Әйтпенбетова-Байбосынова Гүлжан Жанғожақызы

     (1965 Қалданбек ауылы)-ғалым, экономист, ұстаз. Жарқамыс орта мектебінде оқыды. Ақтөбедегі №6 мектепті, Алматы теміржол транспорты инженерлері институтын бітірді. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмед Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде программалаушы болып еңбек жолын бастады, қазір осы оқу орнының экономика кафедрасында оқытушы. 2002 жылы Әйтпенбетова Г.Ж."Нарықтық қатынас кезіндегі Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасын дамыту тенденциясы" тақырыбында диссертация қорғап, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.