Нұрқасымов Сағынбай Жалғасбайұлы
Әбшекенова Рысты
(1950. Жаңатаң ауылы, Байғанин ауданы) – суретші,
кескіндеме, гобелен жанрларының белгілі шебері. Жарқамыс орта мектебінде оқыды,
1972 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірді. 1973 жылдан Қазақ совет
энциклопедиясы бас редакциясының иллюстрация және картография бөлімінде аға
редактор, 1982 жылдан Алматыдағы «Өнер» атты көркем сурет комбинатында суретші
қызметтерін атқарды. Бейнелеу өнерінің біраз жанрларында қалам тартты.
Шығармаларында өмір шындығы, қоршаған орта көріністері шеберлікпен, сан – алуан
бояу, нақыштармен үйлесім тауып бейнеленді. Республикаға танымал гобеленші. Осы
жанр бойынша тоқыған «Әлия», «Ойсыл қара», «Жарастық» атты гобелендері кезінде
жоғары бағаланды. Сонымен қатар, Әбшекенова Р. қолданбалы өнердің кейбір
түрлерімен де айналысты. Ол Орта Азия және Қазақстан республикалары өнершілері
қатысқан «Кітап өнері» атты республика аралық байқауда 1 – дәрежелі дипломмен,
басқа да республикалық, халықаралық көрме сыйлықтарымен марапатталды. Тоқыған
гобелендері Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы қорында,
мұражайларда, сурет көрмелерінде сақтаулы. Қазір шығармашылық қызметте, Алматыда
тұрады.
Тіленбаев Сисенғали
(1957 жылы
туған) – суретші. Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектебін (1975), Ақтөбе
мәдени – ағарту училищесінің көркемсурет – графика бөлімін бітірді.
Повладардағы көркемсурет шеберханасында қызмет істейді. Туындылары облыстық,
республикалық, халықаралық көрмелерде өнер сүйер қауымға таныстырылды.
Шығармалары Италия, Германия, Ресей т.б. мемлекеттеріндегі галереяларында
сақтаулы. 1993 жылы суретшілердің Алматыда өткен халықаралық симпозиумына
қатысты. Салған суреттерінің репродукциялары республикалық "Жұлдыз",
"Жалын" журналдарында жарияланды.
Суретші
негізінен пейзаж, портрет, натюрморт жанрлары бойынша еңбектенеді, сан алуан
тақырыпты қамтып, жастар өмірін, ауыл, қала тіршілігін, адамдардың
психологиялық кейбір сәттерін шебер бейнеледі.
Тленбаев.С – КСРО
суретшілер Одағының мүшесі (1990).
Шығармалары:
"Кешкі бие сауыны", "Кездесу", "Жаяу Мұса",
"Тыныштық", "Серуен".
Гүлдана Серікқызы
1994 жылы Байғанин ауданы Бұлақтыкөл ауылында дүниеге
келген Бұлақтыкөл орта мектебінің 9 сыныбын үздік бітірген. Ақтөбе гуманитарлық әмбебап мультипрофильдік колледжінің “Дизайн”
факультетіне оқуға түсіп бітірген. Бұлақтыкөл орта мектебінде технология және
бейнелеу пәндері бойынша мұғалім “Темірқазық” мектептен тыс аула клубында дизайн үйірмесінің жетекшісі. толығырақ...
Гүлдана Серікқызы
