Бекниязв Бекболат Бектұрұлы

                                  
(20.05.1946 – Жарқамыс с. Байғанин ауданы) – музыка маманы, ғалым, педагог. Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектебін (1965), Шымкенттегі Әл – Фараби атындағы мәдениет институтын (1973) бітірді.
1973 – 1988 жылдары Ақтөбе педагогтік училищесі музыка бөлімінің меңгерушісі болды. 1988 жылдан 1998 жылға дейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогтік институтында аға оқытушы, музыка факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды. 1998 жылдан осы оқу орнындағы музыка кафедрасын басқарады. Доцент. Москва мемлекеттік педагогика институтында, Алматы мемлекеттік қыздар педагогика институтында музыка теориясы дәне әдістемесі кафедраларында ғылыми – ізденуші болды, 2001 жылы «Педагогикалық практика барысында болашақ музыка мамандарының ұйымдастырушылық іскерлігін қалыптастыру» тақырыбы бойынша диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болды. Музыка пәні мұғалімдерінің әдістемелік – ұйымдастырушылық жұмысын жетілдіру жөнінде республикалық, халықаралық ғылыми конференцияларда баяндамалар жасап, ғылыми басылымдарда 16 мақала жариялады. ТМД елдеріне белгілі музыка мамандары, ғалым – академиктер Д.Б.Кабалевский, Э.Б.Абдуллин және басқаларынан дәріс, ғылыми бағыт алды.