1966 жылы Көлтабан ауылдық кеңесінде туған. 1983 жылы Байғанин орта мектебін бітіреді. 1983-84 жылдары "Қарауылкелді" совхозының қой өсіруші "Жас жігер" комсомол- жастар бригадасының құрамында еңбек етеді. 1984-87 жылдары Алматы қаласында Республика Ғылым Академиясында кіші қызметкер болып жұмыс жасайды. 1987-92 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітіреді. 1992 жылы Ақтөбе педагогика институтында оқытушы болады. 1996 жылы Әл-фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетінің аспирантурасына түсіп, оны 1998 жылы бітіріп шығады. Сол жылы 18 маусымда "Ізтай Мәмбетовтің шығармашылығы (50-70 жылдар аралығындағы әдеби процесс контексінде)" тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғайды. 1998 жылдың тамыз айынан бастап, Ақтөбе қаласындағы Батыс Қазақстан экономика және қаржы институтында қазақ және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы, кейіннен академик С.Бәйішев есімі берілген Ақтөбе университетінің доценті атағы беріледі. 2001 жылдың қыркүйек университеттің Ғылыми кеңесінің ғылыми хатшысы, сондай - ақ қазақ және орыс тілдері кафедрасының доценті болып қызмет атқарады. Бірнеше ғылыми мақалалар мен оқу әдістемелік құралдардың авторы. Республикалық және халықаралық ғылыми конференциялар мен семинарларға ұдайы қатысып, қазақ тілі мен әдебиеті ғылыми салаларының мағызды проблемаларын зерттеу бағытында белсенді еңбек етіп жүрген ғалым.