Нұрқасымов Сағынбай Жалғасбайұлы

                                      
Слайд8.JPG(22.02.1954, Жарқамыс а., Байғанин ауданы) – көрнекті қазақ суретшісі, суретшілер одағының мүшесі. 1969 жылы Комсомолдың 30 жылдығы атындағы (қазіргі № 1 Қарауылкелді) орта мектебін, 1974 жылы Алматы көркем сурет училищесін, 1984 жылы Т.Жүргенов атындағы Алматы Мемлекеттік театр-көркемсурет институтын бітірген. 1974 ж. Байғанин аудандық мәдениет бөлімінде аға инспектор болды. 1975-77 ж. КСРО Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарды, 1978 жылы Байғанин аудандық мәдениет үйі жанында көркемсурет шеберханасын ашып, ауылды көркейту, безендіру жұмыстарымен айналысты. 1984 жылы жоғары оқу орнын бітірген соң Алматыдағы «Өнер» комбинатында монументальды-сәндік өнері суретшісі, Т.Жүргенов атындағы театр-көркемсурет институтыныңоқытушысы болып істеді. 1994 жылы Қазақ  мемлекеттік көркемсурет академиясының аға оқытушысы, 1995 жылы осы академияның  интерьер дизайны кафедрасының  меңгерушісі болды, 1998 жылдан «Интерьер және жиһаз дизайны» кафедрасында доцент. Нұрқасымов С.Ж. Қазақ ұлттық өнер академиясында  «интерьер дизайны»  және «Жиһаз дизайны» мамандықтары бойынша оқыту-әдістемелік құралдары мен бағдарламаларын жазды, олар «Интерьерлерді жобалау» және Шрифт» деген атпен жеке кітап болып, 2001 жылы басылып шықты. 1995-2001 жылдары Нұрқасымов С.Ж. жоғарыда аталған мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарынқазақ және орыс тілдерінде дайындады, сол стандарттар бойынша республиканың бірқатар жоғары оқу орындарында «Интерьер» мамандықтары ашылды. С.Нұрқасымовтың Шымкент,Қостанай, Петропавл қалаларындағы, Маңғыстау облысындағы мәдениет сарайларын безендіру кезінде жасаған «Гүлденген жер», «Сағым», «Мол өнім» (витраж), «Ағын» (мозаика), «Наурыз» (сграфитто) сияқты туындылары жоғары бағаланды. Оның «Майдангер портреті» (майлы бояу), «Ұлы жеңіске 40 жыл» (картап темпера), «Досымның  портреті» (акварель), «Қалалық пейзаж» (акварель), «Нөсерден соң» (акварель), «Балалық шақты еске алу» триптихы, «Тал түс», «Дауыл», «Тыныштық» (майлы бояу), «Бұлақ басында» (майлы бояу), «Натюрморт» (майлы бояу), «Ақ бота» пейзаж (м.б.), «Күннің  батуы» (м.б.) және басқа да жұмыстары республикалық көрмелерден орын алды. 1986 жылы өткен республикалық«Елімнің жастық шағы» атты көрмеде жоғары бағаланған «Дауыл» атты шығармасын КСРО Суретшілер Одағының көрмелер дирекциясы сатып алды. Осы туынды 1987 жылы «Жалын» журналында жарияланды. Нұрқасымов С.Ж. кітаптарды көркемдеп, безендірумен де айналысты, ол А.Әбіласановтың «Қоштаспайды күндерім», М.Әбдірахмановтың «Ана ерлігі», М.Қабанбаевтың «Айшылық алыс жол», Т.Бердияровтың «Что в сумке», Б.Досмұратовтың«Парыз» атты кітаптарын безендірді, бұлар 1985-1991 жылдары Алматы қаласындағы «Жалын» баспасынан жарық көрді. С.Нұрқасымов өз көзімен көріп, түйсінген шындықты, сондай-ақ көңіліндегі ой-толғаныстарын шығармаларында айқын көрсетіп, айшықты бейнелер жасайды, шығармалары табиғилығымен, бояуларының қанықтығымен ерекшеленіп,түр мен мазмұн ыңғайлы үйлесім табады. Нұрқасымов С. – КСРО Суретшілер Одағы жас суретшілер бірлестігінің, басқа да өнер саласындағы ұйымдардың мүшесі болды.