(25.11.1949, Доңызтау с. Байғанин ауданы) - ғалым, педагог, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент. 1966 жылы №1 Қарауылкелді орта мектебін, 1972 жылы Новосибирск мемлекеттік университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірген. 1972-1974 жылдары КСРО ҒА Сібір бөлімшесі есептеу орталығында стажер зерттеуші, 1974-1977 осы орталықтағы аспирантураның аспиранты, 1977-1979 жылы кіші ғылыми қызметкер болды. 1979-1997 жылдары Қарағанды мемлекеттік универститетінде оқытушы, доцент, кафедра меңгеруші қызметтерін атқарды. 1997 жылдан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде (математикалық модельдеу және сандық талдама кафедрасының меңгерушісі, математикалық модельдеу және жаңа ақпараттық технология кафедрасының доценті) ұстаздық етеді. Мұздақбаев. М- бірнеше ғылыми еңбектер жазып, олар Ресей Федерациясы мен Қазақстанда шығатын ғылыми журналдарда жарияланды.