Баймолдин С.
Жер-мекен: Өлеңдер .- Алматы: жазушы, 1966 .- 40 б.
Жер-мекен: Өлеңдер .- Алматы: жазушы, 1966 .- 40 б.
Жас ақын Сәбит Баймолдиннің бұл тұңғыш кітабы. Жинаққа автордың әр түрлі тақырыптағы шағын өлеңдері енді.
Сәбит Баймолдиннің «Қырда туған» атты бұл кітабында туған даламыздың кешегісі мен бүгіні жырланады. Жас ақын дала тарихын өз көзімен өлең жолдарына түсіреді.
Жинаққа ақынның достық, махаббат жайлы бір топ өлеңдері де кірді.
Монолог: Поэмалар .- Алматы: Жазушы, 1969 .- 56 б.
«Монолог» - Сәбит Баймолдиннің үшінші кітабы. Бұл жинаққа дәуір, адамгершілік жәйлі лирикалық – философиялық поэмалары енді. Жас ақын өмір суреттерін өз даусымен, өзіндік ою-өрнектерімен бейнелейді.
Сағыныш: Өлеңдер, толғаулар, дастандар .- Алматы: Жазушы, 1976 .- 68 б.
Сәбит Баймолдиннің «Сағыныш» атты кітабына жаңа өлеңдері, толғаулары, дастандары кірді. Мұнда адамгершілік, жақсылық қасиеттер, замандастар өмірі жырланады.
Баймолдин С.
Алтын гүл: Өлеңдер, толғаулар, дастандар .- Алматы: Жалын, 1978 .- 80 б.
Ақын Сәбит Баймолдиннің «Алтын гүл» кітабына жаңа өлеңдері, толғаулары, дастандары кірді. Мұнда адамгершілік, жақсылық қасиеттер, замандастар өмірі жырланады.
Баймолдин С.
Сенемін саған: Өлеңдер мен поэма .-Алматы:Жазушы,1980 .-160 б.
Ақын Сәбит Баймолдиннің «Сенемін саған» атты кітабында жаңа өлеңдері мен «Қызыл сенбі» дастаны енді. Мұнда дәуіріміздің ұлылығы, замандастар өмірі жырланады.
Іңкәр күндер: Поэма мен өлеңдер .- Алматы: жалын, 1982 .- 96 б.
Сәбит Баймолдиннің жаңа жинағына «Сегізінші ғаламат» атты поэмасы мен өлеңдері еніп отыр. Ақын жас ұрпақты отаншылдыққа, азаматтық белсенділікке, елді, жерді, еңбекті, адамды, әділетті сүюге үндейді.
Баймолддин С.
Армия семьясы: Өлеңдер мен поэмалар .- Алматы: Жазушы, 1982 .- 112 б.
Ақын Сәбит Баймолдиннің «Армия семьясы» атты бұл жинағына оның саналуан тақырыпқа жазған өлеңдері мен поэмалары енді.
Соғыс жылдары ел қорғасып, әділет сүйіп, ыстық-суыққа ерте төзген ұрпақ өкілі – автор ерлікті, еңбекті, шындықты жырға қосады.
Бесік жыры: Өлеңдер .- Алматы: Жазушы, 1985 .- 160 б.
Ақын Сәбит Баймолдиннің бұл кітабы соңғы жылдары жазған жаңа өлеңдерінен құралды. Онда бүгінгі замандастарымыздың ерлік еңбегі, ой өрісі, Отанға, туған жерге деген махаббаты, қазақ даласының жаңарған бейнесі жырланады. «Бесік жыры» деп аталған бұл кітап азаматтық парызды терең сезінуге үндейді.
Баймолдин С.
Тал кеме: Өлеңдер, дастандар .- Алматы: Жазушы, 1988 .- 200 б.
Жыр сүйер қауымға Сәбит Баймолдиннің есімі көптен таныс. Ақынның негізгі тақырыптары: сүйікті отан, партия, туған жер, өскен ел, бал махаббат.