Баймұханов Болат Шағырбайұлы

      1249 жылы 20 қаңтарда Байғанин ауданының Қопа елді мекенінде дүниеге келген. Темір қаласында орта білім алғаннан кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне түсіп,  1973 жылы оның филология факултетін табысты аяқтап шығады. 1973 жылдан Ақтөбе облыстық телевидение мен радиода редактор, облыстық комсомол комитетінде нұсқаушы, облыстық білім басқармасында бөлім меңгерушісі, Батыс Қазақстан теміржол басқармасында саяси және кадр бөлімінің бастығы, Ақтөбе педагогикалық институтының аға оқытушысы, Ақтөбе облыстық оқытушылардың білім жетілдіру институтының кафедра меңгерушісі, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқу орталығының директоры болып қызмет атқарған. Ал 2005 жылдан бері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде "Яссауи" білім беру орталығының директоры. Филология ғылымдарының кандидаты, көптеген ғылыми еңбектері әртүрлі басылымдарда жарияланған.