(30.10.1951 қазіргі Қызылбұлақ селолық округі, Байғанин ауданы) – ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты. 1967 жылы Жарқамыс орта мектебін, 1973 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің механика-математика факультетін бітірді. 1973-75 жылдары КСРО Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарды. 1975-1990 жылдары Қазақ ССР Геология Министрлігінде, Минералды Шикізаттар ғылыми-зерттеу институтының «Геологиядағы математикалық әдістер» лабораториясында инженер, аға ғылыми қызметкер болды. Осы кезде Алматы, Таллин, Рига, Москва, Ташкент, Новосибирск қалаларында өткен ғылыми конференцияларда баяндамалар жасап, 30-дан астам ғылыми мақалаларын Кеңес Одағы мен шет ел басылымдарында жариялады. 1990 жылдан бері ғылыми-педагогикалық қызметте. 1990-1995 жылдары Қазақ Ұлттық техникалық университетінің жоғары математика кафедрасында аға оқытушы, доцент, 1995 жылы Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесінде ұстаздық етті, 1996 жылдан бері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің инженерлік-техникалық факультетіндегі жалпы техникалық пәндер, Еңбек және ғылым-жаратылыстану пәндері кафедраларын басқарды. Қазіргі уақытта математикалық модельдеу және жаңа ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі. Б.Жәумітовтың ғылыми жетекшілігімен студенттер мен мектеп оқушылары әр түрлі ғылыми конференцияларда баяндама жасады. 2000-жылы оның ғылыми жетекшілігімен екі мектеп оқушысы республикалық «Қолданбалы математика жобалары» жарысында жүлделі орын алды. Б.Жәумітов елуден астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың, бір оқу құралының авторы.