Миров Мұхтар

(1972, Байғанин п.) - ғалым, филология  ғылымдарының кандидаты, доцент. №1 Қарауылкелді орта мектебін (1989), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. Миров М. қазақтың тіл білімінің негізін Құдайберген Жұбановтың әр кезде жарияланған шағын мақалаларынан бастап, оының ғылыми -көсемсөздік (публицистикалық) еңбектерінің тілін, мән-маңызын бүгінгі күнмен байланыстыра отырып зерттеді, осы салада жоғары оқу орындарының студенттері мен ұстаздарына арналған оқу құралын шығарды (2002). Сонымен бірге, ғалым профессор Қ.Жұбановтың қазақтың ұлттық ғылыми тілін жасау жолындағы әр алуан ізденістерін зерделеп, олардың мәні мен мағынасын ашып көрсетті, оның ағартушылық сипаттағы мақалаларын саралап, ғылым тіліне ой-толғамдарының стильдік және ғылыми деңгейлерін анықтады. Қ.Жұбанв жазған алғашқы ана тілі бағдарламасы мен оқулығының ғылыми-методикалық және лексикографиялық құндылығын бағамдады, тұжырымдамаларын теориялық талдап, еңбектерінің ерекшелігін, стильдік жүйесін сипаттады.
Шығармалары: Қ.Жұбанов публицистикасы: оқу аспектілері. Алматы-2002.