Білиев Назарбай

    
  (15.09.1935, Жарқамыс) – қазақтың көрнекті ғалымы, физика – математика ғылымдарының докторы (1980), профессор (1985), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент – мүшесі (1989). 2003 жылдан ҰҒ академиясының академигі. Қазақстанның ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер (1998). Жарқамыс орта мектебін (1952), Қазақ мемлекеттік университетін (1957), КФО Ғылым академиясының В.А.Стеклов атындағы математика институтының аспирантурасын (1963) бітірген. 1957 – 1960 жылдары Атырау педагогика институтының аға оқытушысы, 1963 – 1988 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясы Математика және механика институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, лаборатория меңгерушісі, 1988 жылдан Математика институтының директоры, 2000 жылдан осы институттың құрметті директоры, бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы физика – математика ғылымдары бөлімшесінің академик – секретары, Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі.
Білиев Н.Қ. дифференциалдық теңдеулер, функционалдық анализ және функциялар теориясы салалары бойынша еңбектенді, ол екі монография мен 115 ғылыми еңбектердің авторы. Н.Қ.Білиевтің жетекшілігімен 20 ғылым кандидаттары мен докторлары дайындалды. 1999 жылы Халықаралық Харезми сыйлығы мен алтын медальға ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің грамоталарымен марапатталған.2006 жылы ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі болды.
  Шығармалары: «О функциональных свойствах одного интегрального операторы». ДАН СССР. 1972. Том 205, №5; «Об одном классе эллиптических дифференциальных уравнений первого порядка» ДАН СССР, 1975, т 220, №1; «О общенные аналитические функции в дробных пространствах» 1985, А – А. «Наука» 16с. «Generalizit analytic functions in the frctional Spaces», 1997, USALongman.