Байғанин Н.
Нарқыз: Дастандар мен өлеңдер /Құрастырған І.Мәмбетов - Алматы: Жазушы, 1974 .- 352 б.Нұрпейіс Байғаниннің бұқарашыл-шыншылдық тұрғыдан жырлаған ақын екендігін дәлелдейтін поэмасының бірі – «Нарқыз». «Нарқыздың» негізгі идеясы – қазақ әйелінің өз теңдігі үшін жасаған жан қиярлық ерлігін көрсету. Ақын мақсаты – ел азаматы, намыс,, кек иесі болған күрескер қыздың образын жасау.Бұл жинаққа «Нарқыз», «Төрехан», «Ақкенже», «Май толғауы» т.б. толғаулар мен дастандары және өлеңдері жинақталған.
Байғанин Н.Таңдамалы шығармалар: Өлеңдер, толғаулар, дастандар /Құраст., алғы сөзін жазған О.Нұрмағамбетова .- Алматы: Жазушы, 1991.-400 бет., -портр., суретті- (Асыл мұра).Нұрпейіс Байғанин ұзақ ғұмыр кешіп, екі заманның куәсі болған аса көрнекті халық ақыны. Ол өз шығармаларында еліміздің тәуелсіздік жолындағы ерлік күресін, жаңа жарқын өмірді шабыттана жырлайды. Кітапқа атақты жыршының «Нарқыз», «Төрехан», «Құбығұл» сияқты үлкен дастандарымен бірге, Ұлы Отан соғысы жылдарында шығарған жалынды жырлары іріктеліп алынды.Кітап ақынынң туғанына 130 жылдық мүшел тойына орай жарық көрді.
Байғанин Н.
Естеліктер. Таңдамалы шығармалар /Құраст.Ж.Асанов .- Алматы: Арыс, 2006.-312 б.Кітапқа ұлы жыршы, эпик ақын Нұрпейіс Байғаниннің өшпес мұрасы, таңдамалы өлең, толғау, дастандары топтастырылып отыр. Ақын-жыраудың көзін көріп, жырларын тыңдаған қазақ әдебиеті классиктерінің естеліктері де тарихи дерекнама ретінде ұсынылды.Жинақ ғасырлар тезіне төтеп берген асыл мұра – сөз өнерін қастер тұтқан көпшілік қауымға, әсіресе жас буын, өскелең ұрпаққа арналған.