Жансүгіров Амангелді

       
 1944 жылы Жарқамыс ауылында туған. 1962 жылы Жарқамыс орта мектебінен орта білім алып шыққан соң, Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы  институтының топырақ агрохимия факультетіне түседі. Оқу орнын 1967 жылы табысты аяқтап, қазақтың жер шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына жолдамамен барады. Мұнда ол сортаң жерлерді суландыру бөлімінің кіші ғылыми қызметкері болып орналасады. Бұл бөлім 1969 жылдың басында шабындық-жайылым шаруашылығы Қазақ ғылыми-зерттеу институтының қарамағына беріледі. Жансүгіров 1969 -1972 жылдары осы институттың аспираттурасына түсіп, "топырақтану"  мамандығы бойынша оқиды. Аспирантурада оқып жүрген кезінде "Ақтөбе облысының күлгін топырақты зоналарындағы сортаң жерлердің топырақ қабаттарының құрылысы" деген тақырыпта кандидаттық диссертация дайындайды. Бұл диссертациясын ол 1974 жылы қорғап шығады. 1974-1975 жылдары осы институттың ғылыми қызметкері болса, 1975 жылы Қазақ жер шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында агротопырақтану аға ғылыми қызметкері болып жұмыс жасайды. 1982 және 1999 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университеті мен "Дарын" әлеуметтік -гуманитарлық институтында оқытушы болады. 1992 жылы докторлық диссертация қорғайды. Ол суландыру тәсілдері жөніндегі 10 патенттің иесі. 1989 жылы оған КСРО өнертапқышы атағы беріледі. Қазіргі кезде Евразия сауда институтының жоғары математика кафедрасының профессоры болып қызмет жасайды.
       Амангелдінің ата-анасы -ауданымыздың белгілі азаматтары. Әкесі Жансүгіров Аманжол Оразұлы ұзақ жылдар бойы аудандық жерге орналастыру бөлімінде беделді қызмет атқарса, шешесі Қаражанова Ынташ- "Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген мұғалім". Оның алдынан шәкірттердің әлденеше білім алып, үлкен өмірге қанат қаққан. 
       Амангелдінің өзінің отбасы мүшелері де ғылым жолын қуған жандар. Әйелі-Шүлетбаева Күзия Қонысбайқызы -профессор, генетика және молекулярлық биология кафедрасының меңгерушісі. Қызы-Жансүгірова Жазира-экономика ғылымдарының кандидаты. Ал ұлы -Жансүгіров Болат- Ақтау портының коммерциялық жүктер жұмыс бөлімінің бастығы.