Дүйсенов Қуандық

                                                      
(4.04.1940, Байғанин ауданы, Баршақұм ауылы – 16.03.1994, Ақтөбе қаласы) – ғалым, дәрігер, медицина ғалымдарының кандидаты, профессор. Ақтөбе медицина институтын, осы институттағы жұқпалы аурулар кафедрасының клиникалық орденатурасын (1965) бітірді, Ленинградтағы әскери – медициналық академиясының эпидомиология кафедрасында оқыды, Орталық дәрігерлер бөлімін жетілдіру институтының аспирантурасын бітіріп, 1971 жылы медицина ғалымдары кандидаттығына дессертация қорғады. 1971 – 1983 жылдары Ақтөбе медицна институтындағы жұқпалы аурулар кафедрасында ассистент, доцент, 1983 жылдан кафедра меңгерушісі болды. 1989 жылы институттың емдеу жұмыстары жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалды. Ғылыми басылымдарда 52 еңбегі жарияланды, 5 рационализациялық ұсынысы бар. Негізінен бруцеллез ауруларын емдеу жолдарын іздестіру жөнінде еңбектенген.
Әдебиеті: Ақтөбе энциклопедиясы.
А. 2002. 381 – бет.