Жұлдызды түндер: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы,1972.- 104 б.
«Жұлдызды түндер» - Қажығали Мұханбетқалиевтің тұңғыш кітабы. Бұған автордың туған жер, адамгершілік, азаматтық парыз туралы әңгімелері еніп отыр. Жас жазушының не туралы жазса да, барынша шынайы баяндауға талпынуы оқушысын қуантарлық.
Мұханбетқалиев Қ.
Торғай сыбдыры .- Алматы: Жазушы, 1974 .- 120 б.
Мұханбетқалиев Қажығали – «Жұлдызды түндер» кітабы арқылы оқушыға бұрыннан таныс. Көпшілік қауым әңгімелерін жылы лебізбен қабылдағын.
«Тоғай сыбдыры» - жас автордың екінші кітабы. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты, олардың мінез-құлқын көрсетуде Қажығалидың шығармалары өз бояуымен тәп-тәуір. Тақырыбын толғана жазып, шебер аяқтайды. Не нәрсені де шынайы суреттейді.
Жаңғырық:Әңгімелер мен повестер.- Алматы: Жалын, 1978.-168 б.
Қажығали Мұханбетқалиев өзінің шағын әңгімелері мен повестері арқылы оқырман қауымға біраздан бері таныс. Жазушының «Жұлдызды түндер», «Тоғай сыбдыры» атты жинақтары оқырман қауымнан, әдебиет сыншыларынан тәуір бағасын алған еді. Бұл кітабына да шағын жанрдағы жаңа туындылары еніп отыр.
Старые друзья /Перевод с каз. В.Малькова .- Алма-Ата: Жазушы, 1981 .- 224 с.
Эта первая книга молодого казахского писателя на русском языке. В нее вошли повести и рассказы, получившие высокую оценку читателей и литературной критики.
Основной стержень творчества писателя – проблемы морали. Главные герои его произведений – люди, наделенные обостренным чувством совести, решающие сложные морально-этические проблемы современности. Скрупулезно исследуя людские характеры и судьбы, осмысливая их сложную, порой противоречивую, нравственно- гражданскую эволюцию, автор затрагивает тему духовного здоровья человека, искренности и истинности его убеждений.
Қайдасың сен, махаббат?: Әңгімелер мен повестер .- Алматы: Жалын, 1984 .- 272 б.
Жазушының бұл кітабына «Мінез», «Сынық терезе», «Қаңтардың қарасуық түні», «Ит жылғы оқиға» секілді әңгімелері мен жұртшылықтан жылы лебіз естіген бірқатар белгілі туындылары еніп отыр. Кітап екі бөлімнен тұрады; бірінші бөлім, негізінен, қазіргі қала тіршілігіне арналған. Екінші бөлімге бүгінгі ауыл өмірін арқау еткен шығармалар енгізілген.
Дороги жизни: Повести и рассказы /Пер. С каз. В.Михайлова .- Алма-Ата: Жазушы, 1991 .- 304 с.
Автор пишет о своих современниках, о мечтах и делах простых парней, среди которых трудился и сам. Разными дорогами идут герои Кажигали Муханбеткалиева, не каждому из них хватает сил и мужества не свернуть с единственно верного пути – пути истины и добра, не каждый сумел сохранить верность юнлшеским идеалам. Но не осуждать, а понять жизнь во всей ее сложности и многоликости стремится писатель. «Ко всему в жизни нужно относиться великодушно, - думает герой одного из рассказов.- Лишь в... великодушии- разгадка той неизмеримой тайны, которая называется жизнью...»
Сынық терезе: Әңгімелер мен хикаяттар.- Астана: Елорда, 2003.-272 б.
Жазушының бұл кітабына оқырмандарға кеңінен таныс, әдеби орта әлдеқашан мойындаған белгілі-белгілі туындылары еніп отыр. Қаламгердің қай шығармасын оқысаңыз да, қала мен дала өмірін бірдей жақсы білетіндігі айқын сезіледі.
Жалғыз жиен: Әңгімелер мен хикаяттар.-Алматы: Жазушы, 2005.-288 б.
Жазушының бұл кітабына оқырмандарға кеңінен таныс, әдеби орта әлдеқашан мойындаған белгілі-белгілі туындылары еніп отыр. Қаламгердің қай шығармасын оқысаңыз да, қала мен дала өмірін бірдей жақсы білетіндігі айқын сезіледі.
шағын жанрдағы жаңа туындылары еніп отыр.
«Тоғысар арнамыз бір толғанғанда...»: Әдеби сын-мақалалар, зерттеулер, ой-толғаныстар.-Алматы:Балауса баспасы, 2010.-320б.
Белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қажығали Мұханбетқалиұлы ұзақ жылдар бойы әртүрлі әдеби-мәдени басылымдарда қызмет атқарып қана қоймай, күні бүгінге дейін қоғамдық өмірдің сан-салалы мәселелері туралы баспасөз беттерінде өз ой-пікірлерін үнемі ашық айтып келе жатқан қаламгерлердің бірі. Автордың бұл кітабына әр жылдары әдебиет пен өнер туралы жазған мақалалары; пікірталас кезінде сөйлеген сөздері және әріптестерімен сыр-сұхбаттары; бірқатар тарихи тұлғалар жөніндегі зерттеу еңбектері енгізіліп, бірінші рет жеке кітап болып жарық көріп отыр.Бір қызығарлығы – жинаққа кірген кейбір еңбектердің жазылғанына бірталай уақыт өтсе де, онда сөз болған мәселелердің әлі күнге өз актуалдылығын жоғалтпағандығы, автор пайымдауларының парасаттылығы – оқырманды еріксіз ойлантады.
«Алабұға, аққайран...» (Еліміздің өзен-көлдеріндегі балықтар жөнінде не білесіз?) .- Алматы: Баур, 2008 .- 72 б.
Біздің еліміз жерге, кенге ғана бай емес, өзен-көлге де бай. Өзен-көлге бай болған соң, онда тіршілік ететін балықтарға да бай. Бірақ... біз өзіміздің өзен-көлдеріміздегі сол балықтардың тыныс-тіршілігін аз білетіндігімізді былай қойғанда, атауларының өзін жиі шатастырып алатын болып жүрміз. Тіпті кейбіреулерінің атын байырғы балықшылар болмаса, қалың көпшілік ұмыта да бастағаны байқалады. Бұл шағын еңбек сол олқылықтың орнын толтыруға сәл де болса септігін тигізсе, нұр үстіне нұр болар еді. Кітап мектеп оқушыларынан бастап, табиғат сүйер күллі қауымға арналған.
Сырым Датұлы. Жинақ / Құрастырған Қ.Мұханбетқалиұлы. Толықтырылған, екінші басылымы: Алматы:Арыс баспасы, 2010- 368 б.
Жинаққа қазақтың біртуар перзенті, айбынды батыр, ділмар шешен, төбе би Сырым Датұлының азаматтық, қайраткерлік тұлғасын ашатын отарлаушылар, жиһанкездер, зерттеушілер, тарихшылар мен қаламгерлердің әр жылдарда жазып қалдырған еңбектері, естеліктері, көркем шығармалары және ата-тек шежіресі, үрім-бұтағы, сондай-ақ есімін ардақтау жөніндегі туған еліндегі істелген мәдени шаралар туралы деректі материалдар топтастырылған.
Тар кезең: Тарихи роман .- Алматы: “Мерекенің баспалар үйі” ЖШС, Mereke baspasy, 2012 .- 584 б.- 40 сурет
Қазақ даласының Батыс пен Орталық бөлігі Ресей протекциясына қарағанына жарты ғасырдай уақыт өткенде, империя енді өзінің отаршылдық бет-бейнесін ашықтан-ашық көрсете бастаған болатын. Әсіресе, Алаш баласы Елек пен Жайық бойындағы өріс-қоныстарынан ысырылып; онымен қоймай, біресе Жайық казак-орыстарының, енді бірде башқұрттар мен Еділ қалмақтарының талауына ұшырап, жан-жақты қысым көре бастады. Ел басындағы хан Нұралы болса, бұл істердің бірде-бірін орнықты шеше алмай, ел билігі де дағдарысқа түсті.
Міне, осындай қилы кезеңде ел тағдырына деген жауапкершілікті өз мойындарына алған – Байбақты Сырым бастаған қазақтың білікті билері мен батырлары, ақсақалды ағалары еді...
Жазушының «Тар кезең» аталатын романы халық тағдыры таразыға түскен осынау қиын кезеңнің оқиғаларын кең тыныспен, аса байыпты да байсалды көрсете білген, шын мәніндегі көркем туынды.