Көгілдір соқпақ: Повестер мен әңгімелер .- Алматы: Жалын, 1980- 144б.
Бұл – Мәди Айымбетовтың балаларға арнаған үшінші кітабы. Кітаптағы «Бар болғаны он төрт жас», «Күнікей повестері қала балаларының өмірі жайлы әсерлі баяндалған шығармалар. Ал әңгімелері жүрекке жылы тиер лиризммен оқырмандарды баурап отырады.
Бұл – Мәди Айымбетовтың балаларға арнаған үшінші кітабы. Кітаптағы «Бар болғаны он төрт жас», «Күнікей повестері қала балаларының өмірі жайлы әсерлі баяндалған шығармалар. Ал әңгімелері жүрекке жылы тиер лиризммен оқырмандарды баурап отырады.
Айымбетов М.
Шыққа тұнған нұр:Повестер-Алматы:Жалын, 1989-384 б.
Жазушы Мәди Айымбетов үш повесть-хикаядан тұратын көлемді шығармасы «Шыққа тұнған нұрда» жастардың бойындағы адамгершілік, ізгілік қасиеттердің қалыптасу, өміртанымдық сана-сезімінің ояну сәттерін негізгі кейіпкер Әбіл Әділовтың өсу, есею жолындағы күрделі де қызықты оқиғалары арқылы әңгімелейді.
Жинаққа оқырманға бұрыннан таныс «Күнікей», «Көлге шомылған ай» повестері де еніп отыр.
Айымбетов М. Аспан асты, жер үсті:Повесть-Астана: Елорда,2002-168 б. Повестің бас кейіпкері – дарынды суретші-кескіндемеші Мұнардың өнердегі және өмірдегі тағдыры арқылы қаламгер ғасырлар тоғысындағы бүгінгі күндердің қилы-қилы құбылыстарын көркем де бейнелі зерделейді. Адам болмысындағы рухтылық пен рухсыздық, биіктік пен ездіктің, бір-бірімен тайталас түсіп жататын ақиқаттың мәңгілік тартысы шығарманың өзегіне шымыр да шебер өріліп, оқырманды сыршыл да нәрлі тілінің ырғағымен баурап отырады.
Жазушы Мәди Айымбетовтың бұл шығармасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған таңдаулы көркем шығармаларға жарияланған республикалық конкурстың
жүлделі орнын иеленген.
Айымбетов М.
Құла түздегі үнсіздік: Хикаяттар, әңгімелер-Алматы: Жазушы, 2005-280б.
Белгілі жазушының бұл кітабына таңдамалы хикаяттар мен әңгімелері енді. Мәди шығармаларында ауыл адамдарының тағдыр-талайы, туған жер табиғаты соншалық бір ыстық перзенттік сезіммен шынайы ды шырайлы суреттеледі.
Құмөзек хикаялары: Хикаяттар мен әңгімелер .- Алматы: Раритет, 2007 .- 256 б. – «Алтын қор» кітапханасы.
Жазушының бұл кітабына қазақ оқырмандарына бұрыннан таныс таңдаулы хикаяттары мен әңгімелері жинақталған. Талантты қаламгер өзінің шығармаларында өмір шындығын шынайы өрнектеп, кейіпкерлерінің жан дүниесін, психологиясын терең де нәзік иірімдермен бейнелеу арқылы адам әлемінің тұтастай бір сипатын алға тартады.