1966 жылы 20 ақпан күні ауданымыздың Кемерши ауылында туған. Орта білім алған соң, 1982-88 жылдары Ақтөбе педагогика институтында оқып, оны математика және физика мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады. Сол жылы қаладағы мектеп -интернатта информатика пәнінің мұғалімі болады. 1989 жылы. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік универститетінің информатика және есептеуіш техника кафедрасында оқытушылық қызметке ауысады. Сол кездерден ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан ол 1994-98 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік универститетінде математикалық білім берудің дидактикасы мен теориясы кафедрасында ғылыми ізденуші зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. 1998 жылы осы универститеттегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесте "Жоғарғы оқу орындарында болашақ математика мұғалімінің кәсіпқой ізденімпаздығын қалыптастыру" деген тақырыпта ғылымының кандидаттық диссертациясын қорғайды. Мұқашева жиырмаға жуық ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы. Оның ғылыми-зерттеу жұмыстары педагогикалық процестерді модельдеу және оларды зерттеуде жаңа информациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану мәселелерін қамтиды.