(20.03.1949, Қораши ауылы, Байғанин ауданы)- ғалым, физика -математика ғалымдарының кандидаты. Қарабұлақ бастауыш мектебін (1960), Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектебін (1966), Қазақ Мемлекеттік Университетінің механика -математика факультетін (1973), Қазақтың менеджмент және экономикалық болжамдау институтын (1995), Қазақ мемлекеттік университеті аспирантурасын (1985) бітірген. 1973 жылдан Арқалық педагогика институтында дәріс оқыды. Кеңес Армиясы қатарында әскери қызметте болды, Алматы қаласында банк жүйесінде жұмыс істеді. Ол теоретикалық механика саласында бірқатар ғылыми -зерттеу жұмыстарымен шұғылданды, көбіне реттелетін жүйелердің беріктігі, қолданылуы, механикалық жүйелердің бағдарламалық қозғалысының тұрақтылығы жөнінде күрделі еңбектер жазды, олар Қазақ КСР Ғылым Академиясы "Хабаршыларында" (Известия АН Каз. ССР), Алматыдағы "Наука", КазГУ баспаларында, ғылыми - зерттеу анықтамалықтарында жарық көрді. Оңайбаев.Қ -Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі. (20.03.1949, Қораши ауылы, Байғанин ауданы)- ғалым, физика- математика ғалымдарының кандидаты. Қарабұлақ бастауыш мектебін (1960), Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектебін (1966), Қазақ Мемлекеттік Университетінің механика -математика факультетін (1973), Қазақтың менеджмент және экономикалық болжамдау институтын (1995), Қазақ мемлекеттік аспирантурасын (1985) бітірген. 1973 жылдан Арқалық педагогика институтында дәріс оқыды, Кеңес Армиясы қатарында әскери қызметте болды, Алматы қаласында банк жүйесінде жұмыс істеді. Ол теоретикалық механика саласында бірқатар ғылыми -зерттеу жұмыстарымен шұғылданды, көбіне реттелетін жүйелердің беріктігі, қолданылуы, механикалық жүйелердің бағдарламалық қозғалысының тұрақтылығы жөнінде күрделі еңбектер жазды, олар Қазақ КСР Ғылым Академиясы "Хабаршыларында" (Известия АН Каз. ССР), Алматыдағы "Наука", КАзГУ баспаларында, ғылыми -зерттеу анықтамалықтарында жарық көрді. Оңайбаев.Қ-Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі.