(26.12.1951, Лавақ поселкесі, Тельман ауданы, Ташауз облысы, Түркмен КСР) - дәрігер, жоғары дәрежелі хирург, медицина ғылымдарының кандидаты (1988). 1986 жылы Байғанин ауданындағы Комсомол 30 жылдығы атындағы орта мектебін, 1974 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын, 1985 жылы КСРО Медицина Ғылым Академиясының Бүкілодақтық хирургиясы ғылыми орталығының ординатурасын, 1988 жылы осы орталықтағы аспирантурасын бітірген. 1974-1983 жылдары Ақтөбе облыстық клиникалық ауруханасында дәрігер -хирург, 1988-2000 жылдары М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина Академиясында хирургия кафедрасында ассистент, доцент қызметтерін атқарды. 2000 жылдан Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі. Келімбердиев С.М. көптеген күрделі хирургиялық операциялар жасап, жүздеген науқас жандардың қатарға қосылуына жәрдем берді, жұртшылық алғысына бөленді. Ол 2000 жылы "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" белгісімен марапатталды. 2008 жылдан бастап облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды.