Жаймурзин Әбдірахим


    (1916 ж.т. Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы) - қазақ совет философы, доцент, қоғам қайраткері. 1940 жылдан КПСС мүшесі, 1938 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогика институтының физика-математика факультетін үздік бітірген. 1943-45 жылдары БК (б) П ОК жанындағы жоғары партия мектебінде оқыды. Оқуды бітірген соң КПСС Орталық Комитетінің нұсқаушысы, 1947-51 жылдары Гурьев облыстық партия комитетінің  секретары, 1951-53 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының председателі болды. 1953 жылы КПСС ОК жанындағы Қоғамдық Ғылым Академиясына оқуға түсті, онда "Жан Мельенің материализмі мен атеизмі" тақырыбында диссертация қорғады.
     1960 жылдан бері ғылыми-педагогикалық қызметте. Қазақстан ССР Ғылым Академиясы философия және право институтында кафедра басқарды, 1972 жылдан сол кофедраның доценті. Негізінен философия тарихымен, қазақ халқының саяси-әлеуметтік ой пікірімен шұғылданды. Ә.Жаймурзин Қазақстан КП Ү-ҮІ съездерінде ҚКП Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланды.