Жалғасов Асау


       

    (7.11.1935, Сартоғай с.-тамыз, 2006) -ғалым, физик, физика-математика ғылымдарының кандидаты. Жарқамыс орта мектебін (1953), Қазақтың Абай атындағы педагогика институтын  (1957), Қазақ мемлекеттік университеті жылу физикасы кафедрасының аспирантурасын (1969) бітірді. Еңбек жолын Қарауылкелдідегі Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектебінде мұғалімдіктен бастады. 1972 жылдан Гурьев педагогика институты жалпы физика кафедрасының меңгерушісі, 2000 жылдан Атырау мұнай-газ институты физика кафедрасының профессоры. Жалғасов Асау физика ғылымында тасымалдану құбылысын, газдардың диффузиясы коэффицентінің температураға тәуелділігін зерттеп, бұл бағытта көптеген құнды ғылыми еңбектер жазды, олардың 25-тен астамы Мәскеу, Ленинград, Алматы т.б. қалаларда шығатын ғылыми басылымдарда жарық көрді. Бірқатар еңбектері Ленинградта шығатын "Техника физики" журналында жарияланды. Ол "Термодинамика", "Молекулалық физика" басқа да оқулықтар мен әдістемелік қосымша оқу құралдарының авторы.