Дүйсенбаев Е.
Ақ пейіл: Өлеңдер .- Алматы: Жазушы, 1974 .- 56 б.
Есенбай Дүйсенбаев біраз жылдардан бері әдебиетке араласып келе жатқан жас ақынның бірі. Оның жазған өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде жиі-жиі көрініп, жұрт назарына ілігіп жүр. Автор ауыл өмірінің кешегісі мен бүгінгісін, сонымен бірге жарқын болашағы туралы әдемі сыр шертеді. Биік адамгершілік пен адалдық жайлы толғайды. Бұл кітапқа автордың таңдаулы деген бір топ жырларын енгізіп, оқушы қауымға ұсынып отырмыз.
Дүйсенбаев Е.
Ұланғайыр: Өлеңдер .- Алматы: Жазушы, 1977 .- 76 б.
Есенбай Дүйсенбаев өзінің лирикалық жырларымен оқушы қауымға жақсы танымал болған жас ақын. Оның мына жинағына Отан, Ленин, туған жер, адамгершілік жайлы толғаған жаңа жырлары енді.
Дүйсенбаев Е.
Ашық аспан: Толғаулар, өлеңдер .- Алматы: Жалын, 1978 .- 72 б.
Ақынның бұл кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде автор советтік Отан, оның ардагер ұлдары, бейбітшілік жайлы толғайды. Екінші бөлімдегі өлеңдерінде көктем, жастық шақ, махаббат әуені басым.
Дүйсенбаев Е.
Ақ желкенді ағыстар: Өлеңдер мен поэмалар .- Алматы: Жазушы, 1979 .- 112 б. «Ақ желкенді ағыстар» - Есенбай Дүйсенбаевтың бесінші кітабы. Ақын бұл жинағында туған табиғат, сұлулық, махаббат, достық, ізгілік пен адамгершілік жайында сыр шертеді. Есенбайдың лирикасы өзіне тән екпінді ырғақ, еркін тынысымен, ыстық сезім, кең толғамымен ерекшеленеді.
Дүйсенбаев Е.
Ашық хат: Өлеңдер мен толғаулар .- Алматы: жазушы, 1982 .- 120 б.
Ақын Есенбай Дүйсенбаевтың бұл жинағына жауқазын шағы жалынға шарпылып өскен ұрпақ, соғыс пен бейбітшілік, асыл адамгершілік, достық пен жақсылық және өмір-тіршілік туралы тебіреніс толғаныстар өзек болған.
Жыр кітабына автордың өлең өрнегіндегі қолтаңбасы аңғарылады.Дүйсенбаев Е.
Таң торғайы: Жыр кітабы .- Алматы: Жалын, 1988 .- 304 б.
Ақынның таңдаулы өлеңдері топтасқан «Таң торғайы» атты бұл кітапқа азамат жүрек дүрсілін аңғартатын шынайы да шымыр толғаныстары енгізілген.
Дүйсенбаев Е.
Үшбұлақ: Дастандар мен өлеңдер .- Алматы: Жалын, 1990 .- 264 б.
Ақынның бұл кітабына енген өлең, дастандар жариялылық дәуірінің сәулесімен нәрленген. Жаңалап, жаңғыртушы сәуір желі еседі.