Жолдин Бекболат
(16.04.1950, Қопа ауылы, Сарытоғай сел. окр. Байғанин ауданы ) - дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты. 1966 жылы Жарқамыс орта мектебін алтын медальмен бітірді, 1972 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша тәмамдады. 1972-75 жылдары Арқалық қаласындағы Торғай облыстық ауруханасында дәрігер - терапевт болды, 1975-77 жылдары Ақтөбе медицина институтының госпитальдық терапия кафедрасындағы клиникалық ординатурасында оқыды. 1979-1992 жылдары Ақтөбе медицина институтында ассистент, 1992-2001 жылдары доцент, 2001-2002 жылдары дәрігерлердің білімін жетілдіру факультеттің деканы. Жолдин Бекболат 1998 жылы "Жүрек шаншуымен ауыратын науқастарды изосорбид - 5- мононитрат препараттарымен емдеу жөніндегі клиникалық -фармакологиялық және хронобиологиялық зерттеулер" тақырыбымен кардиология мамандығы бойынша диссертация қорғап, медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. 1999 жылы Батыс Қазақстан медицина академиясының доценті атағы берілді. Жолдин Б. Республикалық және бұрынғы баспасөзде жарияланған 70- тен астам ғылыми еңбектердің, 3 рационализаторлық ұсыныстардың авторы.