Тәжібаев Б.
Кел, дос болайық: Мектеп сахнасына арналған шағын пьесалар .- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1963 .- 40 б.
Бұл кітапқа мектеп сахнасына лайықталып жазылған «Әй, Әнипа-ай!», «Ойлану керек екен», «Кел, дос болайық» т.б. пьесалар жинақталған.
Тәжібаев Б.
Тәжібаев Б.
Балбұлақ: Өлеңдер.-Алматы: Жазушы,1969-84 б.
Ақын Бәкір Тәжібаевтың «Балбұлақ» атты жинағына біраз жылдан бері жазған лирикалық өлеңдері енді.
Сонымен қатар бұл кітапта ақынның ел арасында айтылып жүрген ән текстері мен «Ана жүрегі» дастаны бар.
Тәжібаев Б.
Жүріп келем: Өлеңдер, әндер .- Алматы: Жазушы, 1976 .- 80 б.
Ақын Бәкір Тәжібаев «Жүріп келем» атты жаңа жинағында өскен елге, туған жерге, адал жарға деген жүрек сезімін, ыстық махаббатын шабыттана жырға қосады.
Жинақтың екінші бөлімі түгелдей ақынның көпшілік сүйіп айтатын ән өлеңдерінен құралған. Бәкір Тәжібаевтың бұл кітабы оқушы қауымның да, ән құмар жастарымыздың да көңілінен шығады деп сенеміз.
Сахна жұлдызы .- Алматы: Жалын, 1977 .- 104 б.
Бәкір Тәжібаевтың бұл кітабына қазақ өнер шеберлері жайлы жазылған портрет-очерктері енді.
Одақ көлемінде орындаушылық шеберліктерімен танымал әнші-актерлердің творчествосы мен өмір жолындағы қызықты деректерге құрылған кітап жеңіл оқылады.
ілінен шығады деп сенеміз.
Жыр – жолаушы: Өлеңдер .- Алматы: Жазушы, 1982 .- 80 б.
Ақын Бәкір Тәжібаевтың «Жыр – жолаушы» атты бұл кітабына соңғы жылдары жазылған өлеңдері енді. Жинақ үш бөлімнен тұрады. Бәкір жырлары негізінен ткған жер, өскен ел, достық, махаббат тақырыптарын қамтиды. Сонымен қатар ақын өнер туралы да толғаныс-ойларын ортаға салады.