(5.05.1954, Кемерши селосы, Байғанин ауданы) - ғалым, математик. Жем орта мектебін (1971), Қазақ мемлекеттік университетінің математика факультетін (1979), Қазақ КСР Ғылым Академиясы Математика және механика институтының аспирантурасын (1986) бітірген, Физика -математика ғылымдарының кандидаты (1986). 1979 жылдан Көкшетау педагогика институты математикалық анализ кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, 1993-1995 жылдары Ақтөбе педагогика институтындағы матанализ кафедрасында доцент қызметтерін атқарды. Математика ғылымының Дифференциялық теңдеулер саласы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді, мақалалар жариялады. 1995 жылдан Көкшетау университетінде дәріс берген. Ал 2002 жылдан бері Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің қолданбалы және есептеу математика кафедрасының доценті.