Сергеева Айгүл Мақсатқызы

(1976, Байғанин п.)- география ғылымдарының кандидаты, ғалым. Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектебін (1993), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін (1997)  бітірді. Абай атындағы Алматы мемлекеттік  университетінің экономикалық және әлеуметтік география кафедрасында ғылыми стажировкада болып, 2002 жылы "Батыс Қазақстан экономикалық аудандық қоныстану жүйесінің қалыптасуы мен даму мәселелері" тақырыбында диссертация қорғады. 
Шығармалары: Қоныстанудың географиялық, әлеуметтік -экономикалық мәселелері (Батыс Қазақстан экономикалық ауданы негізінде) "Білім" А.-2000 ж. Қазақстанның микроэкономикалық жағдайында демографиялық процестердің экономикаға әсері "Қазахстан на пути к государственной независимости: история и современность" Семипалатинск. 2001.-392-395 бб. Батыс Қазақстан экономикалық ауданында халықты тұрақтандыру мәселелері. А.2001.