Әбдірахман Нұрлыбаев

                                
 Аумағы алты миллион гектар жерді алып жатқан Байғанин ауданының даңқын асырып, осынау өлкенің қадір қасиетін көпке әйгілеп жүрген азаматтарын аудан халқы әрдайым орынды мақтаныш етеді. Әбдірахман Нұрлыбайұлы Нұрлыбаев та жерлестерінің ыстық ықыласына бөленген, есімі бүкіл Қазақстан халқына мәшһүр ғалым.
   Нұрлыбаев Әбдірахман Нұрлыбайұлы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында туған, Алға қаласының орта мектебін бітірген және бастапқы еңбек жолын (1934-1946) осында бастады. 1951 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің геология факультетін бітірген. 1948-1955 жылдары Өзбекстан, Қырғызстан, Батыс Қазақстан геологиялық басқармаларында инженер-геолог кейін геология барлау партияларының бастығы болып қызмет істеген.1956-1958 жылдары Қазақ ССР Ғылым Академиясының геология институтының аспиранты. 1961 жылы кандидаттық, ал 1971 жылы докторлық диссертация қорғаған. 1958-1972 жылдарда осы институттың кіші және аға ғылыми қызметкері болған, 1973 жылдан бастап лаборатория меңгерушісі жеңіл металдар геологиясы, ал 1980-1995 жылдары петрология бөлімінің және магматикалық формациялар лабораториясының меңгерушісі, 1996 жылдан бастап петрология және литология лабораториясының жетекшісі. 
      1974 жылы Ә.Нұрлыбаев Қазақ ССР Жоғары Советінің Грамотасымен, ал 1987 жылы Құрмет Грамотасымен, Ұлы Отан соғысының 1941-1945 жылдарында үздік еңбегі үшін, 1995 жылы Жеңістің 50 жылдығы және «Еңбек ветераны» медальдарымен наградталған. 1983 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. 1996 жылы минералды ресурстар Академиясының академигі болып сайланды.
Ә.Нұрлыбаев геология ғылымдарының күрделі салалары магматикалық геология мен петрология ғылымдарынан шыққан тұңғыш Қазақ Совет ғалымы, ғылым докторы; мұнымен қатар оның ғылыми еңбектері Геология ғылымдарының, минерология, геохимия және минерагения салаларында терең қамтиды, ғылымның айтылған салаларында 300-ден аса ғылыми еңбектері жазылған, оның ішінде 10 монографиясы: «Солтүстік Балхаш аймағының палеозой дәуірінің интрузивтер комплексі», Алматы, 1963; «Қазақстанның сілтілі тау жыныстары және олардың пайдалы қазбалары», Алматы 1973 (ғылыми-көпшілік); «Қазақстанның сілтілі тау жыныстарының минерологиясы», Алматы 1976; «Оңтүстік Торғай ойпатымен Солтүстік ұлытау өлкелерінің геологиясымен пайдалы қазбалары», 2 томнан тұрады, Алматы, 1984 жыл. Солтүстік Қазақстанның Геологиясы (І том), Солтүстік Қазақстанның магматизмі (2 том) 1987-1988 жылдары, тағы да басқалары.
Ғалымның күрделі ғылыми еңбектерінің тұжырымды зерттелуінің арқасында түсті металлургия, химия, құрылыс және басқа да өндірістерге керекті шикізат қорлары бола алатын нефелин-лейцит, алунит, коалинит, кианит, дала шпаттары, дюмортьерт тағы да басқа жоғары глиноземді және геотехногендік кендері, оған қоса көптеген сирек кездесетін металдар кен көздері ашылып отыр. Оларға перспективті геологиялық – экономикалық баға берілді.
    Пайдалы кендерді зерттейтін ілімге де ғалымның қосқан нақтылы еңбектері де бар, оның ішінде алюминий кенінің рудалы формациясын талдап жіктеу, системаға келтіру, оларды өндірісті-генотипке бөлу, әсіресе бокситемес кендердің (нефелин-лейцит рудалары, каолиндер, кианиттер, мусковиттер, геотехногенді кендер т.б.) экономикалық орнын көрсету, өндірісте қалай игеру үшін әрқилы технологиялық әдістерді ұсынады, және ол кендердің халық шаруашылық мүддесіне комплексті пайдалануын көрсетті, тиісті мекемелерге тұжырымды ұсыныс берілді.
Айтылған ғылыми саладан басқа да ғалым отыз бес жылдан аса уақыт (1965 жылдан бастап) асыл тастар геологиясымен минерагениясына арнады, оның ішінде өте қымбатты және техникаға мұқтажды алмас тасына көптеген көңіл аударды.
   Осындай көп жылғы ізденіс пен зерттеудің арқасында республикамыздың көптеген өлкелерінде алмас кен көздерінің бар екені олардың келешекте Қазақстан экономикасына тигізетін әсері мол екені және геология-петрологиялық, минералогиялық құрылыстарымен өзгешеліктері дәлелденді. Бұған қоса тыңғылықты ізденудің нәтижесінде 1965-1968 жылдары Мемлекеттік архивтен тұңғыш рет алмас кендері жөнінде 1925-1926 жылдары жазылған мәлімдемені (заявканы) тапқаны өз алдына бір тарих...
Ғалым өзі таңдаған жер зерттеу ғалымдарымен қатар экология мен экономика мәселелеріне де көптеп көңіл бөлді.
    Ғалым негізгі ғылыми қызметімен қоса көптеген ғылыми ұйымдастыру жұмысын жүргізді: ол ТМД Межведомстволық Петрография Комитетінің мүшесі, Қазақстан петрографиялық Советінің председателі (1980-1988ж.) Қазақ ССР Ғылым Академиясы Президиумы жанындағы ғылыми кеңестердің мүшесі, Орта Азиялық және Батыс Сібір Петросоветтерінің мүшесі (1980-1991 ж.), көптеген мамандалған ғылыми Советтердің мүшесі, оның ішінде бір Советтің төрағасы. Қазақстан Республикасы Геология Министрлігінің петрология саласындағы жетекшісі (куратры). Ғылыми редакцияның мүшесі. «Қазақстан Республика Ғылым Академиясының Хабарлары» журналының редакция алқасының мүшесі (1974-1989 ж.) т.б., халықаралық, бүкіл одақтық және республикалық конгресстерге, кеңестерге ойдағыдай өтуіне, күрделі баяндамалармен жұмыла ат салысады. Жас ғылыми мамандар дайындауда да, тікелей көптеген үлес қосты.