Иманғалиева Базархан Сағынайқызы

  -педагогика ғылымдарының кандидаты. 1970 жылы Қарақалпақстанның Қожелі қаласында туған. 1985 жылы Байғанин ауданының орталығында №2 Қарауылкелді орта мектебінде 8 -класты үздік бітіріп, Ақтөбе педагогикалық училищесіне түседі. Осы оқу орнының мектеп бөлімін үздік дипломмен 1989 жылы аяқтап, сол жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетіне емтихансыз қабылданады. 1994 жылы бұл оқу орнын да үздік дипломмен бітіреді. Осында екі жыл оқытушылық қызмет атқарады. 1996 жылғы қыркүйек айынан 1997 жылдың қыркүйегіне дейін Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде тәжірибе алмасуда (стажировка) болады. Ал 1997 жылғы 1 желтоқсанда сол университеттің аспирантурасына түседі. 2000 жылдың  27 маусымында "Химияны оқытуда биохимиялық экология ұғымдарын қалыптастыру" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғайды. Осы жылдың қыркүйегінен бері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетінде аға оқытушы болып қызмет атқарып келеді.