Асаров Әзімбай

                  
                                                                          
(23.01.1942, Қарауылкелді селолық округі, Байғанин ауданы). –көрнекті қазақ философы, ғалым, философия ғылымдарының докторы. Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектебінде, №163 Байғанин ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесінде оқыды. 1961 – 1966 жылдары «Казсельхозтехника» бірлестігінің Қарауылкелдідегі бөлімшесіндегі шеберханасында токарь – тегістеуші болып жұмыс істеді. 1966 – 1971 жылдары М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінде оқып, оны бітірген со Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында оқытушысы болды. 1977 жылы МГУ дің аспирантурасын бітірді. «Әлеуметтік болжамның методологиялық мәселелері» тақырыбында диссертация қорғап, философия ғылымдарының кандидаты атағын алды. Бұдан соң Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының кафедра меңгерушісі (1978 – 1986) қызметін атқарды. Қазір С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ректоры. 1999жылы «Әлеуметтік қажеттіліктер теориясының логикалық  - методологиялық мәселелері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Асаров Ә. - әлеуметтік қажеттіліктер мәселелерін зерттейтін жаңа ғылыми бағыт – узология саласында күрделі еңбек жазған қазақ ғалымдарының алғашқыларының бірі, ол ғылымның бұл саласын жетілдіріп, дамытуға атсалысты, узологияны дербестеуді және оның пәнін, концептуальдық – ұғымдық аппаратын ұсынды, қажеттілік теориясының бірқатар жаңа ұғымдарын (узопатология, узогенез, узометрия, узопетия, узопатология, этноузология т.б.) анықтады. Ғалымның 40 тан астам ғылыми мақалалары Москва, Ленинград, Алматыда шығатын журналдарда жарияланды. Асаров Ә. – «Узология қажеттілік теориясы ретінде» атты монография жазды. Асаров Ә. – бірқатар қоғамдық жұмыстар да атқарды, 1991 – 1994 жылдары Ақтөбе қалалық кеңесінің депутаты болып сайланды. Ол «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталды.