(22.6.1961, Қарауылкелді с.) - ғалым, физика, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент. Москва физика-техникалық институтын (1984), КСРО Ғылым академиясының Ленинградтағы академик А.Ф.Иоффе атындағы физика-техникалық институты аспирантурасын бітірді. 1990 жылдан Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің қатты денелер кафедрасында, осы университет жанындағы эксперименталдық физика-ғылыми -зерттеу, институтында ғылыми-педагогикалық жұмыспен айналысады. Теориялық физика, жартылай өткізгіштер физикасы, түзеу емес құбылыстар, электорника мәселелеріне арналған 40-тан астам ғылыми жұмыстары жарық көрді. Еңбектерінің көпшілігі шет елдердің физика саласындағы журналдарында, ғылыми жинақтарында жарияланған. АҚШ, Германия, Жапония, Франция және басқа елдерде өткізілген халықаралық конференцияларда, симпозиумдарда бірнеше дүркін баяндамалар жасады. Өзі зерттеп жүрген физика саласы бойынша шетел мамандары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Жәрекешев И.Қ. ТМД елдерінің ғылыми орталықтарымен, Гамбург (ГФР), Флорида (АШҚ) университеттерімен шығармашылық байланыс жасап, халықаралық ғылыми жобаларды дайындауға қатысты. Ол Америка физика қоғамының, неміс физика қоғамының мүшесі, халықаралық Сорос қорының жүлдегері (1993).