениет
үйінен, не мектептен табасың . Мәуешов
Қабидің , Оймауыттың
Қабиінің жұмыс орны-сахна.
Т. Әбілов.
«Жем –Сағыз» газеті. 2007 жыл.4 сәуір
1973 жылы Ақтөбе қаласындағы мәдени-ағарту
училищесінің театр бөлімін ойдағыдай
бітіріп шықтым. Сол жылы Қазақстанның өнер жөніндегі орта оқу орындарын
бітірген жастарды Мәскеу қаласындағы жо,арғы оқу орындарына қабылдайтын конкурс
болды. Комиссияның төрайымы Қазақстанның майталман өнер шебері, сахна саңлағы
Әмина Өмірзақова еді. Осы сынақтан өткеннің бірі мен едім. Өкінішке орай отбасы
жағдайына байланысты мен Мәскеудегі оқуға бара алмайтын болып, туған ауылға
оралуға тура келді. Өзімнің туып өскен жерім, кішкентай Отаным- Оймауытыма келіп, өнердегі жолымды одан әрі
жалғастырдым.
Өнер десе ішкен асын жерге қоятын
Оймауыт өңірінің жастары ән мен күйді серік етумен бірге ауданымызға белгілі
әнші Айсан Тәжібаева басшылық ететін селолық мәдениет үйінің жанынан драма
үйірмесін де құрып, сахналық қойылымдарды көрермендер назарына ұсынып жүрді.
Мұнда драма үйірмесінің негізі 1962 жыл қаланған болатын. Алпысыншы жылдардың
аяғы мен жетпісінші жылдардың ішінде республика көлемінде көркемөнерпаздық
кеңінен қанат жайған еді. Жыл сайын өнерпаздық байқаулары өтіп жатты. Мәдени-
ағарту училищесін бітіріп келгеннен кейін мен драма үйірмесінің жұмысын
жетілдіре түсуге күш салдым. Өзім де басты рольдердің бірінде ойнай жүріп,
білгенімнің бәрін жастардың сахналық өнерді меңгеруіне арнадым. Бір сөзбен
айтқанда, көркемөнерпаздардың драмалық үйірмесінің жетекшісі болдым. Сөйтіп
драма ұжымы 1978 республикалық байқауға қатысты. Байқауға біз «Досымның
үйленуі» атты спектакльді алып бардық. Байқауды өткізу жөніндегі комиссияның
шешімімен біздің ұжым « Халық театры» атағына ие болды. Драма үйірмесінің буыны
бекіп, ел таныған өнер ұжымы дәрежесіне көтерілуіне Байқадамова Тілектес,
Мырзағалиева Қымбат, Нарынбаева Ақылай, Нетуллин Қуандық, Теңізбаева Несібелі,
Саламатов Әшір, Мәжитов Шоқан, Тойшыбаев Кенжебек, Ағадиев Саран, тағы басқа
өнерпаз жандар елеулі үлес қосты. Дайындаған спектакльдерімен көршілес Ойыл,
Темір, Мұғалжар аудандарына гастрольдік сапарға шығып, олардағы өнер сүйер
қауымның да алғысына бөленіп жүрді. Осы жылдар ішінде халық театры Қалтай
Мұхамеджановтың « Жат елде», «Құдағи келіпті», «Бөлтірік бөрік астында»,
Әлжаппар Әбішевтың «Сәкеннің аманаты», Тахауи Ахтановтың «Сәуле»,
«Боран», Күшік
күйеу», Әкім Таразидың « Жақсы
кісі», т.б шығармаларды сахналау жолында жұмыс жасап,
өзін шын мәніндегі халықтық өнер ұжымы екнін таныта білді. Халық театры атағына
ие болғаннан бері,әрбір екі жылда өтіп отыратын республикалық байқауға қатысып,
сегіз рет байқаудың лауреаты атанды. Республикалық ғылыми – ментодикалық
орталық үйінен «Оймауыт халық театрының іс- тәжірибесі» атты кітапша
Облыс орталығынан
шалғайда жатқан Байғанин
ауданының Оймауыт ауылындағы халық театры дегенде есімізге алдымен Қаби
Мәуешов ағамыз түседі. Күні кешеге
дейін сол театрды өрге сүйреген ол кісінің де бақилық болғанына жылдан асыпты... облыстық халық театрлары
фестивалі кездерінде Алматыдан келген Әшірбек
Сығай, Ахмеджан Қадыров сынды
белгілі театр сыншылары
Ойылдағы халық театрының режиссері,
актері Аманкелді Жұманов ағамыз бен Оймауыттың
Қабиын жандарына жақын тұтып,
ыстық лебіздерін білдіріп еді. Бүгінде
өзінің ауылдастары да, өнер сүйер қауым да сағына іздейтін тума талант, ҚР мәдениет қайраткері Қаби Мәуешов туралы айтылар сөз аз
емес.Ақтөбе қаласындағы көрермендер де
Қаби Мәуешовті жақсы таниды.
Облыстық фестиваль кезінде көрсетілген
Оймауыт халық театрының төлқұжаты сынды қырғыз драматургі Бексұлтан Жәкиевтің
«Әке тағдыры» пьесасы бойынша қойылған спектакль елдің есінде. Жалғыз ұлы
соғысқа кеткен қарттың рөлін сомдаған Қаби ағаның ойынына шексіз иланып, көз
жастарын төгіп отыратын. Екінші
дүниежүзілік соғыста құрбан
болған жалғыз ұлдан қара қағаз келсе де, үмітін үзе алмай, стансаға немересін
ертіп барып, күн сайын екі көзі төрт болып пойыз күтуден шаршамайды. Келіні
басқа күйеуге шығып, немересін өзімен
бірге алып кеткен қарттың халі тіпті
аянышты. Жалғызынан қалған тұяқтан айырғысы келмеген қартың қайғысы
тебірентпей қоймайтын, бөтен отбасына
көндіге алмаған немересін алып қайтқан кездегі қуанышы бір бөлек.
Спектакльдің басынан аяғына дейін
Кабекеңнің де көзі жастан құрғамайтын,
көрермендердің де көңілі босайтын. Доңызтау өңірінде дүниеге келген Қаби Дүйсенбайұлы жасынан алғыр, елгезек ,өнерге ыстық,
жаңалыққа жаны құмар болып өседі. Жаңажол
орта мектебін бітірген соң ,
ауылда дәнекерлеуші , шопыр болып еңбек етеді, одан әскери
борышын өтеп келеді.
Өнерге деген құштарлығы
басқасынан басым керек, ол
Ақтөбедегі мәдени –ағарту
училищесінің театр бөліміне құжат
тапсырып, 3 жыл оқып режиссер мамандығын алып шығады. Қаби оқуды бітірген 1973
жылы Мәскеудің Щепкин атындағы театр
училищесіне қабылдау үшін Қазақстанның
орта дәрежелі оқу бітірген өнер мен мәдениет саласының жастар арасында байқау өткізіледі. Сегіз
қырлы, бір сырлы Қаби байқаудан
өтуін өтсе де, анасы : «Әскер деп, оқу деп бес жыл жүрдің, тағы оқимын
десең, қызығыңды қашан көремін енді
?»-деп Мәскеуге жібермей қалады. Сөйтіп Қаби ауылда
автоклуб меңгерушісі, режиссер болып
жұмыс жасайды. Оймауытта табан аудармай қырық жыл бойы қазақ мәдениеті мен өнер үшін қалтқысыз
қызмет етеді. Байғанин аудандық мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы
-Мен жұмысқа келген 1999 жылдан бері Қабекеңмен жақсы араластық. Кабекең өнер адамы ғана болған жоқ, өте іскер, өткір,
беделді азамат еді. Сөзіне ісі сай, басшыларға да айтқанын істететін.
Мемлекеттік қызметкерлердің айта
алмайтын төтесінен мәселе етіп қояды.Әйтеуір жеке басы үшін
емес, театр үшін, ауыл үшін жанын салатын Оймауыттың шынайы патриоты еді. Байғаниндіктер алдында абырой-беделі сұмдық болатын.
Кеңес дәуіренен келе жатқан Оймауыт халық таетрында 6 жұмыс орны бар екен,
Қабекеңнің мықтылығының арқасында сол жұмыс орындары түгел сақталыпты. Мұның өзі ие болып отырған адамға байланысты дүние ғой. Театр
ұжымы ауыл клубында отыратын
болғандықтан, оның жағдайына да бас
ауыртатын. Ештеңе бейжай қарамайтын. Қай
шаруаның жауапкершілігін де өз мойнына
алатын. Тура бір Оймауыттың әкімі сияқты
аудан әкіміне тіке шығып, шаруасын айта
беретін. Сол кісінің қозғауымен ащы су тұщы суға айналатын. Қабекең нағыз осы заманның адамы еді,кең ойлы кісі
болатын. Саясаттан да, өнерден де
хабардар. Ал бір кезде Қаби Мәуешовпен
бір театрда қызмет еткен, бүгінде аудандық мәдениет бөлімінің бас
есепшісі Қымбат Мырзағалиева былай
деп еске алады:
Қаби Мәуешов 1965 жылы негізі қаланған халықтық театрға режиссер
болып жұмысқа орналасады, өзі актер ретінде
де көрінеді. Қаби Дүйсенбайұлының театрдағы ел ішінен шыққан таланттардың
кәсіби өсуіне тигізген ықпалы зор болды. Содан бері бұл театр халыққа тоқтаусыз қызмет етіп, әрдайым халықтық
атағын лайықты қорғап келеді. Оймауыттан шыққан өнерпаздардың бірі, Жастар сарайының
директоры Орал Бәйсеңгір былай
дейді:
Қаби Дүйсенбайұлын
Оймауыттағы өзі тәрбиелеген шәкірттері де, ауылдастары да сағына еске
алады. «Өмірін өнермен өрбіткен» атты еске алу кешін өткізіпті. Ал қолындағы
Найзабек деген ұлының келіншегі
Арайлының айтуынша, қайын атасы
Қаби ауылдағы барлық үйдің
басындағы қайғыға да, қуанышқа да ортақтасқанымен қоймай, тіпті кейбір ауылдастарының
жеке мәселелерінің оң
шешілуіне көмектеседі екен. Бірде Ауғаныстанда
әскери қызметін өтеп жүрген баласының жарақат алғанын естіп, қамығып отырған ауылдасына жаны ашығаны соншалық, сол кісіні ертіп,
Ауғаныстанға сапар шегіпті. Енді бірде Оймауыттың маңайында боранда
көлікте тоқтап қалып, үсіп кеткен адамдардың сүйектері көктем айында
табылып, жанына жан жолай алмай тұрғанда, Қаби аға бас-көзге қарамай
қойып кетіп, марқұмдардың
мүрдесін жиып беріпті.
Арайлы атасы қайтыс боларының алдында
Ақтөбеге кетіп бара жатып:
«Ауылға өзім келмесем де,
кабельді телеведидение келеді»
деп айтып кетіпті. Шынында да, ол
кісінің дәмі Ақтөбеде таусылыпты, айтқанындай , көп ұзамай елге
сол кісінің қаузауымен
кабельді телевидение жетіпті. Жеке басының шаруасынан гөрі елдің
қамын алдымен ойлайтын азаматты аңыз қылып айта жүрер әңгімелер көп.
Жұбайы Нұржамал
екеуі 6 бала тәрбиелеп өсірді. 17 немереге аяулы ата-әже болды. Ақтөбе қаласында тұратын
қызы Нұрболсын айтады:
«Біздің әрқайсымыз келістіре алмай жатқан
бір шаруамыз болса, әкемізге
айтатынбыз. Ол кісі ойланбастан сонау
Оймауыттан келіп, біздің шаруаларымызды
ерінбей –жалықпай келістіріп кететін.
Бала сияқты адам еді, ешқандай қиыншылықтан қашпайды, әйтеуір өзіне жұмыс тауып
алып жүреді де, еңбекқор адам еді.
Театрда спектакль қоятын кезде күні –түні клубта жүреді, соған алаңсыз
беріліп кетеді. Әкеміз алған бетінен қайтпайтын қайсар, кірем деген жеріне
кіріп, айтам деген сөзін айтып жүретін адам болды». «Қалмасам болды жоқтаусыз»
деп Мұқағали ақын айтқандай, мұндай жаратылысы бөлек жандарды елі-жұрты есінен шығармаса анық.
ӨНЕРІМЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР ЖОЛЫ
шығарылды.
Бүгінгі таңда театрымыздың
керегесі кең, уығы түзу, шаңырағы биік болып, ел алдында шығармашылық қызметі
арқылы зор беделге ие болуын қамтамасыз етіп жүрген әріптестеріміздің есімдерін
атап көрсету орынды болмақ. Олар – Қойшина Сара, Өтепбергенова тілектес,
Жанадилова Данагүл, Қалышев Қолқанат, Жұбаниязов Кенжебек, және басқалар.
Бұлардың қай-қайсысыда өнерді өміолеріне серік еткен жандар. Өтепбергенова
Тілектес Республикалық байқауда сахнада әйел образын сомдау жөнінен 3 рет
жүлдегер атанды. Қалышев Қолқанат 2 рет ер адам образын шынайы орындағаны үшін
марапатталды. Сондай-ақ байқауларда бала образын жақсы шығарғанымыз үшін үш-
төрт рет жүлде алдық. Театр труппасын жас өнерпаздармен толықтырып отыру
ісіменде ұдайы шұғылданамыз. Сағи Жиенбаев атындағы орта мектепте 15-20 балалық
студиямыз бар. Менің өнердегі өмірім осы театрмен тығыз байланыста өріліп келеді.
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» атағына ие болдым. Өткен
жылы облыстың мәдениеті мен өнеріне
қосқан үлесім үшін облыс әкімі Елеусін Наурызбайұлы Сағындықовтың сыйлығын
алдым, облыстық лауреат атағына ие болдым.
Қ.
Мәуешов. Оймауыт ауылы
«Жем –Сағыз»газеті, . 2009жыл,18 ақпан
Өзгеше іздің өрнегі
Нұрәділ
Қолдасбаев Қаби ағасын былай деп
еске алады:
-Оймауыт театрында мен де Қабекеңмен
әріптес болып, рөлдер ойнағынмын. Қабекең өз ісіне
берілген адам. Ауыл өнерпаздарын ұйымдастырып, спектакль қою оңай емес,
Қабекең бәрінің де ретін табатын. Сол кезде бір қызық жайтты
айтқым кеп отыр. «Әке тағдыры» спекталі кезінде ,рөліне беріліп кеткені
соншалық Шоқан Мәжитов деген жігітті қылғындырып өлтіріп қоя жаздады,
Қабекең қызуқанды адам еді, сахнада
дүниені ұмытып кететін. Рөліне беріліп ойнайтын.
-Оймауыт десе , ойымызға сол елде өнердің
туын құлатпай кеткен Қаби Мәуешов ағамыз түседі. Ел Тәуелсіздігінің
алғашқы жылдарында жарықсыз қалған
ауылда «шопан моторы» атанған электр құрылғының
көмегімен клубта спектакльдер
қойып, елдің еңсесін түсірмеді. Өзі
рөлде ойнап жүріп, ара-арасында далаға жүгіріп шығып, құрылғыға май
құйып келетін. Халық соның бәрін сезіп
отырса да, спектакльді көріп отыра беретін. Мұндай қиыншылыққа Қаби ағадан
басқа өнер адамы шыдауы мүмкін емес еді. Ел
ішінен қаншама талант тапты.
Ардақ Қонақбаева «Ақтөбе» газеті .25 қазан 2012 жыл.