1958 жылы 16 желтоқсанда Жарқамыс ауылында, белгілі ұстаз Жиенбаев Сейіл мен ауданның комсомол, партия, кеңес қызметтеріне белсене араласқан Жұмағалиева Ақтөренің отбасында дүниеге келген. 1973 жылы Жарқамыс орта мектебінен оқуға түсіп, оны 1977 жылы үздік дипломмен бітіреді. Сол жылы ауданымыздағы Ы.Алтынсарин атындағы бастауыш мектептің мұалімі болып еңбек жолын бастайды. 1978 жылы аудандық оқу бөлімінде инспектор болады. 1980 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, бұл оқу орнын 1985 жылы үздік бітіріп шығады. Сөйтіп оқу министрлігінің жолдамасымен Ақтөбе педагогикалық институтына оқытушы болып орналасады. 1995-1999 жылдар аралығында Қазақтың Әл- Фараби атындағы Ұлттық университетінің Қазақстан заңы, заман тарихы кафедрасында ғылым стажировкадан өтеді және аспирантурасын тауысады. Осында "1868 жылғы әкімшілік реформа: Орынбор өлкесіне енгізілуі және оның зардаптары" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. Қазір Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің жалпы тарих кафедрасының аға оқытушысы. Жолдасы Әбенов, Дәулет Құсайынұлы да осы кафедрада аға оқытушы, тарих ғылымының кандидаты.