1949 жылы маусым айының бірінші жұлдызында ауданымыздаң Доңызтау аулында дүниеге келген. 1966 жылы Ақтөбе қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп -интернатта он жылдық білім алған соң, Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетінің студенті атанады.
Алғашқы еңбек жолын 1972 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы болып бастады. Еңбек ете жүріп осы кафедра құрамындағы аспирантураны да аяқтап шығады. 1978 жылы кандидаттық диссертация қорғады. 1986 жылы КСРО Жоғары аттестациялық комиссиясының (Мәскеу қаласы) шешімімен ғылыми доцент атағы берілді. 1977-1995 жылдары арасында Орталық ғылыми -зерттеу лабораториясын басқарып кейін оқу жұмысына ауысып педиатория, стомотология факультеттерінің декан орынбасары, шетелдік студенттермен жұмыс жөнінде декан қызметін атқарады. 2002 жылдан бері эпидемология кафедрасында доцент болып еңбек етіп келеді. Осы жылдар аралығында сексеннен астам ғылыми жұмыстары жарық көріп, төрт оқу құралы басылып шықты. Еңбегі Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігінің, Ақтөбе облыстық мәслихаттың құрмет грамоталарымен марапатталды.